Білімді сынып

G:\папка дайындау\Фото мама\IMG_9205.JPG

Қызылорда облысы

Байқоңыр қаласы

Қ. Қ. Тоқмұхамедов атындағы №14 орта мектептің

математика пәнінің мұғалімі Сарсенбаева Ляззат

Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы: Білімді сынып

Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты:

а) білімділік : оқушылардың математикадан білімдерін тереңдету, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық және өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру

ә) дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын және білім сапасын арттыра отырып, есте сақтау қабілетін дамыту арқылы өз ойын жеткізе білу дағдысын қалыптастыру

б) тәрбиелік : оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққатәрбиелеу

Түрі : топтық сайыс

Көрнекілігі :қабырға газеттері, эмблемалар, геометриялық фигуралар,

математикаға байланысты нақыл сөздер.

Техникалық құрал-жабдық : интербелсенді тақта

Барысы : І. Кіріспе.

Мұғалімнің сыныптан тыс жұмыстың мақсатымен және шартымен таныстыруы.

1 - жүргізуші:

Математика ғылымдар патшасы деп,

Мойындаған бар ғылым жер шарында.

Сол қағида тағы да дәлелденбек,

Бүгінгі сайысымыз барысында.

2 - жүргізуші:

Математика, математика қандай қиын,

Оқымасаң шешілмейтін ешбір түйін.

Амалдардың тек қана көмегімен,

Орындалар сансыз көп байлам түйін.

1 - жүргізуші:

Шеберлікті, білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайысымыздың алдында сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

2 - жүргізуші:

Сіздер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіздер. Сайыста сіздерге әр түрлі сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сіздер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулеріңіз керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларыңыз қажет. Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәттілік тілейміз.

ІІ. Негізгі бөлім.

1 - жүргізуші:

Өз білімімен, ақыл-ойымен ерекшеленген әр сыныптың білімді оқушылары

алдарыңызда тұр.

Таныстырып топтарын, ұрандарын айтады.

Көрерменге білдіріп, әділ баға алады, -деп сайысымызды топтардың өздерін таныстыруынан бастаймыз.

Топтардың өздерін таныстыруы

1 топ - «Тапқырлар»
Ұраны: «Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске»
2 топ - «Алғырлар »
Ұраны: «Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз»
3 топ - «Ойшылдар»

Ұраны: «Білекті мыңды жығады,

Білімді мыңды жығады»

4 топ -«Дарындылар»

Ұраны: «Шаршы алаңда мүдірме

Көп ойланып, кідірме»

2 - жүргізуші:

Бұл бәйге -ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда! - деп«Жауабың әзір ме?»бөлімініңлогикалық сұрақтарына кезек береміз. (интербелсенді тақтадан көрстіледі)

«Жауабың әзір ме?» бөлімінің логикалық сұрақтары

1-топқасұрақтарды ҚРұлттықтестілеу орталығына қарасты№ 857 пунктінің инженері Р. Дюсембаева қояды.

2 - топқа сұрақтарды дайындаған Қызылорда қаласы №233 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Ә. Қалмаханова.

3-топқасұрақтарды дайындаған Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты №99 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Н. Таңжарық.

4-топқа сұрақтарды дайындаған Байқоңыр қаласы Қ. Қ. Тоқмұхамедов атындағы жалпы білім беретін №14орта мектебінің 11 - сынып оқушысы Н. Игенбаев.

1 - жүргізуші:

Математика - бұралансыз, нақты ілім,

Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін.

Айдынында сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір,

Тарқалмайды қуаныш пен шаттығын, - деп

«Тез ойланып, шешуін тап»бөлімінің тапсырмаларына кезек береміз.

«Тез ойланып, шешуін тап» бөлімінің тапсырмалары

а) Бөліктерден геометриялық фигураларды құрастыру

1-топ 2-топ 3-топ 4-топ

ә) Суреттерде барлығы неше үшбұрыш, неше төртбұрыш бар?

2 - жүргізуші:

Сансыз есеп болмайды,

Есепсіз дана болмайды.

Қызық есеп айтайын,

Сынап сені байқайын.

Жауап берші бөгелмей

Шешуін кім тез табады? -деп«Кім жылдам?» бөлімінің тапсырмаларына кезек береміз.

«Кім жылдам?»бөлімінің тапсырмалары

а) 2-ні 5 рет пайдаланып 3 санына теңестір 22 22 2 = 3

ә) 2-ні 5 рет пайдаланып 5 санына теңестір 2 22 2 2 = 5

б) 3 - ті 5 ретпайдаланып 3 санына теңестір3 3 3 3 3 = 3

в) 3 - ті 5 ретпайдаланып 1 санына теңестір 3 3 3 3 3 = 1

1 - жүргізуші:

Бүгінгі сайыс - қызықты сайыс

Көрермендер, халайық!

Ой - түйсікті қозғап небір

Көрініске назар салайық -дей отырып, «Математика өмірде» бөлімінде әр топ математикаға байланысты дайындаған өз көріністерін көрсетеді.

«Математика өмірде» бөліміндегі көріністердің тақырыптары

  1. «3 литрлік және 2 литрлік ыдыстармен 1 литр сүт құйып алу»
  2. «Туған күнді анықтау»
  3. «Кім ұтты, кім ұтылды?»
  4. «Базардағы сауда»

2 - жүргізуші:

Мақал-мәтел қазағымның мұрасы,

Мақал білген қазағымның баласы.

Мақал айтқан жарыста,

Қай топ мақал-мәтелді

Біледі екен өте көп, - дей отырып , «1001 мақал» бөлімін бастаймыз.

«1001 мақал»бөлімінің шарты

Сан есімі бар математикалық мақал-мәтелдерді кезекпен топтар қайталамай, тоқтап қалмай айту.

1 - жүргізуші:

Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір ойын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын. - деп келесі “Дарынды басшы” бөліміне кезек береміз. Топ басшыларын ортаға шақырамыз.

“Дарынды басшы” бөлімінің тапсырмалары

Бұл бөлімде сіздерге бірнеше ұяшықта әртүрлі бағытта есептер мен сұрақтар берілген. Әрбір ұяшықтағы сұрақтардың күрделілігіне қарай ол ұяшықтарда берілетін . Кезекпен топтарға ұяшықты таңда -тамыз да, сол ұяшықтың сұрағына жауап берсе, көрсетілген ұпайды алады. Егер сұраққа жауап бермесе, сұрақ келесі топқа көшеді.

Қазақтың байырғы есептері
10
20
30
Қазақтың байырғы есептері: “Ақбота” есептері
10: 10
20: 20
30: 30
Қазақтың байырғы есептері: “Кенгуру” есептері
10: 10
20: 20
30: 30

Қазақтың байырғы есептері:

10 - Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда 7 кг тартса, біраяғымен тұрғанда қанша

тартады. (7 кг)
20 - Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының біреуіжолдың

жартысын өткенде жолдың жартысықалғанша ұйықтады. Жолаушы

жолдың қанша бөлігін ұйықтады. (төрттен бірін)
30 - Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне екі шақырым

алға жүріп, кешке бір шақырым кейін қайтады. Қырсық жолаушы екінші


Ұқсас жұмыстар
Сөз ойла, тез ойла
АКШ ЖКШ
Сабақтың көрінекілігі
Сынып көшбасшысы. Сабақтың тақырыбы
Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтарымыз
Көңілді, тапқыштар, білімділер
Дигибридті будандастыру және белгілердің тәуелсіз ажырау заңдылығы
Тақырып Дененің салмағы. Салмақсыздық
Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым
«білімді оқушы» атты білім бәйгесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz