Журналистика негіздері

Батыс Қазақстан облысы

Қаратөбе ауданы

Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы

Авторлық бағдарлама

Тақырыбы:

«Журналистика негіздері»

Құрастырған:

І санатты әдебиет пәнінің мұғалімі Олжатаева К. Х.

«Журналистика негіздері» пәнінің бағдарламасы

Түсінік хат

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұрған ұлы мақсат-білімді де саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін жан - жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат тәрбиелеу - біздің қоғам алдындағы міндетіміз.

«Журналистика негіздері» пәні бағдарламасы оқушыларға филологияға жақын журналистиканың қыр - сырын танытуға, жалпы сауаттарының, шығармашылық қабілеттерінің артуына, тілдерінің дамуына септігін тигізуге бағытталады.

Мақсаты:сөзді қоғамдық пікір қалыптастырудың құралы ретінде жұмсап, көпшілікке арналған мерзімді басылымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында (газет, журнал, радио, теледидар) қандай тілдік қолданыстарды алуға болатыны туралы мағлұмат беру. Оқушылар сондай-ақсөз бостандығы, журналистік этика, сенімді ақпарат көздері және басқа да көкейкесті мәселелер жөнінде хабардар болады. Практикалық сабақтар кезінде газет бетіндегі жарияланымдарға теориялық білімдері бойынша талдау жасайды.

Міндеттері:

1) теориялық білімдерін тереңдету, бос уақытын тиімді пайдалану.

2) оқушылардың шығармашылығын күшейтіп, ой - өрісін кеңейту.

3) тәжірибелік дағдысын дамытып, кәсіпке бағдарлау.

4) оқушылардың жалпы сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын байыту.

5) «Жазушы мен сөйлеушінің шеберлігі-сөздерді керекті жеріне

орналастыра білу» екенін шәкірт санасына жеткізу.

Мазмұны

Бағдарламадағы тақырыптарға қажетті материалдарды өз қолымдағы жинақтардан, мектеп және ауыл кітапханасынан оқулықтар, газет-журналдар, әдеби шығармаларды пайдаланып құрастырдым.

Журналистика негіздері ауызша, жазбаша тіл дамыту мақсатында көркем шығарма оқылып, кейіпкерлерге мінездеме жазғызу, түрлі еркін тақырыптарда шығарма жазу іске асырылады. Рецензия жазуды дамыту арқылы шығармалар, мектеп өміріндегі мәдени шаралар негізінде мақалалар жаздыруды және қоғамдық орындарда сөйлеу мәдениетін дамытуды басты мақсат етіп қойдым.

Тақырыптық жоспар

Аптасына - 1 сағат

Жылдығы - 34 сағат

9 сынып

Сабақтың тақырыбы
Сағат саны
Сабақтың түрі
№: 1
Сабақтың тақырыбы: Журналистикаға кіріспе
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Дәріс
№: 2
Сабақтың тақырыбы: Журналистиканың қызметтері
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Дәріс
№: 3
Сабақтың тақырыбы: Журналистиканың құқықтық негіздері
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Дәріс
№: 4
Сабақтың тақырыбы: Журналистиканың принциптері
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Дәріс
№: 5
Сабақтың тақырыбы: БАҚ және оның аудиториясы
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Аралас
№: 6
Сабақтың тақырыбы: Практикалық сабақ «Мектепте, қоғамдық орындарда дұрыс сөйлей білеміз бе?» (пікірталас)
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Ойталқы
№: 7
Сабақтың тақырыбы: Қысқа хабарлар, жаңалықтар қалай жазылады?
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Баспасөз
№: 8
Сабақтың тақырыбы: Мектеп өмірінен жаңалықтар, репортаж жазу
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Репортаж
№: 9
Сабақтың тақырыбы: Журналистика және сөз бостандығы
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Аралас
№: 10
Сабақтың тақырыбы: Журналистік этика
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Дәріс
№: 11
Сабақтың тақырыбы: Журналистік шеберлік
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Ізденіс
№: 12
Сабақтың тақырыбы: Практикалық сабақ «Журналистика-жазу сыры» дегеніміз не? Жазатын адам қандай болуы керек?
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Ойтолғау
№: 13
Сабақтың тақырыбы: Мақала және оның түрлері
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Аралас
№: 14
Сабақтың тақырыбы: «Менің арманым» эссе
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ
№: 15
Сабақтың тақырыбы: Ақпарат және репортер сенімді ақпарат көздері және журналистік зерттеу
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Зерттеу
№: 16
Сабақтың тақырыбы: Тілдегі көркемдегіш құралдар және оның түрлері: теңеу, эпитет, метафора, кейіптеу, метонимия
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Салыстыру
№: 17
Сабақтың тақырыбы: Аллигория, гипербола, литота туралы түсінік
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Ізденіс
№: 18
Сабақтың тақырыбы: Тілдегі троптар. Троптарды жазуда, сөйлеуде қолдану
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Топтық жұмыс
№: 19
Сабақтың тақырыбы: Практикалық сабақ «Тіл тазалығы-ой тазалығы» жөнінде хабар дайындау
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Шығармашылық
№: 20
Сабақтың тақырыбы: Стилистика. Тіл және сөйлеу стилі. Ресми іс-қағаздар стилі
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Дәріс
№: 21
Сабақтың тақырыбы: Рецензия, тезис туралы түсінік
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Дәріс
№: 22
Сабақтың тақырыбы: Маған ұнаған жазушы стилі
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Мақала
№: 23
Сабақтың тақырыбы: Оқып жатқан көркем шығармаға рецензия жазу
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Ізденіс
№: 24
Сабақтың тақырыбы: Күнделік туралы «Сынып өмірінің өмірінен күнделіктерінен» күнделік жазу
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Шығармашылық
№: 25
Сабақтың тақырыбы: Өз өміріндегі қуанышты сәттерінен естелік жазу
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Шығармашылық
№: 26
Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты өңдеу және түсіндірме
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Кіріктірілген
№: 27
Сабақтың тақырыбы: Газет шығару процесі. Газет ісін басқару
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Талдау
№: 28
Сабақтың тақырыбы: Баспасөзге шолу. Мерзімді басылымдармен таныстыру
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Топтық жұмыс
№: 29
Сабақтың тақырыбы: Үндеу, жарнама жазуға үйрету
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Топтық жұмыс
№: 30
Сабақтың тақырыбы: «Қаратөбе өңірі» газетінің баспаханасына саяхат жасау
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Саяхат
№: 31
Сабақтың тақырыбы: Практика. Әртүрлі теледидар хабарын жүргізу
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: шығармашылық
№: 32
Сабақтың тақырыбы: Оқушылардың өлеңдері мен мақалаларын талдау (жақсы жазылған шығармаларды талдап, іріктеу негізінде баспасөз беттеріне жариялау)
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Салыстыру
№: 33
Сабақтың тақырыбы: Талдаудың екі жақты этикасы (автор және тыңдаушы)
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Дәріс
№: 34
Сабақтың тақырыбы: Жеке оқушылардың шығармашылығына арналған «Жас қалам» журналын шығару
Сағат саны: 1
Сабақтың түрі: Шығармашылық

Теориялық бөлімі бойынша

1 - сабақ (1сағат) «Журналистика негіздері» пәні туралы Журналистика дегеніміз не? Анықтамасы, нақты көрністері. Пәнді оқып - үйренудегі міндеттер.

2 - сабақ (1 сағат) Журналистиканың қызметтері. Журналистика қоғамдық орны мен ролі. Журналистика қызметінің аясы.

3 - сабақ (1 сағат) Журналистика мен журналистің құқықтық мәртебесі. Авторлық құқық.

4 - сабақ (1 сағат) Журналистиканың принциптері. Принциптер - журналистер қызметінің әдістемелік негізі. Журналистика тарихына жаңаша көзқарас.

5 - сабақ (1 сағат) БАҚ құрылымы. Газет. Журнал. Теледидар. Радио. Кітап баспалары. Оқырман, көрермен.

6 - сабақ (1 сағат) Практикалық жұмыс.

7 - 8 сабақ Журналистке тән қасиеттер. Журналистің мәдениеті. Оқырманға адалдық.

9 - сабақ (1 сағат) Журналистік қызмет және сөз бостандығы. Тәуелсіз баспасөз. Қазақ баспасөзіндегі сөз бостандығы.

10 - сабақ (1 сағат) Журналистік этика. Кәсіби адалдық. Журналист әрекеті. Журналистің өзіндік ұстанымы.

11 - сабақ (1сағат) Журналистік шеберлік. Мәтіннің ұғынықтылығы. Шырайлы тіл. Адалдық. Дәлдік. Мәтін ырғағы. Нақтылық. Алғашқы абзац. Композиция. Суреттеу.

12 - сабақ (1 сағат) Практикалық сабақ.

13 - 14 - 15 сабақ Практикалық сабақ. Мақала жазғызу.

16 - сабақ (1сағат) Ақпарат және репортер. Құндылығы. Репортерге қажет қасиеттер. Репортердің сауал қою шеберлігі. Сенімді ақпарат көздерімен жұмыс. Алғашқы журналистік зерттеу.

17 - сабақ (1 сағат) Тілдің көркемдегіш құралдары және түрлері. Теңеу. Эпитет. Метафора. Кейіптеу. Шығармашылық жұмыс жасау.

18 -19 сабақ Аллигория. Гипербола. Литота. Троп туралы түсінік. Шығармадан тапқызу. Шығармашылық жұмыс.

20 - сабақ (1 сағат) Практикалық сабақ.

21 - сабақ (1 сағат) Стилистика. Тіл және сөйлеу стилі. Ресми іс-қағаздар стилі.

22 - сабақ (1 сағат) Мақала. Рецензия. Тезис. Жазылу жолдары.

23 - сабақ (1 сағат) Практикалық сабақ.

24 - сабақ. (1 сағат) Практикалық сабақ. Рецензия жазғызу

25 - сабақ (1 сағат) Практикалық сабақ. Күнделік жазу жолдары.

26 - сабақ (1 сағат) Практикалық сабақ. Естелік жазу.


Ұқсас жұмыстар
Дау - жанжал себептерін синаттау
Нан туралы өлең
Талапкерге таңдау
Сиқырлы кітаптың тапсырмасы
Адамның досы
Н.айтов «ана тілім»
Нан туралы өлең (қысқа мерзімді жоспар) ана тілі-4 сынып
Ақмолада Жас қазақ
Көңіл күйімізді жаттықтыру
Жетістікке жету өз қолыңда (психологиялық ахуал қалыптастыру тренингі)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz