Мұқағали Мақатаевтың Сүйемін өскен Отаным өлеңі негізіндегі бастауыш сынып сабақ жоспары

Тақырыбы: Сүйемін, өскен Отаным!
Мақсаты:
- Оқушыларға М. Мақатаевтың өмірі мен оның түсіндіру;
- Ауызекі сөйлеу, еркін сөйлеу есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- Отанын қадірлеуге, туған жердің табиғатын, тарихын, белгілі адамдарын қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері:
М. Мақатаевтың портреті, «Махаббат сазы» өлеңдер мен поэмалар жинақ кітабы, «Туған жер» тақырыбына суреттер, семантикалық карта, үнтаспа.
Сабақтың түрі:
Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
ІІ. Үй тапсырмасын қайталау.
- «Туған жер» өлеңін жатқа сұрау.
- Қасым Аманжолов туралы әңгімелету.
- Автордың туған жерге деген сүйіспеншілігі, ыстық сезімі өлеңнің қай жолдарында айтылады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Бүгінгі сабақта қазақ халқының тағы да аса дарынды ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармасымен танысамыз. (портрет)
- Оның өлеңдері туған жер, табиғат туралы. Ол жастарды елді, табиғатты сүюге, оны аялай білуге үйретеді. Ол 14 жасынан бастап өлең жазды.
1) Өлеңді мәнерлетіп оқыту;
2) Оқушылар кезекпен оқып, мазмұнын ашады, талдайды;
3) Дәптермен жұмыс. Өлеңдегі ақынның нені сүйетінін үлгі
ағашқа қарап жазу
Сүйемін
топырағын тасын
кәрісін жасын
салқын кештерін соққан шелін
жота қырларын жылқышыны
жауған нөсерін күркіреген аспанын
жастарын көкшіл аспанын
сырқыраған өзенін гүл өскен даланы
жылаған баланы өскен Отаным
Сергіту сәті.
IV. Сабақты бекіту:
1) Суреттермен жұмыс.
«Туған жер» тақырыбына байланысты суреттерді көрсету. Оқушылар суретке қарап, қазақ елінің табиғаты туралы әңгімелейді
2) Үнтаспамен жұмыс
Үнтаспадан М. Мақатаевтың сөзіне жазған әндерімен таныстыру. «Сәби болғым келеді», «Қуанышыңмен», «Есіңе мені алғайсың».
3) Семантикалық картамен жұмыс
Авторлар
Өлең шумақтары
Сүйемін мен жерімнің
Топырағын, тасында.
Уа, дариға, алтын бесік туған жер
Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр!
Бұлтсыз, айсыз, жылы леп,
Сүйемін салқын кештерін.
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің!
Нендей күйге жүрегімді бөледің?
V. Үйге тапсырма:
Өлеңді жаттап келу. Автордың өмірі туралы білу.
«Туған жер» тақырыбына сурет салу.
VІ. Бағалау.
5 ___
4 ___
3 ___ Оқушының аты-жөні
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
Жамбыл облысы
Шу ауданы
Белбасар ауылы
Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі:
Утарбаева Күлайша Райымбекқызы