Эстафеталық жүгіріс 4х60 м

І. Үргенішбаев атындағы орта мектебі.

Ашық сабақ.

Өткізген : Ізбасханов. А

2015-2016 оқу жылы.

Ашық сабақ 7 «ә» сынып.

Сабақтың тақырыбы: Эстафеталық жүгіріс 4х60 м

Сабақтың мақсаты: Эстафеталық жүгіріс 4х60 техникасын жетік меңгерту арқылы

икемдік, тұтас қозғалыстың үйлесімділігін қалыптастыру.

Сабақтың міндеті:

1) 4х60м эстафеталық жүгіріс түрін түсіндіру,

2) Адамгершілікке, отанын сүюге, ұқыптылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

3) Оқушының шапшаңдық, шыдамдылық қасиеттерін дамыту

Сабақтың өткізілетін мерзімі:

Керек құрал-жабдықтар: ысқырық, эстафеталық таяқша, доп, секіргіш, кедергілер, сұрақтар,

Өткізілетін орны: мектеп стадионы.

Сабақтың мазмұны

Жүктеме

мөлшері

Әдістемелік нұсқаулар
№:
Сабақтың мазмұны: Дайындық бөлім
Жүктемемөлшері: 12-14м
Әдістемелік нұсқаулар:
№: 1
Сабақтың мазмұны:

Сапқа тұрғызу Түзел! Тік тұр!

Рапорт қабылдау, сәлемдесу.

Жүктемемөлшері: 1' 30"
Әдістемелік нұсқаулар: Оқушылардың киімі дене шынықтыру сабағына сай болуы.
№: 2
Сабақтың мазмұны:

Саптық жаттығуларды орындау:

«Оңға», «Солға», «Артқа бұрыл» бір қатардан екі қатарға сап түзе. т. б

Жүктемемөлшері: 1' 30"
Әдістемелік нұсқаулар:

Оқушылардың денсаулығына көңіл бөлу

Жаттығуды бір мезгілде жасалуын қадағалау

№: 3
Сабақтың мазмұны:

Бір қалыпты жүгіріс. Ойын алаңын екі айналып жүгіру.

Тыныс алу жаттығуларын орындау:

- Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен терең дем алып, еңкейіп дем шығару

Жүктемемөлшері: 5'
Әдістемелік нұсқаулар:

Қауіпсіздік ережелерге мәнберу

Іштегі ауаны толық сыртқа шығару

№: 4
Сабақтың мазмұны:

Ж. Д. Ж

- Б. Қ. аяқ иық көлемінде қол белде 1-2 басын солға, 3-4 оңға айналдыру.

- Б. Қ аяқ иық көлемінде қол иықта 1-2 шынтақты алға, 3-4 артқа айналдыру.

-Б. Қ аяқ иық кеңдігінде қол кеуде алдынды,

Қолды жартылай және толықтай бүгіп, жазу.

-Б. Қ оң қол жоғарыда сол қол төменде қолды жоғары төмен сермеу.

-Б. Қ сол қол белде, оң қол жоғарыда солға, оңға иілу.

- Б. Қ аяқ иық көлемінде қол белде1-2 белді солға қарай, 3-4 оңға қарай айналдыру.

- Б. Қ аяқ иық кеңдігінде 1 қолды жоғары көтеру, 2 еңкейіп қолды аяқтың ұшына тигізу, 3 қолды алға созып отыру, 4 Б. Қ келу.

- Б. Қ аяқ иық кеідігінде қол алда 1 отырамыз,

2 Б. Қ келеміз.

Жүктемемөлшері:

6'

6-7 рет

6-7 рет

6-7 рет

6-7 рет

6-7 рет

6-7 рет

6-7 рет

20-30 рет

Әдістемелік нұсқаулар:

Денені тік ұстау

Шынтақты толық алға, артқа айналдыру

Қолын дұрыс бүгіп-жазу

Қолын тік ұстау

Дұрыс иілу

Санақ бойынша бір мезгілде жасау

Қолды алға созып отырып, тұру

Толық отырып-тұру

№:
Сабақтың мазмұны: Негізгі бөлім
Жүктемемөлшері: 27
Әдістемелік нұсқаулар:
№:
Сабақтың мазмұны:

Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс - Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш. Бекбаев алды (1943) . Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Олар: Е. Кадяйкин, Ұ. Қосанов, Ә. Тұяқов, В. Савинков, Л. Кононова, С. Исабаев, Б. Күреңкеев, В. Муравьев, В. Савин, В. Солдатенко, Л. Микитенко, А. Бадранков, т. б. Қазақстандықтар арасында Олимпиялық ойындарға тұңғыш қатысқан спортшы Е. Кадяйкин болды. Тәуелсіз елімізге тұңғыш алтын медальді 2000 жылы Сиднейде (Австралия) өткен 27-Олимпиялық ойындарда кедергі арқылы жүгіруші О. Шишигина әкелді.

Жеңіл атлетика ның тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген

-Эстафеталық жүгіру түрегеп тұрған бастапқы қалыптан басталады.

-Бір біріне эстафеталық таяқша беру арқылы жүгіреді.

-«Дайын бол» пәрменін естігеннен кейін аяқтарды бүгіп, кеудені алға еңкейтеді.

-«Марш» пәрмені естілгенде кеуде сөреден шыққаннан кейін тез жазылады.

-Эстафеталық таяқшаны келесі ойыншыға бергенде сол қолмен біріп, оң қолмен алу

-Мәре кермесіне жақындағанда шамамен 1м қалғанда жүгіруші денесін алға еңкейтіп шапшаңдықты бәсеңдетпестен мәре сызығын жүгіріп өткені жөн

Жүктемемөлшері: 19
Әдістемелік нұсқаулар:

Төспен және оң иықпен немесе

сол иықпен мәреге кіру

№:
Сабақтың мазмұны:

Эстафеталық ойындар:

-Кім жылдам сұраққа жауап беру

-Таяқшамен жүгіру.

-Допты қолмен жылжыту.

-Секіргішпен жүгіру.

-Қаппен секіру.

Жүктемемөлшері: 8'
Әдістемелік нұсқаулар:

Жылдам әрі нақты жауап беру.

Таяқшаны қолына ұстату.

Допты жанынан асырмау.

Дұрыс секіру.

Шап-шаң қозғалу.

№:
Сабақтың мазмұны: Қорытынды бөлімі
Жүктемемөлшері: 4
Әдістемелік нұсқаулар:
№:

1

2

3

Сабақтың мазмұны:

Сапқа тұрғызу.

Сабақты қорытындылау және бағалау.

Үйге тапсырма: 60 м жүгіру

Жүктемемөлшері:

2'

1'

1'

Әдістемелік нұсқаулар: Сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды мадақтау және кемшіліктерін ескерту

Ұқсас жұмыстар
Конькиден эстафеталық ойындар
Дені саудың - жаны сау
Салауатты өмір салты дағдыларын орнықтыру
Эстафеталық ойын. ұлттық ойын «хан талапай»
Төменгі сөреден 30 м-ге жүгіру
Ашық сабақ. Сабақ жоспары
Акробатикалық жаттығуларға эстафеталық ойындар
Допты тордың астынан көтеру. 9 сынып
Тепе теңдік жаттығуларын үйрету
Екі қатардан екі шеңбер құру қиғаштап қарсы бағытта жыланша жүру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz