7-сынып: Компьютерлік графиканың түрлері, ерекшеліктері және қолданылуы

Компьютерлік графика туралы біледі;
Пиксель ұғымымен танысады;
Графика түрлін біледі, бейнесіне қарай ажырата алады.
Қызығушылықты ояту
(5 минут)
Компьютердің құрылғыларын құрастыруға байланысты сыныпты топқа бөлу.
1топ -монитор 2топ -жүйелік блок 3топ -пернетақта
Мағынаны тану
(15 минут)
3 топ оқушылары компьютерлік графика тарауы туралы постер қорғайды.
1 - Монитор тобы
1. Компьютерлік графика түрлері?
2. Растрлық, векторлық, фракталдық графика туралы.
2 - Жүйелік блок тобы
3. Түс және палитра туралы.
4. Компьютерлік графиканың қолдану салаларына байланысты бөлінуі туралы постер қорғайды.
3-Пернетақта тобы
5. Растрлық графиканың артықшылығы мен кемшілігі.
6. Векторлық графиканың артықшылығы мен кемшілігі.
7. Векторлық графиканың қолдану салалары.
Ой толғаныс
(10минут)
Оқушылар графиканың түрлеріне компьютерде тапсырма орындайды.
Векторлық - бағдаршам суретін салу.
Растрлық - үйдің суретін салу.
Фракталдық - жапырақтың суретін салу.
Компьютерлік графика сөзін құрастыру.
Компьютерлік графика - әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.