Тақырып Мейірімділік - асыл қасиет

Тақырыбы: Мейірімділік - асыл қасиет

Мақсаты : Балалардың «мейірімділік», «қайырымыдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. - өзара сыйластық қарым қатынастарын дамыту;

Көрнекі -құралдар: Интер. тақта, суреттер, көрініс

1. Шаттық шеңбері

- Қуанамын менде, Қуанасың сенде.

- Қуанайық бәріміз, Арайлап атқан күнгеІ

2. Топтарға бөлу

І топ. Қызыл түс - адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Олар кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар.

ІІ топ. Сары түс - бұл түсті қалаған адам өзгерістерді жиі қалап тұрады, сары түске құмар адамға тұрақсыздық тән.

ІІІ топ. Жасыл түс - бұл түсті таңдағандар айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адамдар. Сондай-ақ, бұл түс такаппарлықтың нышаны.

3. Видео ролик

4. Кіріспе (әңгіме)

- Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

- Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

- Жақсы көретін жан-жануарларың бар ма?

- Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма?

5. Мәтінмен жұмыс

Мейірімділік туралы аяқталмаған мәтін беріледі.

Мейірімділік

Бір мазасыз балапан өмір сүріпті. Күндердің күнінде ол анасынан «Мейірімділік деген не?» - деп сұрайды.

- «Сен әлі кішкентайсың. Өскеннен соң түсінесің» - деді анасы. Бірақ, балапан шыдамсыз еді. Ол жауапты тезірек білгісі келіп, жолға шығады. Жолда жылап жүрген ешкіні кездестіреді, ол балапаннан лағын табуға көмектесуін сұрайды.

- «Менде уақыт жоқ, мен мейірімділікті білуім керек» - дейді балапан.

Шалғайдан қыз баланы кездестіреді. Ол ағашқа ілініп қалған шарды алып беруіне көмек сұрайы.

- «Менде уақыт жоқ, мен мейіріміділіктің не екенін білгім келеді» дейді.

Сонда қыз:

- Ал мен білемін. Менің анам үнемі қайырымды адамдар туралы айтады.

- Маған да айтшы, - деді балапан.

Мәтінді аяқтау тапсырылады.

Бірінші сен шарды алып бер, - деді қыз. Балапан ұшып барып шарды әперді.

- Мінекей, сен қайырымды іс істедің. Мейірімділік деген осы - дейді қыз.

- Қандай оңай, - деп таң қалады балапан.

6. Суретпен жұмыс Топтарға сурет беріледі.

1 ) Сен мектептен келе жаттың кенет көшеде бір топ баланы көрдің. Олар суға түсіп кеткен кішкентай күшікке тас лақтырып жатыр екен сен не істер едің?

-

2 ) Сен досыңмен келе жаттың. Кенет сендердің қасыңнан өте бергенде бір қыз бала аяғы тайғанап құлап қалды. Сен не істер едің.

3 ) - Үлкен кісі мен сырқат адамға қандай жақсылық жасауға болатыны туралы айтыңдар

7 . Көрініс . Әдебиеттік оқу «Азаттық жолында» мәтінінен үзінді:

- Құлыным, ұлым!

- Анам! Сорлы анам!

- Сені де көретін күн бар екен-ау!

Қарауыл: - Тездетіңдер! Уақыт аз қалды.

Уақыт аз қапты, апа! Мен үшін қайғырып, жүдеме! Нар тәуекел. Жақында қасымдағы бір жолдасым абақтыдан шығады, бәрін сол айтады.

Балам, ұлым ! Жалғыз қалдым ғой, ауылда қатынасатын адам да қалмады. Жалғыздықтан әбден шаршадым.

Қарауыл: - Болды жүр, түс алдыға!

Қош, анам қош!

Ұлым !Балам! Жалғызым! (Анасы, тізерлеп отырып қалады)

8. Ән. « Жан ана»

9. Топтық жұмыс

а) Қызыл түс ; «Ана» туралы мақал - мәтел

ә) Сары түс; Өлең шығару

б) Жасыл түс ; Эссе жазу

10. Ойын «Мейірімділік жібі»

(Балалар бір-бірлеріне жіпті беріп, тілектер айтады. Ақырғы бала жіп орамын мұғалімге беріп, өз тілегін айтады)

- Күлімдеген- күн мейірімді!

- Кіршіксіз ақ қар мейірімді

- Таза мөлдір су - мейірімді !

- Жылы жүзді ұстазым мейірімді!

- Тату-тәтті Бәрімізіді көтеріп тұрған жер мейірімді!

- Аяулы анам мейірімді!

- Қадірлі әкем мейірімді!

- Әлпештеген әжем мейірімді!

- Еркелеткен достарым мейірімді!

- Егіні мол жер мейірімді!

- Қамқор апам мен ағам мейірімді!

-Балалар кәнекей, қолымызды жоғары көтерейік. Жіп орамы арқылы біз тілегіміз бір болып, бір тұтас болғанын көріп отырмыз.

Хормен : Біз әрқашанда біргеміз. Жақсы істер жасауға дайынбыз.

11. Қорытынды.

Қ. Рысқұлбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектеп КММ

Мейірімділік - асыл қасиет

/ашық тәрбие сағаты/

3 сынып

Мұғалім: Карменбаева Ш. Н

2015 -2016 жыл


Ұқсас жұмыстар
Мейірімділік - асыл қасиет. 3-сынып
Мейірімділік-асыл қасиет. мейірімділік , қайырымдылық құндылықтары туралы
Сары тауық пен балапандары
Мейірімділік-асыл қасиет жайлы ақпарат
Мейірімділік-адамдар арасындағы қарым-қатынасты жақсартатын асыл қасиет
Адамзаттың бәрін сүй «бауырым» деп..
Мейірімділік - асыл қасиет туралы ақпарат
Аяулы анам мейірімді
Адамның ақылы қайда
Мейірімділік - асыл қасиет.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz