7-сынып физикасы: Белгілі бір бетке түсетін қысым және есептер шығару

- Белгілі бір бетке түсетін қысым жайлы мағлұмат беру
- Белгілі бір бетке түсетін қысымның формуласын есеп шығаруда қолдана білуге үйрету
- Топта бағалауға баулу
- Белгілі бір бетке түсетін қысым жайлы мағлұмат алады
- Белгілі бір бетке түсетін қысымның формуласын есеп шығаруда қолдана білуге үйренеді
- Топта бағалай алатын болады
Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды.
Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:
р-қысым,
Ғ-бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күш немесе қысым күші;
S-күш түсетін беттің ауданы.
![]()
![]()
ХБЖ-да қысым паскальмен өлшенеді.
.
гПа=100 Па=10 2 Па
кПа=1000 Па=10 3 Па
МПа=1 Па=10 6 Па
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары : (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру ( 2 минут)
- Сәлемдесу
- Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
- Түгелдеу
1. 2. Топқа бөлу (сурет қиындылары арқылы 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут )
- Қысым жайлы не білеміз?
- Қолмен іс тіккенде неліктен бармаққа оймақ кигізіледі?
- Шаңғысыз жүргенде адам неліктен қарға омбылайды?
- Жүк машимналарының артқы доңғалақтары қос-қостан болатыны неліктен?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)
- Қысым формулаларына шолу жасау
ІҮ. Топтық жұмыс (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген есептерді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
Көш
басшы
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
20-жаттығу. №1, №2, №3, .
- Массасы 6610 кг шынжыр табанды трактордың табандарының тірек ауданы 1, 4 м2. Осы трактордың топырақ бетіне қысымын анықта?
- 0, 02 м2ауданға 50 Н күш әрекет етеді. Қысымды анықтаңдар?
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ. ) (3 минут)