Жақсылық - жан шуағы

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп:Бектау орта мектебі

Мерзiм:

Мұғалім: Мүтән Бұлбұл

Сынып: 11

Оқушылар саны 15

Тақырып: Жақсылық - жан шуағы.

Құндылық: Дұрыс іс-әрекет.

Қасиеттер: Сүйіспеншілікпен және махаббатпен жұмыс атқару, әділдік, қоғамға риясыз қызмет ету.

Сабақтың мақсаты: Жақсылық -жан шуағы екенін ұғындыру арқылы дұрыс іс-әрекет жасауға үйрету.

Міндеттері:

  1. Жақсылықты - сүйіспеншілікпен және махаббатпен атқаруға үйрету.
  2. Әділдікті қолдауға дағдыландыру.
  3. Қоғамға риясыз қызмет етуге тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) интертақта,

үнтаспа, музыка, оқулық, дәптер.

Сабақтың мақсаты: Жақсылық -жан шуағы екенін ұғындыру арқылы дұрыс іс-әрекет жасауға үйрету.Міндеттері:Жақсылықты - сүйіспеншілікпен және махаббатпен атқаруға үйрету.Әділдікті қолдауға дағдыландыру.Қоғамға риясыз қызмет етуге тәрбиелеу.:

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.

Үй тапсырмасын тексеру:

Үйге алдын ала беріліп қойған Г. Молдағалиеваның «Шипалы түн» әңгімесі бойынша сұрақ кою.

1. Адамды жақсылық жасауға итермелейтін қандай сезім?

2. Жақсылық жасаушы адамның үлгісі бола ма?

3. Жақсылық нәтижесін бірден көруге бола ма?

4. Өз бойындағы қандай қасиеттер ұнайды?

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) интертақта,үнтаспа, музыка, оқулық, дәптер.:

Ескерту

Мәтінді оқып, мазмұнын түсіну, негізгі идеясын түсіну.

Сабақтың мақсаты: Жақсылық -жан шуағы екенін ұғындыру арқылы дұрыс іс-әрекет жасауға үйрету.Міндеттері:Жақсылықты - сүйіспеншілікпен және махаббатпен атқаруға үйрету.Әділдікті қолдауға дағдыландыру.Қоғамға риясыз қызмет етуге тәрбиелеу.:

Дәйексөз.

Жақсылыққа жақсылық- әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық - ер адамның ісі.

Халық мақалы

-Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі деп не жайлы айтылған?

- Жамандыққа жақсылық деген не?

- Ер адамның ісі дегенді қалай түсінесіңдер?

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) интертақта,үнтаспа, музыка, оқулық, дәптер.: Қыздар 1 рет қайталайды, ұлдар 1 рет қайталайды, барлығы 1 рет қайталайды. Дәптерге жазады, жаттайды.
Сабақтың мақсаты: Жақсылық -жан шуағы екенін ұғындыру арқылы дұрыс іс-әрекет жасауға үйрету.Міндеттері:Жақсылықты - сүйіспеншілікпен және махаббатпен атқаруға үйрету.Әділдікті қолдауға дағдыландыру.Қоғамға риясыз қызмет етуге тәрбиелеу.:

Әңгімелеу.

З. Ахметованың «Шуақты күндер» үзінді әңгімесінен баяндау.

. . . Ағыны жойқын тасқынды алақанмен сипап тоқтатуға бола ма? «Күн сәулесін уысыма қыстым» -деп кім айта алады? «Құбылған сағымға жеттім» - деген жан бар ма? «Саумал самалды ұстадым» - деп мақтана аласыз ба? Ақ түнек қарлы боранды арқандағанды кім көріпті? Олай болса, менің атамды да жете білдім деп ешкім айта алмайды.

Атам «сегіз қырлы, бір сырлы» деп мақтап айтатын дәстүрлі сөзге сыймайды. Гауһар тастың қырының көптігі оның асылдығы, құндылығының белгісі екен. Алайда оның қырын зергерлер санай алады. Ал атам - сан сырлы, алуан қырлы, табиғаттың тақ жаратқан қайталанбас бір сыйлығы . . .

