Әнші балапан: №21 орта мектептің 1-сынып оқушылары арасындағы ән байқауы, Жаңаөзен қаласы, 2014-2015 оқу жылы


КЕЛІСЕМІН БЕКІТЕМІН

Мектеп басшысының мәдени Мектеп басшысының тәрбие

жөніндегі орынбасары жөніндегі орынбасары

М. К. Умирбекова А. О. Молдабекова

«__»2015 ж. «__»2015 ж.

(Ән байқауы)

1 сыныптар

Өткізген: Т. У. Таймаганбетова

Жаңаөзен қаласы

2014-2015

Тақырыбы: Әнші балапан

Мақсаты: Білімділік: оқушыларға әннің қадірін, әнді мәнерлеп айту қабілеттерін және әннің мағынасы мен мәнін түсіндіру.

Дамытушылық: оқушылардың сахналық мәнерді, мәнерлеп сөйлеуді, өлеңнің қадірін түсінуді және өлең айту жолдарын дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды өлеңді ұғынып, өлең жолдарын түсініп айтуға, халқымыздың өлеңдердегі сөздердің мағынасын ашуға тәрбиелеу.
Құрметті көрермендер, ұстаздар, оқушылар. №21 орта мектептегі 1 сынып арасында өтетін «Әнші балапан» байқауына қош келдіңіздер. Байқауға қатысатын өнерпаздарымызбен таныс болыңыздар.

1 «А» сынып оқушысы Жамбыл Жанел

1 «Ә» сынып оқушысы Дурдыгыличова Нұрай

1 «Б» сынып оқушысы Жұмабай Мағжан

1 «В» сынып оқушысы Амангелдиева Әсия

1 «Г» сынып оқушысы Қартжан Аяулым

1 «Ғ» сынып оқушысы Мұфтоллаева Айша

1 «Д» сынып оқушысы Байдулла Нұржайна

1 «Е» сынып оқушысы Нұрмұратова Ақбота

1 «З» сынып оқушысы Жолаева Құралай

1 «Ж» сынып оқушысы Рахметова Аяулым

1 «И» сынып оқушысы Нұржаубай Ақторғын
1-жүргізуші:
Көңілдері марқайып бір қалсыншы
Өнерпаздар шырқап әнге салсыншы.
2-жргізуші:
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздегі береке мен тыныштық мәңгі жасасын. Иә қазақ халқы өнерді жоғары бағалап, оларға ерекше құрмет көрсеткен. «Сал сері» деген атаулар беріп ыстық ықыласқа бөлеген.
1-жүргізуші:
Олай болса тұрмайық байқауымызды бастайық.
2-жүргізуші: Сахнада ән сап жүреді
Жанелді бәрі біледі
Қазіргі бізге тартуы
Әсем ән «»
«» әнімен 1 «А» сынып оқушысы Жамбыл Жанелді қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші:
Бал дәуренім тәтті балдай

Отаным менің әсем қандай
2-жүргізуші Еркін елім еркелеткен
Мен қызымын жазық маңдай деп келесі кезекте 1 «Ә» сынып оқушысы Дурдыгыличова Нұрайды «Ертегілер» әнін қарсы алыңыздар.
1- жүргізуші:

Мұңға батқан жүректі ән оятар
Тәтті үннің әсері жан оятар
2-жүргізуші: Жанға қуат жүрекке шаттық сыйлап

