Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті
Файл қосу
Көркем шығармадағы жылқы түлігінің түр сипаты
Жоспар:
Кіріспе
Қазақ халқының өмірі, мәдениеті жылқы түлігімен тығыз байланысты.
Негізгі бөлім
Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінде жылқы малының түр сипаты, ерекше қасиеттері суреттелген.
Қорытынды:
Сән мен салтанаты жарасқан кейіпкерлер.
Әдеби эссе.
Көркем шығармадағы жылқы түлігінің түр сипаты
Атам заманда қолға үйретіліп, адамзат баласының қажетіне жаратқан жылқы түлігі көшпенділердің ең қасиетті, ең қадірлі малы. Қазақ халқын жылқы малынсыз елестету мүмкін бе? Ұланғайыр даланың, ұлан байтақ өлкенің ұлы тұрғындарының тыныс-тіршілігі, өмір-салты, өнер-білімі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, салтанаты, бір сөзбен айтқанда бүкіл мәдениеті жылқы түлігімен тығыз байланысып жатады. Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінде жылқы малының түр сипаты, ерекше қасиеттері жан-жақты ашып суреттелген.
С.Сейфуллиннің <<Қызыл ат>> поэмасында ақын жылқы түлігінің бірнеше түрін сипаттайды:
Білемісің, жүйрік сұлу қара айғырды?
Білемісің, әлгі жалбыр сары айғырды?
Сұр жорға ат, сүтті мама боз биені,
Соларды зиян кестер қалай қылды?..
Солардың бірі жауыр, бірі қатпа,
Сұржорға ат қазір тулақ, ол енді ат па? -
дей келіп, жылқы малының түр-сипатын ерекшелеп, талдап айтады. Құра жүйрік аттың белгісі ретінде алынса, алып күштің иесі ретінде сары, сұр ат көркем жүрісті білдірсе, боз саумал берер мол қымызымен ерекшеленеді. Міне, осылай С.Сейфуллин жылқының түр-түсіне байланысты осылай ерекшелеп суреттеген.
Қобыланды батыр>> жырында Қобыланды батырдың аты бурыл ат туралы:
Астындағы Тайбурыл,
Елбек-елбек жертауды,
Ерні төмен салынып
Қара терге малынып,-
деп суреттеп Бурыл аттың түріне қарай оның мықтылығы да жылқыға тән жүйріктігі де бар. Бурыл деген түрдің өзінде бір қайсарлық сезілгендей.
<<Алпамыс батыр>> жырында Шұбар атты төмендегі өлең жолымен суреттейді:
- Таудан асқан тасқындай,
Төгіліп Шұбар жөнеді.
Адыр-адыр бел еді,
Адам қорқар жер еді,
Неше қиын жерлерден
Тегістей шауып келеді. -
деп бейнелейді, бұл жерде шұбар, ол мейіздей қатқан жүйрік ретінде көрінеді. Ол тек жүйрік қана емес дене бітімі бөлекше жануар. Бұл жерде Шұбар бейнесі Алпамыс батырдың бейнесіне лайық суреттелген.
Ақын Есенғали Раушанов <<Қаракөк айғыр туралы баллада>> атты өлеңінде:
Қаба жалды қара құнан боп мені,
Түн ішінде оятады өткен күн
Балам ай, қам екен ғой Қаракөгің,
Енді кеш, бір иласын табар едім...-
деген өлең жолдарындағы қара Қамбар батырдың қара аты сияқты бірнеше қасиеттерді жинақтап пайдаланбай, тек қарапайым нұсқада суреттелген. Қара бірде жинақтық, бірде жалпылық қаситетті көрсетеді.
Міне, осылай жылқы малының түсіне байланысты олардың мықтылығы мен мүсін кербездігін суреттеген. Қазақ халқы қашанда түске назар аударған, түсіне қарап жылқы малына баға берген. Қазақ баптаған жылқы малы осындай ерекше мықты болған да оның үстіндегі біздің азаматтарымыз мықты болмауы мүмкін емес.
Пайдаланылған ақпараттар:
1. С.Сейфуллин. Көп томдық шығармалар жинағы.-Алматы: <<Қазығұрт>> баспасы, 2004.
2. <<Батырлар жыры>> Астана Батырлар жыры екі томдық
3. Е.Раушанов <<Шолпан жұлдыз туғанша>> өлеңдер жинағы.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz