Таңбалары әр түрлі екі санды қосу: сайыс сабағының жоспары

Үшағаш негізгі орта мектебі
Сабақтың тақырыбы:
Таңбалары әр түрлі екі санды қосу тақырыбына есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушылардың таңбалары әр түрлі екі санды қосу тақырыбынан алған білімдерін тереңдету, жүйелеу.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуальдық қалыптастыру, математикаға деген қызығушылығын арттыру.
Б) Тәрбиелік: Оқушыларды өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке, өз мүмкіндіктерге сенуге, үлкен жетістікке ұмытылуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Сайыс-сабақ
Сабақ әдісі:
Танымдық ойын, тест, топпен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, сұрақ-жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, құнды қағаз, сызғыш, сөз жазылған конверт, тірек-кестелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, информатика
Сабақ жүрісі:
- Ұйымдастыру
- «Алғашқы қадам» (үй тапсырмасын тексеру)
- «Ойлы болсаң, озып көр» (сұрақ-жауап, әр сұраққа 10 ұпай)
- «Біліктілік сайысы» (әр топқа тапсырмалар беру)
- «Білімің - ұшыр қанатың» (оқулықпен жұмыс)
- «Сергіту сәті» (топтарға сөзжұмбақ, жұмбақтар, мақалдар беру)
- «Шешуші сәт» (семантикалық карта мен сәйкестендіру тестісін беру, тест тапсырмалары)
- Үйге тапсырма
- Қорытындылау, мадақтау, бағалау.
Сайыс сабағымызды бастау үшін сынып оқушылары 2- топқа бөлінеді.
Олар: «Оң сандар», «Теріс сандар» топтары.
І бөлім «Алғашқы қадам»
- Оң сан дегеніміз не?.
- Таңбалары әр түрлі сандарды қосу.
- Кез келген санның 0-мен қосындысы.
- Бүтін сандар жиыны деп нені атаймыз?
- Қарама-қарсы сандар деп нені атаймыз?
- Теріс сан дегеніміз не?
- Рационал сандар деп кандай сандарды айтамыз?
ІІ бөлім «Ойлы болсаң, озып көр»
(әр топқа жеке-жеке тапсырмалар беру, )
«Оң сандар» тобына кесте толтыру.
«Теріс сандар» тобына «Топтастыру стратегиясы»
ІV бөлім «Білімнің - ұшар қанатың»
(оқулықпен жұмыс, әр түрлі есепті топ өздері таңдайды)
№447
- -8, 3+5, 6=-2, 7 4) 0, 56+(-0, 89) =-0, 33
- -9, 7+14, 3=4, 6 5) -9+0, 9=8, 7
- -0, 36+1, 43=1, 07 6) 6, 17+(-8) =-1, 83
- №448, №449V бөлім «Серпіту сәті»
(әр топқа тест, сөзжұмбақ, мақал беріледі, әр дұрыс жауап 10 ұпай)
«Оң сандар» тобына «Рационал сан» сөзжұмбақ шешу.
Шеңбердің элементі?
- қандай сан?
- Шеңбер сызатын құрал?
- Ұзындық өлшем бірлігі?
- Екі орынды ең кіші сан?
- Нәрселерді санау үшін қолданылатын сандар?
- Қосуға кері амал?
- қандай сан?
- Оң санға қарама-қарсы сан?
10) Картаны сызуға қандай өлшем қолданамыз?
11) 20 қандай сан?
«Теріс сандар» тобына математикалық жұмбақтар шешу.
- Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағыңа қарамай (Натурал сан)
- Бүтін сан, бөлшек сан
Барлығы да бар онда
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, теріс сан бәрі сонда (Рационал сан)
- Егіз туған қос жүйрік
Жарыса шауып терлейді
Бірін-бірі көрмейді
Дамылсыз қанша шапса да (теңболады)
- Бірдей санды, бірнеше рет
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады. (Дәреже)
- Алма ағашта бес алма,