Пайдалы қазбалар

Түсінік хат
Дүниетану мен информатика пәні бойынша өткізілген кіріктірілген сабақта оқушыларға пайдалы қазбалар туралы мағлұмат бере отырып, ақпараттық технологияның мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылды. Оқушылар MS PAINT бағдарламасы арқылы сурет салып сызба жұмыстарын жасады. Интерактивті тақтамен жұмыс істеді. Пайдалы қазбалар туралы білімдерін ақпарат әлемінен (интернет, баспасөз, энциклопедия) және қоршаған ортадан қажетті мәліметтермен толықтырды. Өз өлкеміздегі пайдалы қазбалар коллекциясы көрсетілді, жергілікті жер картасымен жұмыс жасалды, аймақтық компонент материалдар кеңінен пайдаланылып, бейнематериал көрсетілді. Оқушылардың өз өлкесі жайлы бастапқы зерттеу жұмыстары тыңдалды. Проблемалық ізденіс, эвристикалық әдістер қолданылды. Оқушылар сабақта белсенді, қызығушылықпен жұмыс істеді. Сабақта «Модульдік технология» мен «СТО жобасы» стартегиялары жүйелі пайдаланылды. Алған білімдерін тестілеу бағдарламасы (бағдарлама-тестировщик) бойынша қорытындылап, оқушылар білімі рейтингтік жүйемен бағаланды.
Қазақстан Республикасы
Білім және Ғылым министрлігі
Кіріктірілген сабақ
Дүниетану және информатика
Тақырыбы: «ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР»
3 сынып
Бастауыш сынып
мұғалімі:
Сасбаева Құндыз
Рысбекқызы
ШҚО, Зайсан ауданы, Қаратал орта мектебі мемлекеттік мекемесі, 24-790
kundizsasbaewa@mail. ru
Сыныбы: 3 сынып
Тақырыбы: Пайдалы қазбалар.
Мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға еліміздегі, өз өлкеміздегі пайдалы қазбалар туралы мағұлмат беру. Оларды өндіру жолдары мен пайдасы туралы бастапқы білімін қалыптастыру. MS POWER POINT бағдарламасы арқылы сурет салып, сызба жұмыстарын жүргізу тәсілдерін үйрету.
Оқушының міндеті:
Оқушылар өздерінің байқаған, бақылаған білімдерін көрсетеді. Алған білімдерін жүзеге асырады, қолданады. . MS POWER POINT бағдарламасы бойынша сурет салып, сызба жұмыстарын жүргізеді.
Дамытушылық:
Оқушылардың танымдық қабілеттерін, ой-өрісін кеңейтіп, табиғатты бақылай және бағдарлау, ойларын тұжырымдай білуге дағдыландыру. Оқулықпен, компьютермен, интерактивті тақтамаен жұмыс жүргізу дағдыларын жетілдіру.
Оқушының міндеті:
Оқушылардың табиғатты бақылау дағдысы, қабілеті артып, таңғажайып ғылым саласына шығармашылық ізденісін дамытады. Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдаланады.
Тәрбиелік:
Қоршаған ортаға үлкен жауапкершілікпен қарау, табиғатты қорғауға және аялауға тәрбиелеу. Жас ұрпақты қоғам талаптарына сай, ақпаратты технологияны меңгерген бәсекеге қабілетті, болашақ өмірге бейімдеу.
Оқушының міндеті:
Оқушы ақпарат әлемінен және қоршаған ортадан қажетті мәліметтерді алып, танымдық деңгейін кеңейтеді. Зерттеу қабілеттерін жетілдіреді.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Қолданылатын жаңа технология : М. М. Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы»,
СТО жобасы
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер : талдау-жинақтау, сұрыптау, бақылау-бағалау, диагностика, эксперимент, модельдеу.
Стратегия : болжау, ББҮ, ДЖИГСО-1
Сабақты ұйымдастыру формасы: жеке, топтық, ұжымдық.
Пәнаралық байланыс: информатика, ана тілі, бейнелеу өнері, музыка, география.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер : сызбалар, слайд, ТСО, үлестірмелі карточкалар, оқулық энциклопедиялар, хрестоматия, фотожинақ, ҚР картасы, ШҚО картасы, жетондар, бағыттық беттер.
Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар : компьютер, проектр, интерактивті тақта, маркерлер, құжаттық бейнекөрсеткіш.
Қызығушылықты ояту
а/ Ұйымдастыру
психологиялық дайындық
Әуесқой композитор Қ. Жағыпаров
«Зайсаным-Жайсаңым»
Ой қозғау
Жоба қорғау
Сұрақ:
- Қандай үйде тұрғыларың келеді?
- Қандай фигураларды пайдаландыңдар
- Қандай табиғи материалдарды пайдаланар едіңдер?
Жеке, топпен, ұжымда.
PАINT бағдарламасында үйдің суретін салу.
Геометриялық фигуралар:
Оқушылар жауап береді.
Бейнелеу өнері, информатика
математика
Мағынаны ажырату
Сұрақ:
Пайдалы қазбалар туралы не білеміз?
б/ пайдалы қазбалар коллекциясы
в/ бейнекөрсеткішпен жұмыс (док. камера)
Коллекцияны пайдалана отырып білгенін, білгісі келетінін ортаға салады. Жеке, топпен, ұжымда.
Бақылайды, бағалайды.
г/Дидактикалық ойын
Оқулықпен жұмыс
Оқушылар пайдалы қазбалар туралы оқулықтан бір-біріне түсіндіреді, талқылайды, ізденеді,
Жеке, топпен, ұжымда.
Сұрақ:
Күнделікті өмірде, тұрмыста қай пайдалы қазбаны көбірек қолданамыз?
Жауабын шешеді.
Жеке, топпен, ұжымда
Пайдалы қазбаларды анықтайды. Интерактивті тақтамаен жұмыс жасайды
Жеке, топпен, ұжымда.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz