Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Біздің Отанымыз - Қазақстан

Тақырыбы: Біздің Отанымыз - Қазақстан.
Мақсаты:
1. Оқушыларға Қазақстан Республикасының құрылуы және оның
географиялық жағдайын, табиғат ерекшеліктері мен пайдалы
қазбалары жайында түсіндіріп білімдерін жетілдіру;
2. Танымдық ойлау қабілеттерін арттыру. Бірінің пікірін бірі
тыңдай білуге үйрету;
3. Елін, жерін, салт-дәстүрін құрметтейтін жаны таза, рухы мықты
азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Аралас сабақ
Сабақтың типі:
Жаңа материалды игеру
Сабақтың әдісі:
Түсіндіру, баяндау, талдау
Сабақтың көрнекіліктері:
Слайд және суреттер, үлестірмелі карточкалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
- Балалар, бүгін сіздер қандай көңіл күйде отырсыздар? Осы сұраққа жауап
беру үшін алдарыңызда 3-түсті гүлдер бар.
Қызыл түс – жақсы
Жасыл түс – көтеріңкі
Сары түс – мұңды екендігін білдіреді. Қанеки, көтеріңіздерші біреуін.
- Жарайсыңдар, балалар.
Демек, бүгін бәріміздің көңіліміз көтеріңкі, жақсы екен. Бүгінгі сабаққа
сіздерге сәттілік тілеймін.
ІІ. Үй тапсырмасын қайталау.
Ал енді балалар бүгінгі үй тапсырмасын ойын арқылы тексерейік. Ойынның
аты «Иә - жоқ» (Ойынның шартын түсіндіру)
1. Асар жасау ол той. –
2. Білім ошағы ол сынып бөлмесі. +
3. Наурызды бүкіл Шығыс елдері мерекелейді. +
4. Егін егу, мал бағу, бау-бақша өсіруді – қала тұрғындары істейді. –
5. Шілдехана, бесікке салу, атқа мінгізу, тілашар мұның бәрі үлкенге
деген сүйіспеншілік. -
6. Бас екеу болмай мал екеу болмайды, келісесіңдерме? +
7. Қазақ халқы келген қонақты сырттан шығарып салады. –
8. Неке деген екі адамнан құрылған ерікті одақ. +
Енді қолдарыңдағы қағазды көршілеріңмен ауыстырыңдар. Мен дұрыс жауапты
оқимын.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қазақстан туралы ән ойнайды.
-Әнде не туралы айтылған?
жерім
Отанымыз

