Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Біз бақытты ұрпақпыз!


Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы
Қ.И. Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі

(Концерттік бағдарлама)

7 «А» сынып
жетекшісі: Кожахметова Кымбат
Бодыковна

Жезқазған, 2009ж
Тақырыбы: «Біз бақытты ұрпақпыз!»

Мақсаты: Жасөспірімдерді өз Отанын қорғауға, туған еліне мекеніне деген
сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыруға, Отанының нағыз патриоты болуына
және халықтар достығын құрметтей білуге тәрбиелеу. Ана тілінің маңызы мен
қоғамдағы орны, жас ұрпақтың ана тілінің қадір –қасиетін түсіне білуін,
сүйе білуін арттыру, балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға және
қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Оқушыларды тіл мәдениетін сақтай білуге, тіл тазалығы үшін күресе
білуге, сөз өнеріне баулу. Оқушылардың тілін, ой-өрісін дамыту. Ата-баба
мұрасына адалдықа және оны жалғастырушы болуға баулу.

Тәрбие сағатының түрі: концерттік бағдарлама.

Барысы:
1- жүргізуші:
Бәрі болған қазақ сынды көне елде,
Әр белгі де, ерлік, өрлік өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді,
Ту болмаған дегенге?!

2- жүргізуші:
Барша халық таныған,
Біздің үміт, тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернер жүректі.

1- жүргізуші:
Жеңіс туын көтерген,
Жарыстарда сан қилы.
Жетіп бізге шет елдің,
Көкке әнұран шалқиды

2- жүргізуші:
Шәмші атаның сазды үні,
Жігер беріп қайратты.
Бәрімізді мәз қылып,
Жаңғыртады аймақты.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалсын!

1- жүргізуші: Армысыздар қадірменді ұстаздар және оқушылар қауымы!
22 - қыркүйек Қазақстан Республикасы тілдері күніне орай, тұспа-тұс
келіп отырған Рамазан айының Ораза айты қабыл болсын! Аталған ұлы
мерекелерге орай, қаламыздағы Қ.И. Сәтбаев атындағы № 7 мектеп-лицейінің 7
«А» сыныбының және мектеп-лицей өнерлі оқушыларының ұйымдастыруымен «Біз
бақытты ұрпақпыз!» атты мерекелік бағдарламамызды ашық деп жариялаймыз!

1- жүргізуші: Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін–келбеті,
болмысы деуге болады. Халықтың тарихта қалуы тіліне, тілінің сақталуына
байланысты.
2- жүргізуші: Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана
тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел– өз алдына
мемлекет болып өмір сүре алмайды.
1- жүргізуші: Дұрыс айтасың, ____________! Дүниедегі барлық халық
тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін
ұмтылады.
2- жүргізуші: Сондықтан, кез- келген мемлекет өзінің салт – дәстүрін,
ана тілін айрықша қорғайды.
1- жүргізуші:
Домбыралы, кернейлі,
Өнерпаздар, алға шық,
Мерекеміз мерейлі,
Кетсің күйге жалғасып.

Ән: «______________________________».
Орындайтын: ___________________________________.
Қабыл алыңыздар!
1- жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі– қазақ тілі.
Қазақ тілі – қазақ халқының тілі. Оның негізгі мекені – Қазақстан.
1- жүргізуші: 22- қыркүйек Қазақстан Республикасы тілдері күні
бәріміздің мейрамымыз. Тілді қастерлеу ізгілік пен мәдениеттілік белгісі.
2- жүргізуші:
Қазақ тілі – туын биік ұстаған,
Қазақ тілі – кең далама ұқсаған.
Қазақ тілі – мәртебелі, еңселі,
Құрметтеп отыр бүгін ел сені!

1. - жүргізуші: Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Себебі, әр ұлттың
тілі – оның бақыты, тірегі.
1. - жүргізуші: Ендеше, еліміздегі әр ұлттың өнеріне тәнті болайық.
▲ Қазақ халқы:
Сәулет:
Қуан халқым, күшіне енді Тіл заңы,
«Сүйінші» деп ақын ұлың жырлады.
Ел елдігі бағаланар тілменен,
Сол арқылы құлпырады гүл бағы.

Салтанат:
Ана тілім жүрегісің анамның,
Жүрек ана, мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.
Әсел:
Ана тілім – ар–намысым, ардақтым,
Көкірегімен өзің алғаш шам жақтың.
Өзіңменен ақыл–ойым өрістеп,
Қиялымды қияларға самғаттым.

Мөлдір:
Ана тілім – атамұрам, қымбаттым,
Өзің алғаш ана әлдиін тыңдаттың.
«Ата» дедім тұңғыш рет быдырап,
«Құлыным» деп әкем сен де үн қаттың.

Аслан:
Қасиеттім! «Ана» атымен аталған,
Сен арқылы аталардан бата алған.
Сенен ұғып өсиетін Абайдың,
«Атамекен», «туған ел» деп ән салған.

