Сабыр түбі - сары алтын

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп Бітік орта жалпы білім беретін мектеп балабақшасы Мерзiм_ №22
Тақырып_Сабырлылық пен ұстамдылық
Құндылық__ тыныштық
Қасиеттер_сабырлылық, ұстамдылық, төзімділік, шыдамдылық, байсалдылық.
Мұғалiм Мирманова Толғанай Оқушылар саны 13
Сабақ мақсаты: Оқушыларға сабырлылық пен ұстамдылық қасиеттерін түсіндіре отырып, бұл қасиеттер адамның ішкі тыныштығын сезіне білуге ықпал ететінін түсіндіру.
Міндеттері:
- Оқушыларға «сабырлылық» пен «ұстамдылық» қасиеттерін ұғындыру.
- Оқушылардың «ұстамдылық» пен «сабырлылық» қасиеттерін дамыту
- Оқушыларды шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылар қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз) .
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз. . . бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. (Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады) .
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
Қандай сезімде болдыңыздар? Ойларыңызбен бөлісіңіздер.
- Үй тапсырмасын тексеру№22, «Сабыр түбі - сары алтын» атты аңыз әңгімені оқып, мәтін мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу, 78-79 бет
№21 дәптер бойынша 3-тапсырма 47- беттегі,
- Хан неліктен көрші патшалыққа өз шабарманын жібереді?
- Екі патша неге келіспей қалды?
- Патшалар келісімге келе алмағандықтан соңы неге ұласты?
- «Сабыр түбі-сары алтын» дегенді қалай түсінесіздер?
- Сабырлы болу қиын ба?
- Сабырлы, төзімді болу арқылы неге жетуге болады?
- Дәйексөз.
«Ұстамдылық -әдептің ұстазы, ұстамсыздық- әлектің нұсқасы»
Нақыл сөз
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?
(дәйексөзді бірнеше рет айтқызу)
- Әңгiмелеу
«Сиқырлы тас» ертегісі ( бейне көрініс) Талдау
- Балалар бұл ертегіден не байқадыңдар?
- Баланың келесі әрекетін айтыңдар, көңіл-күйі қандай болды?
3. Бала қай уақытта қорықты, неше рет ішкі тыныштығы бұзылды?
4. Сендерде сиқырлы тас тауып алсаңдар қандай көмек көрсетер
едіңдер?
- Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1. Сөзжұмбақ шешу
2. Мақалдардың кейбір сөздерін табу.
- Топпен ән айту.
«Біз үйде де, аулада сабырлымыз»
- Өз-өзіңді ұстай біл төзімді бол
Қызбалыққа салынбай шыдамды бол
Сабырлы да, ұстамды бола білу
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz