Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Мұғалім
Мұғалім:
Құрметті ата-аналар, қонақтар, оқушылар, ұстаздар. Біз бүгін шексіз
қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танып, сауатымызды ашқан «Әліппені»
бітірдік.
Қоңыр күзде қоңыр қоңырау үнімен алғашқы білім сабағына енген
1-сынып бүлдіршіндері бүгін бір асудан асты.
Қазақ тілінің 42 әрпімен танысып, дауысты, дауыссыз дыбыстарды
ажыратып, буынды меңгерген балалар бүгін «Әліппе» оқулығымен қоштаспақшы.
Мереке баршамызға құтты болсын!
(Сахна орман бейнесінде безендірілген. Музыка ойналады. Сахнаға
сиқыршы қыз келеді).
Сиқыршы қыз.
-Ой, бүгін күн қандай тамаша! Табиғат ана өз жылуын, жердегі адамзатқа
төгіп тұрғандай! Көк аспанның бетінде күн көзі көрініп, көкжиектен түрлі-
түсті кемпірқосақ пайда болғандай!
Қараңдаршы, қандай әдемі, көрікті! Осы ғажайып күн бізге күлімдеп,
қуаныш сыйлап тұрғандай! Мен үшін бүгін ерекше күн. Бүгін менің сиқырлы
таяғым тамаша таңғажайыпты көрсетер ме екен?! Кәне, сиқырлы таяғым, маған
қандай қызмет көрсетесің?
( Сол кезде шар жарылып, сол жақтан жүргізуші кездеседі).
Жүргізуші:
-Армысыз, сиқыршы қыз!
Сиқыршы қыз:
- Сәлеметсіз бе, мен сізді танымадым? Мен өзі қайда тұрмын?
Жүргізуші:
- Сиқыршы қыз, сіз Тихоокеан орта мектебінде тұрсыз. Бүгін біздің
мектебімізде ерекше той-думан өткелі жатыр. 1-сынып оқушылары әліппемен
қоштасқалы отыр. Кел, сиқыршы қыз, біздің балалардың білімін, өнерін бірге
тамашалаңыз.
Сиқыршы қыз:
- Ал, сиқыршы таяғым, балаларды сахнаға шықырайық.
- Уа халайық халайық
- Сахнаға шақырайық қол соға
- Сүйікті біздің ұстазды
- Шәкірттер мен ортаға
(Сахнаға 1-сынып оқушылары шығады)
Жүргізуші:
-Қымбатты ата-аналар, аяулы ұстаздар, сүйікті шәкірттер!
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе біздің данамыз.
Әліппені құрметтеп,
Басқы орынға қоямыз.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйреніп, не білдік,
Қане, ортаға салайық.
Хор: «Бөбектер әні»
1-оқушы
Өтті оқу сан-сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достассақ,
Әліппеміз қоштаспақ.
Өсті білім, бойымыз,
Құтты болсын тойымыз.
2-оқушы
Әліппем, менің әліппем,
А деген бастап әріптен.
Сөз құрап жаза бастадым,
Тақылдап таңба танып мен.
3-оқушы
Әліппем, менің әліппем.
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым білімнің,
Ертеңгі жарық сәулемен.
4-оқушы
Ыстық әрбір беттерің
Жазуыңды ұғамын.
Ақыл бердің әліппе,
Ақылды сен мұғалім.
5-оқушы
Әліппем, менің әліппем,
Өмірді келем танып мен.
Қайталап айтам мың рет,
Өзіңе көп-көп рақмет.
6-оқушы
Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа.
7-оқушы
Үйретті бізді әліппе,
Қырық екі дербес әріпке.
Сөз, сөйлем құрап әріптен,
Лайық болды дәріпке.
8-оқушы
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
9-оқушы
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны Әліппе.
10-оқушы
Әліппем, менің Әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым білімнің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
(Ән айтады) «Ботақаным» ұлдар тобы
Осы кезде айқайлап:
-Балалар, Жалқаубекті көрдіңдер ме?- деп Дымбілмес келеді.(Қолында теріс
ұстап алған кітабы бар.)
Дымбілмес:
-Ой, мына жерде көп балалар отыр ғой! Сендер не істеп отырсыңдар?
Жүргізуші:
-Әй, сен бе, Дымбілмес?! Жай жүрсің бе?
Дымбілмес:
-Иә, мен, Дымбілмеспін. Немене бұл жерге маған келуге болмай ма?
Жүргізуші:
-Жарайды, Дымбілмес. Саған ешкім болмайды деген жоқ қой. Сенің досың
Жалқаубекті біз көрмедік. Қолындағы қандай кітап? Сен оқи білесің бе?
Кітапты қалай ұстап алғансың?
Дымбілмес:
-Е-ее, қалай еді осы кітаптың аты? Ұмытып тұрғаным –ай! (Кітапты түзеп
ұстап алады).
Жүргізуші:
-Кітаптың атын балалардан сұра, саған олар айтып береді.
Дымбілмес:
-Балалар, бұл кітаптың атын білесіңдер ме?
Жүргізуші:
-Әрине біледі. Кәне, балалар айтып жіберіңдерші.
Балалар хормен: Хормен:
Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті- Әліппе!
Ол сүйікті -Әліппе!
Мұғалім:
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе
-«Әліппе»
Әліппе:
Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Бүгінгі мереклеріңіз құтты болсын!Менің сүйікті де білімді шәкірттерім
міне бүгін білімнің алғашқы кезеңінен асып отыр. Талаптарын талмасын жас
достар!
Кәнекей балалар бәріміз бірігіп ән салып берейік
«Әліппе» әні
Дымбілмес:
-Жарайсыңдар, балалар! Ал, «Әліппеде» қандай әріптер бар білесіңдер ме?
1-оқушы
А дегенің ана ғой, Ана деген дана ғой.
6-оқушы:
Ә әжем әнге басады, әтеш ұйқы ашады.
7-оқушы:
Е елге есті ер керек, ер жет өсіп ертерек.
3-оқушы:
О озат болып оқыңдар, ойға білім тоқыңдар.
2-оқушы:
Ө өсті міне бойларың, ойға білім тоқыңдар.
8-оқушы:
Ы ыдысты саздан жасаған, ықылыс біздің жас маман.
4-оқушы:
І інісіне бағалы, Іңкәр ішік алғанды.
5-оқушы:
Ұ Ұлан біздің ұқыпты, ұстаз сөзін ұғыпты.
1-оқушы:
И иба, әдеп, ақыл-ой, имандылық басы ғой.
6-оқушы:
Б дегенің бала ғой, Жұмсаса апаң бара ғой.
8-оқушы:
Г гу деп алғаш бөбектер, гуілдейді ақырын.
2-оқушы:
Д дүлдүл аттар баптаған,
Дәркенді жұрт мақтаған.
9-оқушы
Сәл көтерсе қақпағын,
Әйгерімнің қазаны.
Көрінісі шап-шағын,
«Ә» - ге ұқсап қалады
10 оқушы
Ортасында сызығы,
Өрікке ұқсас келеді.
«Өріктің» атын – қызығы,
Өзі бастап береді.
1-оқушы:
Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық тойладық
Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз болмайды
3-оқушы
Жақсы білім көрімдік
Болсын сізге халайын
Не үйреніп, не білдік
Қане ортаға салайық
4-оқушы
Алфавитті біліңдер
Онда қалып жүйе бар
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
5 -оқушы:
Алдыңа келдім ұстазым
Тұңғыш қалам ұстадым
Күлімдеген көзіңнен
Мейірімі сезілген
Сипадың да басымнан
Әліппені ұсындың
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім.
7-оқушы
Үйретіп алғаш бізге Әліппені
Мұғалім ғылымға жол салып берді
Адамның ой-арманы, мақсаттары
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
8-оқушы:
А деген ол – аналар ғой ардақты
Ә деген ол - әкелер ғой салмақты
Б деген ол – балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі.
9-оқушы
Әр күнім алып келер жаңалықты
Тоқимын алып білім, жаңа әріпті
Ұстазымның тынымсыз еңбегімен
Жанымда ізі қалды жаңа әріптің.
Жүргізуші: Бүгін біздің қонақтарымызда құр алақан келмепті Сиқыршы қыз да
өз өнерін ала келіпті.
