Сауат ашу сабағы: Жабайы жануарлар туралы танымдық-тәрбиелік сабақ жоспары

Бөлімі: Сауат ашу
Тақырыбы: Жабайы жануарлар
Мақсаты: Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Жан-жануарларды қорғауға, оларға қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жабайы жануарлар суреттері.

Әрекект кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Әрекект кезеңдері:

Мотивациялық-

Қозғаушы кезең

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.

Қайырлы таң-көк аспан

Қайырлы таң-жер ана

Қайырлы таң-достарым

Қайырлы таң балалар

Сендерді көрсем қуанам

Бүгінгі тақырыпты хабарлау.

Балалардың іс-әрекеті: Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Әрекект кезеңдері:

Ұйымдастырушылық

ізденушілік

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Жабайы аңдарға нелер жатады?

Неліктен жабайы аңдар дейміз?

Жабайы аңдарды қайдан көруге болады?

Жұмбақ жасыру:

Өзі қу, жүрген жері айғай да шу. (Түлкі)

Өзіне болған қорған-орман,

ішінде бар бір аң қорбаң-қорбаң (Аю)

Балаларға жабай аңдардың қорегі туралы сұрақтар қою. Толықтырып түсіндіру.

Піл-ең үлкен жануар. Ол шөп, бұта сияқты өсімдіктермен қоректенеді. Керік ең биік жануар. Ол да өсімдіктермен қоректенеді. Тиін саңырауқұлақ, қарағайдың бүрінің дәнін қорек етеді. Ол жазда қысқы азығын жинап қояды. Жыртқыш аңдар өздерінен кіші, әлсіз жануарларды аулап жейді. Мысалы:Түлкі өте тісшіл аң. Қар астында тығылып жатқан тышқанды жылдам тауып, ұстап алады. Аю, қасқыр, қабылан жыртқыш аңдар.

Ә. Дүйсековтың «Піл» өлеңін оқу, бірнеше бала өлеңнің мазмұнын қалай түсінгенін баяндайды.

Піл әдісті біледі,

Тұмсығымен іледі.

Піл көтергіш кран!-деп

Бала біткен күледі.

Дәптермен жұмыс:

Ормандағы жабайы аңдардың тіршілігі туралы әңгімелеу.

Балалардың іс-әрекеті:

Балалар қарайды, мұқият тыңдайды.

Балалар өз ойларынан әңгіме құрайды.

Өлеңді қайталап айтады.

Әрекект кезеңдері: Рефлексивті-түзетуші
Тәрбиешінің іс-әрекеті: Сұрақ-жауап әдісі арқылы алған білімдерін пысықтау. Балаларды мақтау, мадақтау.
Балалардың іс-әрекеті: Сұрақтарға жауап береді.

Күтілген нәтиже:
Біледі: Жабайы жануарлардың аттарын біледі
Білу керек: Жабайы аңдар орманда өз бетімен тіршілік етеді.

Білуі тиіс: Жабайы аңдар адам өміріне қауіпті


Ұқсас жұмыстар
1-сынып сауат ашу сабағы: Жылқы туралы мәтінді меңгерту
Сабақ жоспары: Алматы зоопаркінде - жануарлар туралы танымдық сабақ (1-модуль)
Балабақшаға арналған сабақ жоспары: Экология негіздері - Жануарлар әлемі (үй және жабайы жануарлар)
Сауат ашу сабағы: О дыбысы мен әрпі
2-сынып Сауат ашу сабағы: Зат есім
Қ дыбысы мен әрпін таныстыру: сауат ашу сабағы
Сауат ашу: Қайталау - 1 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Сауат ашу сабағы: Ж (ж) дыбысы мен әрпі
Сауат ашу сабағы: Ж дыбысы мен әрпін оқыту
Сауат ашу сабағы: Ч дыбысы мен әріп таңбасын таныстыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz