Сабақ жоспары :: География

Файл қосу

Ғажайып география

Сабақтың тақырыбы: Ғажайып география.

[pic]

Қасжан Раушангүл Бейсенбекқызы.
география пәнінің мұғалімі: №3 орта қазақ мектебі
Есіл қаласы ,Ақмола облысы

Сабақтың тақырыбы: Ғажайып география.

Сабақтың мақсаты : Оқушылардың дүние жүзі географиясы бойынша алған
білімдерін қортындылау, жинақтау. Оқушылардың арасынан география ғылымына
қызығушы, таланты, алғыр географтарды анықтау. Оларды тез ойлануға,
тапқырлыққа баулу, логикалық ойлау қабілетін дамыту, топпен жұмыс жасай
білуге тәрбиелеу.

Қажетті көрнеліктер: 1. Дүние жүзінің саяси картасы.
2. Дүние жүзінің физикалық картасы.
3. Саяхатшылар портреті.
4. Жұлдызшалар.
5. Кескін карта. 10 сынып.
Сабақтың түрі:Жұлдызды сәт.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру.
Оқушыларды екі топқа бөліп, сайыс
кезеңдерімен таныстыру.
І кезең: «Алға»
ІІ кезең: Әлемді шарлау
ІІІ кезең: Боз тұлпар
ІV кезең : Тапқыр болсаң, тауып көр
V кезең: Кім жүйрік ойға.

Ендеше 1-ші кезеңге «Алға» өтейік, бұл кезеңде әр оқушыға сұрақтар
беріледі, оған тез жауап беру керек.

1. Меридиан дегеніміз не?
Солтүстік және оңтүстік бағыттығы сызықтарды айтамыз.
2. Паралель дегеніміз не?
Батыс және шығыс бағыттағы параллель сызықтарды айтамыз.
3. Жел дегеніміз не?
Ауаның горизонталь бағытытағы қозғалысын атаймыз.
4. Өзен дегеніміз не?
Белгілі бір арнамен ағатын табиғи су
5. Көл дегеніміз не?
Табиғи ойыстардағы суды айтамыз.
6 Изотерма дегеніміз не?
Темпераруралары бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар (грек сөзі
изос-бірдей,термос-жылу )
7. Желдің түрлерін атаңыз
Жергілікті,атмосфераның жалпы циркулиясына енетін,жоғарғы және
төменгі қысым желдері.

8. Изогиета дегеніміз не? Жылдық жауын-шашын мөлшері бірдей нүктелерді
қосатын сызықтарды айтады.( гиетос-жаңбыр )
9. Жердің ішкі құрлысын ата Жер қыртысы, мантия, ядро.
10. Цунами дегеніміз не?
Су астында жер сілкінуден,жанартау атқылауынан туатын толқындарды
атайды.
11. Ауа құрамы қандай газдардан тұрады ?
Оттегі,азот,көмірқышқыл газы, инертті газдар.
12. Негізгі климаттық белдеулерді атаңдар ?
Экваторлық,қоңыржай, тропиктік,арктикалық.
13 Вили-вили желі қай аймақта кездеседі ?
Аустралияда Эйр көлінің маңында соғатын желдер.
14. Елдердің мемлекеттік құрлымын ата ?
Республикалар,монархиялар
15. БҰҰ қай жылы құрылды ?
1945жылы, басты мақсаты : Әлемдегі бейбітшілік пен халықаралық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
16. Шығанақ дегеніміз не : Мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына еніп
жатқан бөлігі
17. Бұғаз дегеніміз не : Екі жағынан материктердің немесе аралдардың
жағалары қысып тұрған енсіз су айдыны.
18. Ақмола облысында қандай көлдер бар ? Теңіз,Қорғалжын.
19. Теңіздің толысу және қайту құбылысы дегеніміз не Теңіз деңгейінің
тұрақты қайталанып көтеріліп,төмен түсуін айтады. Бұл құбылыс Айдың
тартылыс күшіне байланысты .
20. Арал дегеніміз не? Құрлықтың барлық жағынан су қоршаған бөлігін айтады.

21. Түбек дегеніміз не? Құрлықтың су кеңістігіне терең сұғынып жатқан
бөлігін атайды.
22. Теңіз дегеніміз не : Мұхиттың суының қасиеті мен жануарлар дүниесі
жөнінен оқшауланып тұратын бөлігі айтады.
23. Ең ұзын тау жүйесі,қалай аталады ? Анд,ұзындығы 9000 км
24. Ең биік сарқыраманы атаңыз ? Анхель,биіктігі 1054м Оңтүстік Америкада
орналасқан

ІІ. Әлемді шарлау. Слайд арқылы суреттері көрсетіледі.
1.Ангор ешкі қай елде бар ? Түркия
мемлекеті.
2. Шыңғысхан елі, қай ел ? Монғолия елі
3.Ең мешеу елді атаңыз ? Африкадағы
-Чад
4. Гималай тауы бар, буддизм діні тараған ел ? Непал мемлекеті
6. Күншығыс елі ? Жапония
мемлекеті
7. Қарақұм шөлі бар ел ?
Түркіменстан елі
8. Сиам мысығы, бокс дамыған ел ? Тайланд мемлекеті
9. Әлем күмбезі атанған ел ? Тәжікстан
елі
10. Қажылықа баратын ел ? Сауд Арабиясы
мемлекеті

ІІІ кезең: Боз тұлпар
(саяхатшылардың портретін ажырату)
1.Орта Азияны жан- жақты зерттеп, Құлажға саяхат жасаған ғалым 1857 жылы 27
ақпанда орыс география қоғамының мүшесі болған кім деп ойлайсыз ? Шоқан
Уалиханов.

2.Өзінің өмірін Тынық мұхиты аралдарының жергілікті халқын зерттеуге
арнаған ғалымдардың бірі Н.Н.Миклухо-Маклай.

3. Бұдан бірнеше ғасыр бұрын Испания жағасынан бес желкенді кеме жер шарын
айналып шығу үшін батысқа аттанады.Азығы,тұщы суы таусылып қалып,ержүрек
теңізшілер 265 адамның 18-і ғана Отанға оралды. Бұл саяхат қай жылы және
кім басқарды ?
1519-1522 ж Ферннан Магеллан. Элькано Сабастьян.

4.Тибет пен Гоби шөліндегі бірнеше тау жоталарын анықтап,жабайы жылқыға
сипаттама берген саяхатшы кім еді Н.М.Пржевальский.

ІV-кезең : Тапқыр болсаң, тауып көр.( картамен жұмыс)

1Көмірді экспорттаушы елдерді ата : Аустралия,Қытай,ОАР
2 Ұлттық табысы ең жоғары мемлекет : АҚШ
3 Картопты көп жинайтын ел :АҚШ
4 Қант қызылшасын көп өсіретін ел :Украина
5 Алюмений өндіруші елдер : Аустралия,Гвинея,Ямайка,Бразилия.
6 Шетелдік Азиядағы ең үлкен порт : Сингапур
7 Химия өнеркәсібі дамыған елдер : АҚШ,Жапония,Германия.
8 Астықты дақылды көп жинайтын ел :Қытай
9 Күнбағыс өсіруден қай ел алда :Ресей
10 Қой шаруашылығының басты елдері: Аустралия,Қытай .
11 Теңізде жүк тасымалдаушы жетекші елдер: Панама,Либерия.
12 Әуе көлігі ең күшті дамыған және ірі әуе жайлар бар елдер:
АҚШ- О, Хара (Чикаго) Ұлыбритания-Хитрау (Лондон) Жапония-Ханеда (Токио)
13 Ең ірі порттарды атаңыз: Роттердам- Нидерландия .Жаңа Орлян -АҚШ Марсель
-Франция

V-кезең:Кім жүйрік ойға. Топтарға бірдей жауаптар таратылады, дұрыс жауапты
табу қажет болады.
1 Шаш гигрометрі- ауаның салыстырма ылғалдығы өлшейтін құрал
2 Тұсбағар –көкжиек бағытын көрсететін құрал
3 Барометр-ауа қысымын өлшейді
4 Термометр-ауа температурасын көрсетеді
5 Сейсмограф-жер сілкінуді анықтайды
6 Тіктеуіш- биіктікті өлшейді
7 Эхолот-судың тереңдігін өлшейді
8 Радиозонд-ауа қабатын анықтайды
9 Анемометр-жел жылдамдығын өлшейтін құралды айтады
10 Желбағар-ауа-райын бақылайтын стансаларда желдің жылдамдығын және
бағытын анықтайды

Сабақты қортындылау.
Бағалау.

Үйге тапсырма. № 44 . Кескін картаға табиғат ресурстары жоғары елдерді
белгілеу.

Пайдалынған оқулықтар: Бірмағанбетов Ә, Мамырова К. Жалпы білім беретін
мектептің 6-сынып оқулығы.
Ә.Бейсенова, К.Каймулдинова, С.Әбілмажинова, Қ. Баймырзаева, Ж.Достай.
Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сынып
оқулығы.
10-11 сыныпқа арналған олимпияда жұмыстары –интернет жүйесі.

Ұқсас жұмыстар
География лидері атты сайыс сабақ
Пәннің атауы
Жаңа ғасыр аясында. тәрбие сағаты
Математика пәнінің алғырлары.есептер шығару
Географиялық белдеулер. 10 сынып
Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау
Материалдық мәдениет
Кім білімді
6 сыныптар арасында "гимназия мергендері" атты ашық сайыс. сыныптан тыс іс шара
Аққу қандай құс
Пәндер