Ән
Жүргізуші:
-Әліппем менің, әліппем менің – дүнием
Сенен мен әлі үйренемін деп сүйсінем.
әлемнің барлық азаматына бір тілек-
Әліппе ұстап бүлдіршін шықсын үйіңнен.
Би Көңілді балалар биі
Жүргізуші:Ал қазір біздің
Жезтаңдай әнші қыздарымыз
Назеркемен Аяулым
Әжем айтқан ертегі әнімен
Ән: «Әжем айтқан ертегі»
- Жүргізуші:Әліппеден оқыдық
Мысал менен ертегі
Сахналап ойға тоқыдық-көрініс «Саңырауқұлақ саясында»
Бүгінгі кештің тағы бір қонақтары 2 сынып оқушыларының құттықтауы
- Жүргізуші:Келесі кезекте кішкентай бишілеріміздің орындауында өзбек
биін тамашалайық
Өзбек биі
Сиқыршы қыз:
-Балалар, мен сендермен болғаныма, осындай білімді, өнерлі балалардың
ортасына түскеніме қуаныштымын. Енді менің қайтатын уақытым таяп қалды. Ал,
«Әліппе» кітабын ала кетейін.
5 -оқушы:
Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті Әліппем
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім
Сауатты адам санатына кіргенім.
Ислам
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Дарина
Қош бол, құтты Әліппем
Жол тұсауын кестің сен
Аяулы анам болып сен
Айыбымды кештің сен
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты
жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату)
Хормен: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе
Сендерге бір жаңа оқулық сыйлайын,( сиқырлы таяқшасын Дымбілместің
дорбасына тигізеді, сол сәтте Дымбілмес дорбаның ішіндегі шарды жарады.)
Дымбілмес, дорбанды ашып қара. Сау болыңдар,балалар!
Балалар:
-Рахмет, сиқыршы қыз.
Жүргізуші:
- Дымбілмес, сенің дорбандағы оқулығын қандай екен, оқып берші, балалардың
көмегімен әріптерді үйрендің ғой.
(Дымбілмес дорбасынан оқулықты алады да, буындап оқиды «А-на ті-лі»
Жүргізуші:
-Мінекей, ортамызға ана тілі оқулығымыз да келіп қалды. Ана тілі оқулығын
да жақсы оқуға тырысамыз. Ана тілін оқимыз ба, балалар!?
Балалар:
-Иә, оқимыз.
Ана тілі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
1-оқушы
Ана тілім менің,
Әлдилеген әнім,
Ана тілім –демім,
Ана тілім- жаным.
2-оқушы:
Анам алғаш осы тілде,
Бесік жырын жырлаған.
Ұзақ түнде анам айтқан,
Ертегілер тыңдағам.
3-оқушы:
Аяулы жыр-әніміз
Аялайтын бәріміз,
Ана тілі арымыз.
Алу үшін сана-білім,
Ардақтаймыз ана тілін.
4-оқушы:
Ақыл ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.
Жүргізуші: Ән «Достарым» қыздар тобы
Жүргізуші:Аққу құстай қалқыған
Қос жұптасып маңдана
Вальс биін билейді
Таңқалады ата ана
Вальс биі:
Жүргізуші:
-«Әліппе» білім бесігін ашқан алғашқы оқулығымыз болса, «Ана тілі» сөз
сырын ұқтыратын сырласымыз болары анық. Ал енді оқушылар бір сұраққа жауап
берейікші. Осы біздер қандаймыз?
1-оқушы:
Осы біздер қандаймыз?
Талабы биік таудаймыз.
8-оқушы:
Мың бұралған бишіміз.
7-оқушы:
Біз шеберміз.
2-оқушы:
Біз қызықпыз, қызықпыз,
Сәл еркелеу бұзықпыз.
4-оқушы:
Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
5-оқушы:
Көп оқимыз.
6-оқушы:
Ақылдымыз.
3-оқушы:
Қазақстан –Елтаңбасымен еңселі, Туымен тұғырлы, Әнұранымен айбатты.
Хормен: Біз –қазақ елінің болашағымыз.
Хор: «Айналайын» әні
Жүргізуші:
- «Әліппе әлеміне саяхат» атты ертеңгілігін
Ата-ананың тілегі – адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің,-деп аяқтаймыз.
1-оқушы Назерке
Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан
Әліппені бітірдік.

2-оқушы Аяулым
Міне кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды үйрендім.

Н наурыз айы келгенде, наурыз тойын тойлаймыз.
2-оқушы:
Х Хадиша сөмке көтеріп, хат-хабар күнде әкелген.
3-оқушы Диас

К кекілік-ау, кекілік, кетіп қалма секіріп.
3-оқушы:
Р Роза шықса ән салып, риза болар бар халық.
4-оқушы Дастан
Мен өзім-ақ оқып, өзім жаза аламын.
4-оқушы
Алфавитті біліңдер
Онда қалып жүйе бар
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
4-оқушы
Ыстық әрбір беттерің
Жазуыңды ұғамын.
Ақыл бердің әліппе,
Ақылды сен мұғалім.
4-оқушы:
Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
4-оқушы:
Ақыл ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.
4-оқушы:
І інісіне бағалы, Іңкәр ішік алғанды.
4-оқушы: З зауза ұшады зыңылдап, зымыранша зырылдап.
4-оқушы:
С сыйламаған жолдасың, сыйлай алмас өз басын.
5-оқушы Арай

Қ қартқа қол бер, жасқа жол бер.
6-оқушы Адият
Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа.
6-оқушы:
Ақылдымыз.
6-оқушы:
Ә әжем әнге басады, әтеш ұйқы ашады.
6-оқушы:
Б дегенің бала ғой, жұмсаса апаң бара ғой.
6-оқушы:
Айналдым сені аяулы менің Әліппем
Құрылған 42 қымбат әріптен
Үйреніп, оқып, жаздым қалам алып
Қадірледім қасиетіңді танып мен
6-оқушы:
Осылай алға бастадым
Әр әріпті жаттадым
Жаттаған сайын әріпті
Сөз құрап жаза бастадым
7-оқушы Нұрбек
Үйретті бізді әліппе,
Қырық екі дербес әріпке.
Сөз, сөйлем құрап әріптен,
Лайық болды дәріпке.
7-оқушы:
Біз шеберміз.
7-оқушы:
Е елге есті ер керек, ер жет өсіп ертерек.
7-оқушы:
Ж жыр алыбы Жамбыл ата, ардақтайды оны бала.
7-оқушы
Алфавиттің А тұрады басында
Әрқашанда Ә тұрады қасында
Байқадың ба Б тұрады үшінші
Ал осының сыры неде түсінші
7-оқушы
Үйретіп алғаш бізге Әліппені
Мұғалім ғылымға жол салып берді
Адамның ой-арманы, мақсаттары
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
7-оқушы
Әлі талай баспалдақты басамыз
Биік-биік асулардан асамыз
Ұстазым сізден алған білімді
Өмір бойы жадымызда сақтармыз
8-оқушы Ислам

«Ә» - ге ұқсап қалады.
Жүгеріні орады,
Жинап оны баулайды.
Атамның қол орағы,
«С» әрпінен аумайды.
Ильяс
Әліппем, менің Әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым білімнің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Ортасында сызығы,
Өрікке ұқсас келеді.
«Өріктің» атын – қызығы,
Өзі бастап береді.
Осылай алға бастадым
Әр әріпті жаттадым
Жаттаған сайын әріпті
Сөз құрап жаза бастадым
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
14.
15.
16.
17. Гүлдер, гүлдер, гүлдерім,
Қандай әсем түрлерің?
Ойы-қыры тұр тұнып,
Өсіңдерші құлпырып.
18. Жалқаубек есеп көшіріп,
Сиясы кеппей жабады.
Екінші бетте «жетілік»
«Ғ» әрпі болып қалады.
19. Дос қадірін білмеген,
Доссыз жалғыз қалады.
Досы үшін күймеген,
Дұшпанынан налады.
20. Жүгеріні орады,
Жинап оны баулайды.
Атамның қол орағы,
«С» әрпінен аумайды.
7. Ортасында сызығы,

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz