4-сынып: Ана тілі пәні - Ара мен шыбын тақырыбындағы қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бекітемін:
Мектеп директоры: Ізтұрғанова Ж. А.
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
«Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар №8 жалпы білім беру орта мектебі»мм
Қысқа мерзімді сабақ жоспары:
Ана тілі (4-сынып)
Сабақтың тақырыбы: «Ара мен шыбын» О. Әубәкіров
Дайындаған:Бастауыш сынып мұғалімі
Кенжалиева Ғалия
2014-2015 оқу жылы
2014-2015 оқу жылы
Үй тапсырмасын тексеру. «Аққу, шортан һәм шаян»мысалын кубизм стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:Мысал кейіпкерлері нелер?Мысалдың аудармашысы кім?
Арба алға қарай неге жылжымады?
Қандай жағдайда арба алға қарай жылжиды деп ойлайсың?
Оқушылар сұрақтарға нақты жауап беріп, үй тапсырмасын түйіндейді.
Кубизм стратегиясына салып баяндайды.
Ребусты шешу арқылы жаңа сабақ тақырыбы ашылады. «Ара мен шыбын»
Сұрақтар:Шыбын туралы не білесің?
Араның табиғатқа пайдасы қандай?
Слайдтан Оспанхан Әубәкіровтің өмірі мен шығармашылығы таныстырылады. Оқулықпен жұмыс. Мысалдан таныс емес сөздерге анықтама беріледі.
Постер қорғауға тапсырма беріледі.
І-топ Ара мен шыбынға сипаттама
ІІ-топ Мысалдағы ара мен шыбынның іс-әрекеті.
ІІІ-топ Қонақжайлылық жайлы не айтасың?
ІV-Мысалдағы негізгі түйін.
Сергіту сәті Әуенді жаттығулар жасатамын.
Семантикалы картамен жұмыс тапсырылады. Әр топтың жұмыстары тексеріледі.
Ребустың шешуін табады.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді, ара мен шыбын туралы өз ойларын ортаға салады.
Мысалды мәнерлеп, түсініп, рөлге бөліп оқиды.
Сөздік жұмысын жүргізеді.
Оқушылар топтарымен ақылдаса отырып, постерге дайындалады.
Постерді қорғайды.
Оқушылар әуенге қосылып, интерактивті тақтада көрсетілген жаттығуларды орындайды.
Топ мүшелері бірлесіп орындайды.
8-минут
талдауға
8-минут
қорғауға
6-минут
Фишкалармен бағалау, бірін-бірі бағалау
Фишкалармен бағалау
Бірін-бірі бағалайды.
Сабақ мынадай сұрақтар қою арқылы қорытылады.
1. О. Әубәкіров туралы не білесіңдер?
2. Мәтінді шығарманың қай түріне жатқызасыңдар
3. Шығарманың кейіпкерлерін атаңда Шыбын араға қандай өтініш айтты?
4. Шыбындардың қылығына көзқарастарың қандай, балалар?
Мысалдан көкейіне не түйдіңдер?