елім
тіліміз

президентім
дінім
- Яғни, біздің бүгінгі тақырыбымыз біздің Отанымыз – Қазақстан.
- Бүгінгі сабаққа қандай мақсатты қоямыз?
- Қазақстан туралы кеңінен білуіміз керек.
- Осы мақсатқа жету үшін алдымызға міндеттер белгілеп алайық.
Міндеттер:
1. Қазақ елі тарихқа шолу.
2. «Менің ізденісім – менің нәтижем» шығармашылық жұмыс.
а) көлдері
ә) өзендері
б) таулары
в) пайдалы қазбалары
г) халық саны
д) ұлт өкілдері
3. «Бес жолды өлең» әдісі.
4. Сөзжұмбақ шешу.
5. «Қазақстан менің көзіммен» шағын эссе жазу, сурет салу.
Кіріспе сөз: Балалар, біздің күніміздің ортасынан «Қазақстан» деген сөз
тұр. Ол нені білдіреді? Оның шуақтарынан біздің қонақжай қазақ елі көрініп
тұр. Қазақ жері ұлан байтақ. Қазақстан сенің туған жерің, атамекенің. Қазақ
елі қашаннан ата-бабаңның қоныс тепкен жерің. Біздің елде әр түрлі ұлт
өкілдері бейбіт өмір кешуде. Табиғаты тамаша, керемет таулары, ағаштары,
көлдері қандай ғажап. Қазақстанымыз қарқынды даму үстінде, баршамызға
қымбат және бақытты ел. Бүгінде қазақ елін бүкіл әлем таниды. Сондықтан
еліміз бейбіт өмір сүруде. Сендер сияқты балалар тегін білім алуда. Осының
барлығы Нұрсұлтан Әбішұлы Елбасының көрегенді саясатының арқасы.
Осы 21 жыл ішінде Қазақстанның жаңа келбеті кестеленді. Соның ішінде
1997 жылы Астанамыз жаңа Астана қаласы болды. Астанамызға әр түрлі
ғимараттар салынды. Басқа елдермен достасып, олармен жұмыс жасайды. Күннен
күнге еліміз, Отанымыз жанданып гүлденіп келеді. Қазақ жері Батыста Каспий
маңы ойпатынан Шығыста Алтай тауына дейін 3000км, Солтүстіктен Оңтүстікке
қарай 1600км созылып жатыр. Біздің көп жерімізді жазықтар алып жатады.
Қазақстан 5 елмен шектеседі: Түркменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және
Қытай елдерімен. Біздің еліміз осы елдермен өзара тиімді достық қарым –
қатынас жасауды мақсат етеді.
Балалар, біздің жеріміз кең байтақ, табиғаты алуан түрлі, мөлдір
көлдерге бай осы туралы сіздер ізденіп келулеріңіз керек болатын. Бұл
біздің 2-ші міндетіміз. Бұл сіздердің шығармашылық жұмыстарыңыз. Қане,
осыған назар аударайық.
а) таулары
ә) өзендері
б) көлдері
в) пайдалы қазбалары
г) халық саны
д) ұлт өкілдері
Сергіту сәті.
Біздің Қазақстан қандай ел?
- Келесі міндетіміз «Бес жолды өлең» әдісі, бұл әдіс бәрімізге таныс.
1. Қазақстан.
2. Тәуелсіз Қазақстан, зайырлы мемлекет.
3. Мемлекетіміз баиды, көркемдейді, гүлденеді.
4. Біздің Отанымыз – Қазақстан.
5. Өзге елде Сұлтан болғанша
Өз еліңде Ұлтан бол.
- Енді кезекті «Сөзжұмбақ» шешуге берейік.
1) Елді басқаратын тұлға. (Президент)
2) Президенттің жыл сайын халыққа не жолдайды? (жолдау)
3) Біз қандай мемлекетпіз? (тәуелсіз)
4) Қарағанды пайдалы қазбалардың бірі. (көмір)
5) Адам құқығын қорғайтын құжат. (Конституция)
| | |п | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | |к | | | | | | | | | | |ж | | | | | | | | |к | | | |
| | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |т | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |
| | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |IV. Сабақты
бекіту:
Эссе жазу, сурет салу.
V. Қорыту:
- Балалар, біз бүгін Қазақстан туралы әңгімеледік, суреттедік, оның сан
алуан табиғаты, жері туралы мағлұмат алдық. Білімізді ортаға салдық.
Белсенділік көрсеттік. Осы бүгінгі көрсеткен жақсы білімізді Қазақстанның
өркендеуіне қосқан үлесіміз деп білейік.
VІ. Рефлексия.
- Сабақ барысында көңіл күйлеріңіз қандай болды?
- Сабақтан көп нәрсе үйрендіңіздер ме?
(Оқушылар себеттің ішіне гүлдерін салады)
- Міне, балалар, біздің көңіл күйіміз көтеріңкі болды.
- Сабақтан көп үйреніп білдік.
VІІ. Бағалау.

5 ___
4 ___
3 ___ Оқушының аты-жөні

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17

Жамбыл облысы
Шу ауданы
Белбасар ауылы
Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі:

Утарбаева Кулайша Райымбекқызы
-----------------------

Қазақстан

Ұқсас жұмыстар
Атамекен. тест, 3-сынып
Біздің Отанымыз - Қазақстан Қазақстан - көп ұлтты, дербес, тәуелсіз мемлекет
Әнұранымыздың авторлары
Біздің отанымыз
Ұйымдастыру мин
Мен отанымды сүйемін
Менің отаным Қазақстан жайлы
Орал - тарихи қала
Қазақстан астанасы - АСТАНА қаласы
Тәуелсіз Қазақстан Қазақ тіліне тән дыбыстар
Пәндер