1- жүргізуші: Ән: «____________________». Орындайтын Әбдіқалықов Еркебұлан.
(Ән орындалады)
___________________________________________________________________________
__
____________________________________________________________________________
_
2- жүргізуші:
Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
«Нағыз қазақ - қазақ емес,
Нағыз қазақ – домбыра!» демекші, халқымыздың дәстүріне кезек
берелік!

Күй: «___________________________», орындайтын
_____________________________
(Күй орындалады)

1- - жүргізуші:
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

Қазақ биі: __________________. Орындайтындар:
______________________________

Күй: «___________________________», орындайтын
_____________________________
(Күй орындалады)

2- - жүргізуші:
Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

1-жүргізуші: Қазақ тілі халқымыздың бай мұрасы.
2- жүргізуші: Иә, тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі,
құдыретті. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп қалыптасады.
1- жүргізуші: Тіл байлығы -әр елдің мақтанышы. Ол атадан балаға мирас
болып қалған баға жетпес мұра. Сондықтан да әр адам ана тілін қадірлеуге
міндетті.
Жасай бер, достық тілі- қазақ тілі.

2- жүргізуші: «Әннің де естісі бар есері бар», - демекші, келесі әсем
әнімізді ұсынамыз.

Ән: «___________________________». Орындайтын:
_________________________.

Ән: «___________________________». Орындайтын:
_________________________.

1- жүргізуші: Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана
тілі бар. Ана тілдерін сақтап қалуда, әрі дамытуда елімізде көптеген
ұлттық орталықтары да бар.
2- - жүргізуші: Ақпыз, сары, қарамыз,
Бәріміз де біргеміз – демекші, ортада орыс
халқы.
Ақбота: Дружба народов – не проста слова,
Дружба народов - навеки жива.
Дружба народов - счастливые дети,
Колос на ниве и сила в расцвете.
Амангелді: Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәріміз де баламыз.
Бір қалада тұрамыз
Бір мектепке барамыз.
Біз жас ұлан тең басқан,
Дос құшағын елге ашқан
(Хормен екі оушы): Тілегіміз бейбіт күн,
Ашық болсын кең аспан.

1. - жүргізуші: «Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй», - деп Абай атамыз
айтқандай, назарларыңызға
Күй: «___________________________», орындайтын
_____________________________
(Күй орындалады)
2- жүргізуші:
Өлең - ақын шабыты толмайтұғын,
Өлең – ақын қанаты талмайтұғын.
Жақсы өлең жүректің дәруі ғой,
Жан-жүйеңді елітіп шарлайтұғын.
Барлығы бірге сахнаға шығады.

1. _________
Көк аспанда көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен тек,
Елдің ашық қабағы.

2. _________
Ақ ниетті алтын күн,
Асқақ арман қыраны.
Жалауы бұл халқымның,
Мәртебесі, мақтаны!
3. _________
Елтаңба - тәуекел, ерліктің белгісі,
Елтаңба - кемелдік, кеңдіктің белгісі.
Елтаңба – өзге елмен теңдіктің белгісі,
Елтаңба – егемен елдіктің белгісі.
4. _________
Отанды біз Атамекен,
Деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.
5. __________
Отан деген – атамекен,
Отан деген – туған жер.
6. ____________
Отан – ана,
Отан – үлкен,
Қазақстан – туған ел! (хормен)

- жүргізуші:
«Біз кімбіз?»
Сахнадағы оқушылар: «Біз бақытты ұрпақпыз!»
2- жүргізуші:
- Біз – Тәуелсіздік тіректеріміз. Бүгінше біз оған тәртібімізбен, алған
жақсы баға, сапалы білімімізбен үлес қосамыз.
Ән: «The Happy song»
2- жүргізуші:
Ана тілің біліп қой.
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
- жүргізуші:
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалыңдатып, шарықтаңдар әрдайым!
Ән: «___________________________». Орындайтын:
_________________________.-

2- жүргізуші: Құрметті оқушылар және ұстаздар! Сіздерді
мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып: сіздерге мықты денсаулық,
ұзақ та бақытты ғұмыр тілейміз!
Естелікке мектеп-лицейіміздің атынан сыйлықтарымыздықабыл алыңыздар!
Ораза айтында, барлық ақ тілектер қабыл болсын!
1- жүргізуші: Осымен, бүгінгі «Біз бақытты ұрпақпыз!» атты кешімізді
жабық деп жариялаймыз! Тамашалағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды
білдіреміз!
Көп –көп рахмет сіздерге!

Ұқсас жұмыстар
Қазақстан – 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт-бағдары
Ұлы жеңіс
Сендер қарау ойнайсыңдар
Айгөлек бағдарламасы
АЙТУҒА ОҢАЙ ток-шоуыны
Түпқараған ауданы
АИТВ жұғатын жолдары
Талаптыға нұр жауар жайлы ақпарат
Қош, бастауыш!
Тігін бұйымдары
Пәндер