Сағыныштан кеудеме келеді өксік дегендей
1 «Б» сынып оқушысы Жұмабай Мағжанның «Жаса Қазақстан» әнін қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші: Ертең-ақ мен ержетіп
Әнші ағадай боламын
2-жүргізуші: Үлгі тұтып жақсыны
Менде әнге саламын
Дей келе 1 «В» сынып оқушысы Амангелдиева Әсияның «Қасиетті домбыра» әнімен қарсы алыңыздар.
1- жүргізуші:
Орындап ата-ана өсиетін
Баламын жасы үлкенге бас иетін
2-жүргізуші: Паш етем ер жеткен соң бар әлемге
Жаңарған нағыз қазақ қасиетін деп 1 «Г» сынып оқушысы Қартжан Аяулымды «Қошақаным» әнімен қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші:
Қазақ халқында әншілік, бишілік, сазгерлік, ақындық қасиеті тоғысқан сегіз қырлы бір сырлы жандарды «өнерлі» деп атаған. Ендеше осы өнер қайдан шығады.
2- жүргізуші:
Сен бір нәрсені айтпай тұрсың. Қазақта «Асыл тастан, өнер жастан» деген мақал бар. Қай өнер болса да жастайынан машық болу керек. Әрине бар. Ендеше сахнаға 1 «Ғ» сынып оқушысы Мұфтоллаева Айшаны «Құттықтаймын мама, туған күніңмен!» атты әнімен қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші. Әрбір ғажап әлемге арнап
Әсем бір ән айтайын - дей келе 1 «Д» сынып оқушысы Байдулла Нұржайна «Анашым» әнімен қарсы алыңыздар.
1- жүргізуші:
Уа, туған жер, дариға алтын бесік
Жүрегім дүрсілдейді атыңды естіп
2-жүргізуші: Бір шумақ саған арнап ән жазбасам
Сағыныштан кеудеме келеді өксік дегендей
1 «Е» сынып оқушысы Нұрмұратова Ақботаны «» әнін қарсы алыңыздар.

1- жүргізуші:
Ауылымның аңсаймын таңғы жұпар ауасын
Шаршағанда жаныма өзің ғана дауасың
2-жүргізуші: Жас дәуірдің түлегіміз
Ана деп соққан жүрегіміз
Әрқашанда аман бол,
Осы біздің тілегіміз - дей келе сахнаға «Ана» әнімен1 «З» сынып оқушысы Жолаева Құралайды қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші:
Достық, достық жасасыншы мәңгілік
Достықты жүрейік тек ән қылып

2-жүргізуші:

Татулық пен достық біздің Отанды
Жарастырсын бейбітшілік сән құрып
Сахнада 1 «Ж» сынып оқушысы Рахметова Аяулым « Ақ мамам» әнімен қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші:

Өз елім өлеңім, де өнерім де
Бақытты, қайтпас қайсар өр елімде

2-жүргізуші:
Еліме арнап бар ғұмырымды
Шаттанып жүрейін тек өз елімде 1 «И» сынып оқушысы Нұржаубай Ақторғынды «Жас дәуірдің түлегі» әнімен қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші: Әділ қазы алқалары дайын болғанша 1 «В» сынып оқушыларының биін тамашалаңыздар. Флешмоб биі.
2- жүргізуші:
Енді «Әнші балапан» байқауының жеңімпазын анықтау үшін ортаға әділқазы алқаларын шақырамыз. Әділқазылар ең жақсы ән орындаған оқушыны айтып марапаттап, сыйлықтар үлестірді.


Ұқсас жұмыстар
№21 орта мектептің 8-сыныптары арасындағы Жаңа жыл 2015 мерекелік кешінің сценарийі, Жаңаөзен, желтоқсан 2014
М. Әбдіхалықов атындағы орта мектептің 2014-2015 оқу жылы 6-9 сыныптар арасындағы Әлем тілдері сөйлейді сайысы
Орал қаласы №1 жалпы орта білім беретін мектептің 2014-2015 оқу жылғы бастауыш сыныптар апталығы Білім бастауы: жоспар және қорытынды
№19 орта мектептің 2014-2015 оқу жылы Толағай сайысын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектептің 2014-2015 ж. 7-сынып оқушылары арасындағы физика-астрономия сайысының өткізу жоспары
№50 орта мектептің сыныптан тыс әдеби-танымдық кеші Адам болам десеңіз 2014-2015 оқу жылы
Информатикалық калейдоскоп: О.Исаев атындағы жалпы орта мектептің сыныптан тыс білімдік сайысы (2014-2015 оқу жылы)
Аққала орта мектебі (2014-2015 оқу жылы) VII сынып қыздары арасындағы Көрікті көктем аруы сайысының өткізу сценарийі
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы мектептің 10-сынып оқушылары арасындағы Дарабоз интеллектуалдық сайысының кезеңдері мен сұрақтары (2015-2016 оқу жылы)
Жаңаөзен қаласы №7 орта мектептің мектепалды даярлық тобының қорытынды сабағы: Не білдік? Не үйрендік?
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz