Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Ө.Ақыпбеков Наурыз-жыл басы

Жанадилова Ж М

Бастауыш сынып мұғалімі
Мұхит атындағы
орта жалпы білім беретін мектебі

Батыс Қазақстан облысы
Әдебиеттік оқу 2-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ө.Ақыпбеков Наурыз-жыл басы
Сабақтың мақсаты; Өлеңді дұрыс түсініп оқуға, өлеңнің тақырыбымен идеясын
Білімділік: ашуға мүмкіндік жасау.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық, ізденімпаздық, шығармашылық,
топта өз бетімен жұмыс жасау қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік: Қазақтың ұлттық салт-дәстүрін, наурыз мейрамынның тәрбиелік
мәнін
ұғынуға, насихаттауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдісі: СТО ,Ж-Ж сұрақтар, 5 жолды өлең, эссе,
Сабақтың көрнекілігі: бейне фильм, суреттер, топтық тапсырмалар,
Күтілетін нәтиже: Өлеңді мәнерлеп оқу арқылы өлеңнің негізгі идеясын ашуға

жұмыстанады. Топта өз пікірін еркін айтуға,
топ мүшелерінің пікірн
тыңдауға тапсырмаларды талдауға, салыстыруға,
дәлелдеуге үйренеді

I. Психологиялық дайындық.( Шеңберге тұрып, өлең шумақтарын айтып,
бір-біріне тілек айту, көктем мезгілінің айларын табу арқылы
топқа бөлінеді
Қол ұстасып бәріміз, 1-топ
наурыз
Жылылықты сезейік. 2-топ
сәуір
Күндей болып әрқашан, 3-топ
мамыр
Күлімсіреп жүрейік!

II. Қызығушылықты ояту Ой қозғау Бейне фильмнен үзінді.Ұзынсары, наурыз
көже жасалу жолдары туралы
Жуан-жіңішке сұрақтар:
- Ұзынсары дегенді қалай түсінесің?
- Шұжық дөген не?
- Тошала,Атағаш сөздерінің мағынасын қалай түсінесің?
- Наурыз қандай мейрам?
-Наурыз күні қалай аталады ?
-Наурыз көже қалай жасалады? Оған нелер қосылады? Санамалап айт
-Әр адам наурызда қандай тілектер айтады?
Оқушылардың жауаптарын тыңдау,ойларын толықтыру
Ұзынсары, наурыз той, наурыз көжені дайындау бәрі-бәрі Жыл басы –Наурызда
болады

III. Мағынаны тану Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Наурыз-жыл басы»
(өлеңі)
Бейнефильмнен үзінді « Өтепберген Ақылбеков » Автор туралы мәліметтер
(Бейнефильмнен көргендерін айтып және ойларын толықтыру)

Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма Өлеңді мәнерлеп оқиды.
2 «Наурыз-жыл басы» өлеңді топта тізбектеп оқиды
3.Топта мазмұнын айтады,талдайды,салыстырып дәләлді шешіммен өз ойларын
айтады
4. Сөздік жұмыс Әбігер - жанталасу

IY.Ой толғаныс Топтық тапсырмалар
1-топ 6-тапсырма Өлеңді екі бөлікке бөл. Әр бөліктегі ақын ойын өз
сөзімен әңгімелету
|1-бөлік-көктем | | 2бөлік –Наурыз |
|мезгілі | |мейрамы |

2-топ- Наурыз мейрамын сіздің топ қалай қарсы аласыз? Постер қорғайды
Бауырсақ, наурыз көже, наурызға байланысты суреттермен байланыстырып,айтады

Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді жазып, өлеңді оқы
Ұлы к..ні ұл..ст..ң
К....н мен т...нді тең....ген.
Т...ті дәм...н ыр...стың,
Та........ық наур...з к...жед...н!

3-топ Өлеңнің ұйқасын тап!
Наурыз келді .............
Ақ қар ........ , қыс .......... .
Шырайлы шуақ ......... жетіп,
Төрт түлігін ..............
Қаймақ сүтін ............
Наурыз келді ...........!

Тыныштық сәті «Наурыз мейрамы»( жылы тілектер тыңдау)бейнеролик

Қосымша тапсырма: Тест тапсырмасы
1.Қазақ халқының ұлттық тағамдары
А. Бауырсақ, шелпек, наурыз көже, бесбармақ,
Ә.нан. бауырсақ, палау,
Б.кеспе, палау, шелпек,

2. Наурыз мейрамындағы басты тағам
А. Нан
Ә. Палау
Б. Наурыз көже

3.Наурыз көженің құрамында нелер болады?
А. Нан. өт, сүт, айран, күріш,
Ә. Жарма, бидай, күріш, ет, айран, су, тұз,
Б. Арпа, бидай, су, нан, айран,

Қорытындылау

-Қыс қандай суық болса да, біздің наурыз айымызда күніміз жарқырап
шуағын төгіп тұр.
Күн жер бетіне жылуын сыйласа, жер беті, табиғат ана өз мейірімін, жылуын
еш уақытта
адамзаттан аямайды екен.Жыл басы –наурыз , құтты болсын дәм,тұзымыз мол
болсын, жылымызда молшылық,тоқшылық, бейбітшілік, берекелі жыл бол
Формативті бағалау, ( геометриялық фигуралар арқылы)
мадақтау

Үйге : Өлеңді жаттау . Эссе жазу « Наурыз –жаңа күн »

Ұқсас жұмыстар
Нұрқасым Қазыбеков.Наурыз көже
Наурыз – жыл басы ( Тәрбие сағаты )
Наурыз мерекесі
Наурыз салтанаты
Наурыз-жыл басы. Қош келдің, наурыз
Қош келдің, әз - Наурыз сценарий
"наурыз мейрамы, қазақ халқының ауыз әдебиеті, шешендік өнері" ашық сабақ 5 сынып
Қыдыр ата
Қош келдің,әз наурыз!
Наурыз – думан жайлы ақпарат
Пәндер