Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Осы заманғы шет мемлекеттері әскерлерінің жаппай жою қаруы . Жарықтық сәулелену
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Осы заманғы шет мемлекеттері әскерлерінің жаппай жою
қаруы . Жарықтық сәулелену.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ядролық жарылыстың жарықтық сәулелену әсерін
ұғындыру.
Уақыты: 45 мин.
Өткізілетін орны: БӘД бөлмесі.
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.
Пәнаралық, пәнішілік байланыс: Физика 11 сынып §8.12 301-303 бет
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
4. Жаңа сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма беру. Оқушыларды бағалау
Ұйымдастыру.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді,
амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
Үй тапсырмасын сұрау
1. Ядролық қару дегеніміз не?
2. Ядролық жарылыстар ненің көмегімен жүзеге асырылады?
3.Ядролық жарылысты неше түрге бөледі?
4.Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларын атаңдар.
5.Соққы толқын дегеніміз не?
Жаңа сабақ
Ядролық жарылыстың жарықтық сәулеленуі дегеніміз – спектрдің көзге
көрінетін, ультракүлгін және инфрақызыл облыстарындағы оптикалық
диапазондағы электромагниттік сәулелену. Соққы толқынның қандай ортада
туып, тарауына (суда не топырақта) қарай оны ауа толқыны, соққы толқын
(суда) және сейсможарылғыш толқын (топырақта) деп бөледі.
Ауа соққы толқыны деп ауаны шұғыл түрде қысып ұстап, содан кейін жарылыс
орталығынан жоғарғы дыбыстық жылдамдықпен жан-жаққа тарататын аумақ
айтылады.
Жарықтық сәулеленудің негізгі қайнар көзі – ауа мен оқ-дәрінің құрылымдық
материалдарының жоғары температураға дейін қызған буынан тұратын, ал жер
үсті жарылыстарында буланған топырақтан да тұратын жарылыстың жарқырауық
бөлігі болып саналады. Жарқырауық бөлік үш фазадан: бастапқы, бірінші және
екінші фазадан тұрады.
Бастапқы фаза өте қысқа мерзімді – оқ-дәрідегі ядролық реакцияның
бастапқы кезеңінен гомотерминалдық шардың үстіңгі қабатынан соққылы толқын
бөлініп шығуына дейінгі кезеңді қамтиды. Бастапқы фазадағы температура
біраз уақытқа дейін 10 000 тең болады. Соққы толқыны жарқырауық бөліктің
үстіңгі жағына шығу кезеңі бірінші фаза деп аталады, онда жарқырауық
бөліктің дамуы соққы толқын аймағының таралу заңдылығымен айқындалады.
Жарықтық температурасы соққы толқын аймағындағы ауа температурасына тең
болады.
Соққы толқыны аймағының жылжу шамасына қарай ондағы ауа температурасы мен
қысымы кемиді де, ауа жарқырауы тоқтамайтын сәт туады. Соққы толқыны аймағы
айқындала түседі. Температура минимумға түсіп, қайтадан көтеріле бастайды
және осы кезден бастап жарқырауық бөліктің дамуының екінші фазасы
басталады.
Ядролық жарылыстың жарықтық сәулеленуінің зақымдау қабілетін айқындайтын
негізгі өлшемі – жарық импульсі болып табылады.
Жарық импульсі U – жарықтық сәулеленудің энергия мөлшері. Жарық импульсі
бір шаршы метрге джоульмен (дж/метр квадрат) немесе бір шаршы см-ге
калориямен (кал/см квадрат) өлшенеді. 1кал/см квадрат = 4,2 х 100000 дж/м
квадрат.
Жарық импульсі жарылыс орталығынан қашықтаған сайын азая түседі және
жарылыс түрі мен атмосфера жағдайына байланысты болады.
Жарықтық сәулеленудің қарқындылығы қашықтаған сайын шашырау мен жұтылудың
әсерінен төмендей түседі. Төмендегі кестеде жарық импульсінің кейбір
жағдайдағы мәні көрсетілген.
|Көріну |Жарылыс эпицентрінен қашықтығы, км |
|қашықтығы,км | |
| |1 |2 |3,5 |4,5 |5,5 |10 |
|Жарылыс күші 20 мың тонна |
|20 |40 |91 |- |- |- |- |
|40 |50 |12 |2 |- |- |- |
|Жарылыс күші 100 мың тонна |
|20 |- |- |18 |12 |7 |2 |
|40 |- |- |35 |25 |15 |5 |
Жарықтық сәулеленудің зақымдау аймағы тек қана жарық импульсінің мәніне
ғана байланысты емес, 1см квадрат бет жарық энергиясының қандай үлесін жұта
алатындығы мен оның қандай температурада қызатындығына да байланысты.
Адамдардың жарықтық сәулеленуден зақымдануы адам терісінің әр түрлі
дәрежеде күюі мен көзінің зақымдалуы арқылы көрінеді.
Күйік төрт дәрежеге бөлінеді: 1-ші дәрежелі күйікте тері шала
зақымдалады, сырттай қарағанда, тек сәл қызарады; 2-ші дәрежелі күйікте
күлдіріктер пайда болады; 3-ші дәрежелі күйікте терінің терең қабаттары
жансызданады; 4-ші дәрежелі күйікте тері мен тері астындағы жасушалар,
кейде тіпті тереңдегі ұлпалар жарақаттанады.
Кез келген көлеңке беретін объект жарықтық сәулеленуден қорғаныш бола
алады.
Жарықтық сәулеленуден қорғанудың қосымша шаралары:
1. орлардың, жыралар мен жергілікті заттардың экрандау қасиетін қолдану;
2. жарықтық сәулелену энергиясын жұтуға арналған түтінді бүркеме жасау;
3. материалдардың шағылысу қабілетін көтеру (бормен ақтау, ашық түсті
сырлармен бояу);
4. жарықтық сәулелену әсеріне төзімділікті арттыру (балшық жағу, топырақ,
қар себу, маталарды отқа төзімді құраммен жарақтандыру);
5. өртке қарсы шаралар жүргізу (тез жанатын материалдарды алып тастау);
6. көзілдіріктер, жарық бекіткіштер және т.б. қолдану.
Жаңа сабақты бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Жарықтық сәулелену дегеніміз не?
2. Жарылыстың жарқырауық бөлігі неше фазадан тұрады?
3. Жарық импульсі туралы айтыңдар.
4. Күйік дәрежесі туралы не білесіңдер?
5. Жарықтық сәулеленуден қалай қорғануға болады?
Үйге тапсырма беру. Оқушыларды бағалау
Пайдаланылған әдебиеттер: АӘД оқулығы, физика 11 сынып, ғаламтор
материалдары.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz