Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Кітап - білім қазынасы



Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Ж.Қалдығараев атындағы орта мектебі" ММ, бастауыш сынып мұғалімі Атшыбаева Жангүл



Кітап -білім қазынасы.


Тәрбие сағатының тақырыбы: Кітап -білім қазынасы.
Тәрбие сағат мақсаттары:
1.Кітап сарқылмас рухани қазына дей келе,білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру
2.Кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру
3. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру,оқушыны кітапты күтіп ұстауға үйрету

Көрнекілігі : Ұлы адамдардың кітапбы, оқу білім туралы жазылған плакаттар, нақыл сөздер , слайдтар
1.Ұйымдастыру
Кіріспе
Кітапта алма ағашы
Жемісін бізге беретін
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін - деп Мұзафар атамыз жырлағандау, әдеби кітаптар және оқулықтар сендерге білім көзі ,рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде бүкіл адамзаттың мәдениеті мен таныса бастаймыз. Бірақ рухани өмірімізде кітаптың алатын орны осымен тоқтап қалмайды.Алға басқан сайын кітап біздің айнымас серігіміз болып қала береді.Кітап білімді молайтады,көп үлгі өнеге береді.Оқыған тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Кітап өмір ұзтазы деген халық даналығы бекер айтылмаған. Ендеше кітап біздің сарқылмас рухани қазынамыз екен.
Сәбира
Мен адамның досымын.Менің атым кітап. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштан қағаз жасап шығарады. Содан соң оған авторлар еңбек жазады, сурет салады. Баспахана суреттермен жазуларды басып кітап етіп шығарады.

Сұлтанбек
Кітап кәрігеде жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап сіздердің дүниетанымдарыңды кеңейтіп, рухани жан дүниелеріңізді оятады, ертегі әңгімелермен сыр шерткен кітап - сенің ақылшың.

Дана
Адамның досы.Өмір кілті.
Тең келмес оған жиған мүлік
Ақылшы жанға серік жол бастаушы
Ақыл-ой қазынасы өмір көркі.

Назым
Алғашқы кітап басып шығару ісі қолмен атқарылған. Адамдар кітап басатын, әріп теретін машиналарды ойлап тапты.Қазіргі кезде кітап басу ісі механикаландырылған.

Мұғалім
Ендеше Балалар кітап қалай жасалады, алғашқы кітаптар қандай болды. Кітап арабтың сөзі. Қазақша жазу дегенді білдіреді.Ең ежелгі кітап мысыр мен шығыс елдерінде грекия мен римде кітап қыш тақталарға жазылды.Қыш кітаптардан кейін, мысырда жазу үшін папирус қолдалына бастады.Папирус суда өсетін өсімдік. Кітаптар папирустардан дайындалған материалдарға жазылып, жұмыр аяқаларға шиыршықталып оралады.Солай орама кітаптар пайда болды.Уақыт өте келе кітап басу қарқынды дамыды.Енді кітапты автоматты машиналар өздері түптеді. Ал қазіргі таңда кітап қалай дайындалады.Оны мына өлең жалдарынан ұғайық.

Жақсылық:
Орманшының аялы
Алақаны өсірген
Сонау ағаш саялы
Қағаз үшін кесілген
Ағаш кесіп қанша адам
Ормандарда жүреді

Мансур
Машинист боп жасынан
Дүбірлетіп даланы
Сол ағашты тасыған
Білер ме екен көп адам

Шынаргүл:
Заводтарда күні -түні
Қағаз жасап бағалы
Қанша адам өөөөө үшін
Маңдай тері тамады

Данияр
Оқулықты мектебің
Берер саған теп-тегін
Білмейсің-ау еш бірақ
Қанша еңбек кеткенін

Інжу
Бояу жағып не түрлі
Суретшілер көркемдеп
Қанша уақыт отырды
Әріп теру үшін де
Талай адам терледі
Баспахана ішінде
Айлап тыным көрмеді

Мұғалім
Жақсы, балалар міне өздерің естігендей кітап басып шығару үшін қаншама адам еңбек етіп тер төгеді екен.
Балалар ,қыркүйек айында әп-әдемі сыртының жаңа мұқабасы мен әдемі суреттерімен, кейбір асыл өөөөөөөө сөздерімен , қиын да, қызықты есептерімен күлімдеп, алдарыңа келген оқулықтар мамыр аяғында өөөөөө өөөөөө басып кітапханаға келіп жатады.Енді сол оқулықтардың ренішін көрініс арқылы тамашалаймыз.

Көрініс: "Кітаптар мұңы"
Міне, балалар арамызда кітапты ұқыпты таза, ұстайтын және кітапқа ұқыпсыз қарайтын балалар да кездеседі.
Балалар , бүгін бізге дәрігер келіп отыр. Ол кісі бізге кітаптардың сұраулары туралы біраз мазмұндап береді.Дәрігер апай сізге сөз кезегі.

Дәрігер
Сәлеметсіңдерме, балалар .Адамдар мен жан-жануарлар сияқты кітаптар да ауырады. Кітаптарда мынадай ауру түрлері болады.
1. Туғаннан пайда болған аурулар(баспадан дұрыс басылмаған)
2.Қартайғаннан болатын аурулар(көп жыл ұсталғаннан)
3.Жұқпалы аурулар(жыртылып,сия төгіліп, май қолмен ұстаудан)
4.Дұрыс жағдай болмағандықтан болатын аурулар (күнде көп тұру немесе ылғал, дымқыл жерде сақталу)
5.Бақытсыздықтан болатын аурулар(жығылып батпаққа былғану, жыртылу)
Егер осылардан сақтасаңдар кітаптарың ешқашан ауырмайды.

Мұғалім
Кітапты ұстау ережесімен танысайық.

Әмина
Кітап адам өмірінің таусылмас қазынасы.Кітапты күнделікті үзбей оқып, дағдыға айналдыру керек.Ол үшін күніне кітап оқуға 3-4 сағат бөлу керек.

Айда
Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма.

Расул
Кітапты көп оқысаң , сөз байлығың молайып ойлау қабілетің терең болады.

Айдана
Кітаппен қоса газет -журналдарға да жазылып біліміңді көтер.

Серік
Кітапқа қарандаш , қалам салуға болмайды, кітаптың бұрышын қайырма, одан кітап жыртылады.

Назерке
Сөйлесіп өзіңменнен қатады
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады
Жеткізіп өткендердің өсиетін
Шешіліп кейде достай сырласады.

Нарбек
Сен адамзаттың жақын досы
Келмейді сөзі сені оқымай көңіл хошы
Ел мұңы, өмір сыры, ақын
Басылған таңба болып өзіңде осы.

Қыдырәлі
Пайда ойлама, ар ойла
Талап қыл терең білуге
Артық білі кітапта
Ерінбей оқып көруге
Кітап -ең сабырлы ұстаз, үндемес

Жанатбек
Оқулықты құрметте
Күтіп үста кірлетпе
Кішілерге табыс ет
Дақ түсірмей бір бетке

Мұғалім
Балалар ертегі білеміз бе?
Ертегі кейіпкерлерін сендер жақсы білесіңдер.Ал, енді ертегілер шешуге қалайсыңдар?
1.Қаймаққа иленген
Терезеде суытылған
Сап-сары домаланған (Бауырсақ)

2. Жол алыс,ал себет ауыр
Отырамын түбінде самсаны жеп (Мама мен аю)

3. Тартамын, тартамын
Тіпті де жұла алмаймын (Шалқан)

4. Ұшып келіп батпаққа түсті
Батпақта оны ұстап алды
Кім жасыл қабыршақты шешіп
Бір сәтте сұлу ханшайымға айналды (Патшайым бақа)

Мұғалім
-Өте жақсы сендер барлық ертегілерді атап шықтыңдар.Балалар сендердің қолдарыңда кітапхананың қандай кітаптары бар?
Ал,олар қандай күйде?
Жыл бойы кітап оқиды
Көктемде кітап өткізерде
Ол бәрін айтып қояды

1-кітап.
Сабира
Қалың қалай кітабым?

2-кітап.
Айболат
Ой, мен сынып алдында ұяттымын, Менің қожайыным сыртқы қабымды жұлып алды.Онымен қоймай беттерімді де жұлды.Одан қайық, ұшақ жасады. Ал сен бүтінсің бе?

1-кітап.
Сабира
Сенің жағдайың маған таныс.Менің оқушым қол жумай саббаққа отырған емес,беттерімде бір сызық жоқ тап-таза.Мен оны қалай болса ,солай емес тек беске оқуға үйретемін.

2-кітап.
Айболат
Менің оқушым үшке әрең ілігеді.Тіпті екілікте алады.Мен сынып алдында ұяттымын.

1-2 кітап қосылып
Кітапта алма ағашы
Жемісін бізге беретін
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін

Мұғалім
Балалар қай оқулықты қолдарыңа алып оқығыларың келеді.

Кітап туралы ой.
Райхан
Әкемді ажал ерте жалмапты ғой
Мұра боп жалғыз талда қалмапты ғой
Қолыма жалғыз кітап алған сайын
Басыма келеді бір салмақты ой

Жәния
Арқалап өткен кеше ата мұңы
Кітабын жайсан қазақ атаулының
Жетпес -ау кітапханам жартысына
Тізілген өз үйімде қатар бүгін

Дана
Адамзат алдындағы өр тұлғалы
Отаным!Сені ойлаймын мен туғалы
Ақырғы тыныс бітіп сөгенде де
Кеудемде жатар кітап сен туралы

Мұғалім
Сендерден кейін осы оқулықтарды басқаларда пайдалана алу үшін сендер кітап нені жақсы көретінін білулерің керек. Яғни ойын : Ия-жоқ
Кітап нені сүйеді? Кар ма? Жаңбыр ма?
Жоқ
Кір қолды? Еденді жатқанды?
Жоқ
Ұқыпты ұстауды
Ия
Таза қолды
Ия
Еркелеткенді
Ия
Төбелескенді
Жоқ
Қуырған жұмыртқаны
Жоқ
Кітап сөресінде тұруды
Ия

Мұғалім:
Жайнатып жанымызды
Келтіріп сәнімізді
Арнайық бас қосқанда
Тамаша әнімізді

Хор "Жас дәуірдің түлегіміз"

Мұғалім:
Олай болса, кітап туралы мақал- мәтелдің жалғасын табайық.
1. Кітап - білім бұлағы, Білім - өнер шырағы.
2. Наданмен дос болғанша,кітаппен дос бол
3. Күш-білімде, білім кітапта
4. Ақыл азбайды, Білім тозбайды.
5. Оқу - инемен құдық қазғандай.
6. Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
7. Білегіңе сенбе, біліміңе сен.
8. Білімдіге дүние жарық.
Білімсіздің күні кәріп.

Мұғалім:
Ойланайық балалар
Кітап асыл досымыз-дей келе,олай болса ортаға оқушыларымызды шақырайық.

Дана
Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталғанбілім басы әліппеден.
Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит,
Оқысақ кітап сырын ашып терең.

Сұлтанбек
Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жайып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.

Назым
Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көптеп.

Мансур
Кітаптар бейне жапырақ
Жырлайтын сырын өмірдің
Оқисың кейде жаттап
Көтеріп күйін көңілдің

Назерке
Айдын шалқар кейде бір
Кітапты тұрған көл дерсің
Ауадай қажет бейне бір
Таппасаң нәрін шөлдерсің

Жанатбек
Білім алар көп адам
Жақсы нәрсе жоқ одан
Қызыға кеп оқимын
Кітапты көрсем жаңадан

Әмина
Ұсынған қойынан
Білімнің үлесін
Шықпайды ойыңнан
Досың ғой білесің
Бұл не? Бұл кітап.

Барлығы:
Бәрін,бәрін білесің,
Оқи берсең кітапты

Қазынаны тереңнен табарсың,
Білімді кітаптан аларсың.

3"Б" сыныбының ашық тәрбие сағаты аяқталды.
Сау болыңыздар!






Ұқсас жұмыстар
Кітап – біздің досымыз жайлы ақпарат
Кітап-біздің досымыз
Кітап туралы оқушы білімін жинақтау
«кітап – рухани байлық», «кітап оқи білесің бе?» әңгіме (3,4 сынып оқушыларымен)
Кітап – рухани қазына жайлы ақпарат
Кітап ғажап дос
Менің қолымда кітап
Әкем, анам және мен - отбасымыз оқырман!
Зат есімнің сұрақтарын ата
Табиғатты қорғаңдар
Пәндер