Біз бірге тұрған алғашқы қыста атам көбінесе төсекте жатты, есесіне денсаулығы жақсарып, бұрынғыдан көш ілгері тыңайды. Қиналмай, өздігімен еркін жүре алатын болғанына біз керемет қуандық. Содан, көк қаулай шығып, күн жылынғанда, аяқ астынан ауылға кетті де қалды. Мен керек заттарын қас пен көздің арасында зорға жинап үлгердім. Түнде ғана басқа жұмыстарды жоспарлап отыр еді, неге бұлай, ойламаған жерден орнынан қозғалып бара жатқанын түсінбедім. «Күте алмаған екенмін, ойлағанындай қызмет көрсете алмаппын» - деген ойдан көңілім жер болды да қалды. Қолымнан келгенді шамам жеткенше істеген сияқты едім, кім білсін, бірегей жанның бабын таба алмауым мүмкін ғой. Кінәлі адамдай жаутаңдап, қайыр күтіп жүзіне қарай бердім. Тілімнің ұшына келіп тұрған «неге» дегенді айтуға батылым жетпейді. Күдігім шынымен анық болып, атам маған наразы көңілмен кетіп бара жатса, қайтемін деп іштей дірілдеп берекем кетті . . .

Кетуге уақыт таяп қалғанда, атам ештеңе демей қоя ма деп, көзі құрғырға жас толып шыға келді.

- Тәйт, әрі, елден ұят! - деп атам зекіп тастады. Келіп қалған көз жасым мынандайдан кейін тоқтауға ерік бермей төгіліп-төгіліп түсті.

- Не смей плакать! - Бұл жолы зекіген жоқ, мен туфлиімнің тұмсығымен жер шұқып, дымым шықпай тұрып қалдым.

Атам кенеттен мырс етіп күліп жіберді. Осы күлкі маған дем бергендей басымды көтеріп, жүзіне қарадым. Атам деген өте сезгір психолог адам, менің сұрай алмай тұрғанымды көзімнен оқып қойғандай сөйледі.

- Балам, екі бірдей ауру адамды күтіп, қыстай шаршадың. Өсіп келе жатқан жас баланың міндеті де оңай емес. Мен сияқты «көктемдей құбылмалы мінезі бар» шалмен арпалысудың өзі-ақ қажытқан шығар. Сен біраз демалғын, - деді.

- Ой, ата-ай, - деп, қарсы сөз айтпақ едім, саусағын шошайтқанда кілт тоқтадым.

- Шаршаған жоқпын десең, бәрібір сенбеймін. Көмпіс адамның сыпайыгершілігімен өтірік айтқалы тұрсың. Өзгені алдасаң да, мені алдай алмайсың. Қажығаның рас, одан да мен қайтып келгенше күш жинағын, - деп сөзін күліп аяқтады.

Атамды ақ жол тілеп шығарып салдым. Айтқан сөздерін ойша екшеп көрсем, бір жағынан жөні де бар екен. Осы алғашқы жылдың ешқайсымызға оңай тимегені рас. Атам төсекте қыстай шегеленіп жатты. Қолтығын қажаған қос балдақпен сықырлап Бақытжан жүрді. Кейде өзіме ауырлау тигені рас. Сонда да, қиын деп шағынудан аулақпын. Қалай болғанда бір жылдың ішіндегі мен алған өмір сабақтарын ешқандай университет бағдарламасы бере алмас еді.

Мұғалімнің сыйы:

1. М. Момышұлының фильмінен үзінді көру.

Әңгіме мен М. Момышұлының фильмінен нені түсініп, нені ұғындық.

2. Жақсы-жаман (поэзия)

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) интертақта,үнтаспа, музыка, оқулық, дәптер.:
Сабақтың мақсаты: Жақсылық -жан шуағы екенін ұғындыру арқылы дұрыс іс-әрекет жасауға үйрету.Міндеттері:Жақсылықты - сүйіспеншілікпен және махаббатпен атқаруға үйрету.Әділдікті қолдауға дағдыландыру.Қоғамға риясыз қызмет етуге тәрбиелеу.:

Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Жағдаятты шешу.

1 топқа: Мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Наурыз мерекесін өткізуге байланысты ойланып келуге тапсырды.

Сіз өз идеяңызды топтағы сыныптасыңызбен бөлістіңіз. Бір сыныптасыңыз жиналыста сіздің идеяңызды өзінің атынан айтты. Сіз не істер едіңіз?

2 топқа: Сен жолда кетіп бара жатып ойда жоқта қомақты әмиан тауып алдың. Жан-жағына қарасаң ешкім көрінбейді. Сенің іс -әрекетің?

3топқа: Шыңғыс әркез азаматтық іс көрсетуге, көмек жасауға дайын тұрады. Оның бұл әрекеті жолдасы Нұрболға ұнамайды.

«Мен саған сенемін» ойыны
Әуен ойнап тұрады . Жұп құрып, бір- бірінің көздеріне қарап отырады . «Мен саған сенемін . . . » өйткені сен жақсы адамсың .

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) интертақта,үнтаспа, музыка, оқулық, дәптер.:

Әр топ өз жағдаяттарына толық және нақты жауап беруі тиіс.

Әдемі әуен. Екі сыныптас оқушы бір-біріне қандай адам екені жайлы өз ойларын айтады.

Сабақтың мақсаты: Жақсылық -жан шуағы екенін ұғындыру арқылы дұрыс іс-әрекет жасауға үйрету.Міндеттері:Жақсылықты - сүйіспеншілікпен және махаббатпен атқаруға үйрету.Әділдікті қолдауға дағдыландыру.Қоғамға риясыз қызмет етуге тәрбиелеу.:

Топпен ән айту.

«Отаным»

Отан менің тұрағым да тірегім,

Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім,

Отан менің айбарым да мақтаным,

Жаса, жайна қазақ деген ұлы елім,

Құт береке тұнып тұрған қойнауың,

Далам дархан, жазиралы жайлауым.

Орман тоғай заңғар шыңы белесі

Қарт Қаратау, Алатауым айбарым.

Отаным менің Қазақстаным,

Желбіресін, биіктесін көк байрағың,

Отаным елім Қазақстаным

Құт мекенім жәннәт өлкем текті аймағым.

(2 рет)

Топырағың қасиетті құнарым

Тасың алтын бал татыған бұлағың,

Сары- Арқаның төсіндегі Ақ Ордам,

Ер еңбегі, ел жүрегі тұмарым,

Ұлағатты ұландарың сайрасын.

Өркендеп ел жарқын жүзің жайнасын.

Бейбіт өмір құшағында жайланып

Берекелі басыңнан бақ таймасын.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) интертақта,үнтаспа, музыка, оқулық, дәптер.:
Сабақтың мақсаты: Жақсылық -жан шуағы екенін ұғындыру арқылы дұрыс іс-әрекет жасауға үйрету.Міндеттері:Жақсылықты - сүйіспеншілікпен және махаббатпен атқаруға үйрету.Әділдікті қолдауға дағдыландыру.Қоғамға риясыз қызмет етуге тәрбиелеу.:

Үй тапсырмасы. «Жанымда жүр жақсы адам» атты тақырыпқа ой-толғау жазу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) интертақта,үнтаспа, музыка, оқулық, дәптер.:
Сабақтың мақсаты: Жақсылық -жан шуағы екенін ұғындыру арқылы дұрыс іс-әрекет жасауға үйрету.Міндеттері:Жақсылықты - сүйіспеншілікпен және махаббатпен атқаруға үйрету.Әділдікті қолдауға дағдыландыру.Қоғамға риясыз қызмет етуге тәрбиелеу.:

Сабақты қорытындылау.

-Балалар енді көзімізді жұмып, бүгінгі сабақта өткен кезеңдерді есімізге түсірейік. Енді осы барлық жағымды әрекеттерімізді жүрегімізде сақтайық.

Сіздерге көп рахмет!

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) интертақта,үнтаспа, музыка, оқулық, дәптер.: Тыныш, әдемі әуен жүріп түрады.

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп: Бектау орта мектебі

Мерзiм

Мұғалiм: Мүтән Бұлбұл

Сынып: 11

Оқушылар саны:

Тақырып: Арман жарқын болашық бейнесі

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: Сенімділік, жауапкершілік, сүйіспеншілік


Ұқсас жұмыстар
Адамгершілік туралы
Ана - өмірдің шуағы жайлы
Біз осындай баламыз
Ана десем сезім білер тым ыстық
Мейірімділік - асыл қасиет. 3-сынып
Еңбек жолыңа сәттілік, жас маман!
Қызым – қызғалдағым, ұлым – ізгі арманым ( 7 сынып )
Асыл анам мерекең
Ана өмір шуағы жайлы
Шыншылдық - адамдықтың белгісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz