Сабақ жоспары :: Физика
Файл қосу
Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. паскаль заңы. Физика
Мусин Қалап Берниязович,
Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы
Алмаз орта мектебінің физика пәні мұғалімі
Сабақ тақырыбы: Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы.
Қатты денелердің қысымды бір бағытта, күштің әрекет ету бағытын-
да тарататынын, сұйықтар және газдардың қысымды барлық бағытқа бірдей жеткізілетінін түсіндіру. Паскаль заңы туралы түсінік беру.
Оқушыларды ғылыми ой қорытындылар жасай білуге
дағдыландыру, жаңылтпаш, жұмбақтар шешу арқылы ой-өрісін дамыту.
3. Тапқырлыққа, ұшқырлыққа, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет
Сабаққа қажетті құралдар: Паскаль шары, сорғы, әр жерінен тесілген доп, суы бар стакан, шприц, балалар шары, компьютер, слайдтар, видеопроектор.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.
Жұмбақтар:
Қылышпен шауып,
Турай алмадым.
Бір шайқап қалып,
Жинай алмадым.
(Су)
Шешесі - суда,
Әкесі – суық.
Көктемде өлер,
Күз күні туып.
(Мұз)
От қойсаң – жалын шығар,
Бос қойсаң – жаның шығар.
(Газ)
-Бірінші, екінші жұмбақтың шешулері судың қандай күйлері?
Қосымшадағы 5-кесте бойынша заттың әр түрлі күйлерінің қасиеттерін
қайталау.
Оқулықтағы 93-сурет бойынша кітаптың өзіне түсірілген қысымды бір
ғана бағытта (сыртқы әрекет күшінің бағытында ғана) тарататынын көрсету
Бірінші жұмбақтың физикалық мазмұнын түсіндіру.
Қылышпен шауып
Турай алмадым, яғни судың (сұйықтың) өз көлемін сақтайтындығы.
Бір шайқап қалып,
Жинай алмадым (аққыштық қасиеті)
Сұйықтың аққыштық қасиетін тәжірибе арқылы көрсету.
Ыдыстан төгілген сұйық тез жайылып кетеді.
Стакандағы судың бетін аздап үрлесек, ондағы су қозғалысқа келеді.
Өзендердегі су неғұрлым биік жерлерден төмендеу жерлерге ағады.
Ауаның қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін балалар ойнайтын резеңке шарды, қолдопты үрлеу кезде бақылау. Сұйықтар мен газдардың өзіне түсірілген қысымды барлық бағытта бірдей жеткізетінін Паскаль шары арқылы тәжірибе жасап көрсету.
ПАСКАЛЬ ЗАҢЫ:
Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі.
Паскаль заңына мысалдар; шикі, пісірілген жұмыртқаларды тир мылтығымен атқандағы құбылысты, су астындағы снаряд жарылысы (слайд арқылы).
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары бойынша (1-5, 136 бет)
Деңгейлік тапсырма: Паскаль шарының поршенін жоғары жағынан емес, бүйірінен әрекет ететіндей етіп орналастырып, тәжірибені қайталаса, нәтижесі өзгерер ме еді?
ІV. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Кубизм стратегиясын пайдалану.
Бұл сабақтың сұрағы
Көпшілікке ұнады,
Көп нүктенің орнында
Қандай шама тұрады.
Оқушылардың алдына кубик тасталады.
1.p=.../S; 2. ...= 9,8 Н/кг; 3. F = ...*g; 4. S= F/...; 5. m=...*V; 6. F=p*...;
2. Сергіту сәті.
Жаттауға жаңылтпаш,
Жас бала жалықпас
Жаңылмай айтуға,
Жасыңнан қалыптас
Асықпаңдар аптығып,
Ұшқалақтық - жат қылық
Әрбір сөзді саралап,
Шыңдалыңдар жаттығып
Жаңылтпаштар;
Өкшелеп қуып
Көшкен ауылды,
Өкпем өшіп
Өкшем ауырды
Тапсырма: Көшті қуып жүгіріп бара жатқан бала көп қысым түсіре ме? Әлде ол шаршап демалып тұрғанда көп қысым түсіре ме?
Бұлбұл-
Бұл бір әнші құс,
Бұлбұлдай болсын әншіміз.
Тапсырма: Бұлбұлға әрекет ететін ауырлық күші мен оның салмағын суретте стрелкамен көрсету керек (слайд арқылы)
Жұмбақтар:
Ақ қарда тек тұрмадым,
Қос тақтаймен зырладым
(Шаңғы)
Тапсырма: Сурет бойынша есеп құрастырып, шаңғыда тұрған баланың түсіретін қысымын табу керек.
«Оңға, солға оқып көр»
Оңға қарай, оқысаң,
Бірі кіші
Бірі ішті
Білдің шыны ыдысты
Солға қарай, оқысаң
Тұрқы жылқы,
Жалы бар
Қоян құлақ жануар
(Кесе-есек)
Тапсырма: Есектің массасын табу керек (оқушылар сурет бойынша есеп құрастырады).
Сөздерден физикалық шама, құбылыстарға қатысты сөз құрау.
Сөз сиқырын ұғыңдар,
Осал емес бір әріп
Сөз бен сөйлем туындар,
Бір әріптен құралып
Сөз сиқырын ұғыңдар,
Құбылатын алмасша
Өзге бір сөз туындар,
Жалғыз әріп алмасса
Ал, балалар, толғанып
Сөз құрайық ендеше
Өзгергенде бір әріп,
Сөз шығатын өзгеше
(үш-күш, мысық-қысым, қол-жол, маса-масса, бақыт-уақыт)
Ойланыңдар, табыңда
Сәт емес бұл дамылдар
Шеткі әрпін-тұздың
Өзгертсеңдер табылар
(тұз-мұз)
V. Үйге тапсырма: §44. Блез Паскаль өмірбаяны туралы реферат дайындап келу.
VI. Бағалау.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Физика және астрономия 7-сынып. Р.Башарұлы
Физика және астрономия. Дидактикалық материалдар
Оқушылардың физикадан орындайтын өзіндік жұмыстары. А.В.Чеботарева
Бастау. «Қырық қызық» Ө. Ақыпбеков
Қазақ балалар әдебиеті. Қ.Мырза, Қ.Баянбай 18-том
Қазақ балалар әдебиеті. Ж.Смақов. Т.Молдағалиев 12-том.
Жеті жүз жұмбақ. Е.Өтетілеуов

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz