Ағзаның ішкі ортасы.Қанның құрамы. Плазма және формалы элементтер

Ағзаның ішкі ортасы. Қанның құрамы. Плазма және формалы элементтер.
Сабақтың мақсаты; Білімділік; Жаңа білім беру. Қанның құрамы, ағзаның ішкі
ортасы туралы ұғым қалыптастыру .
Дамытушылық; Оқытудың жаңа элементтерін
пайдаланып, оқушы белсенділігін арттыру,
оқушылардың іс-әрекетін басқару арқылы ой
таласын туғызу, оқу материалдарынның мазмұның
өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың
білім-біліктігін дамыту.
Тәрбиелік; Оқушы бойына ұлттық рухты сіңіріп, Өз ұлтының әдет-ғұрпын, салт-
санасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілік; Микроскоп, интерактивті тақта, видиоролик. Тірек-сызба.
Сабақтың түрі; Ізденіс.
Сабақтың әдісі ; ТСО элементтерін пайдалану.
Сабақтың барысы; 1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Жаңа сабақты түсіндіру. ;
3. Бекіту.
4. Үйге тапсырма беру.
5. Үй тапсырмасын тексеру.
6. Бағалау.
1. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Топқа бөлу. Сыныпты түгелдеу.
2. Жаңа сабақты түсіндіру . Сабақта оқушыларға өз бетінше ізденіп әрекет жасау үшін, видеоролик көрсету. \Қан құрамын тексеру. \ Проблемалық сұрақтар қойылады. 1 топқа сұрақ. 1\ ҚАН - дәнекер ұлпа. , , Қан- өмір сыйлаушы, , дегенді қалай түсінесіз? 2\, , Адам денсаулығы қанның құрамының зерттеу арқылы анықталады., , дегенді қалай түсінесіз ? Жауабы; 1. Қан болмаса тіршілік болмайды. Ол дегеніміз қоректік затты, оттекті тасымалдайды, керексіз заттарды сыртқа шығарады. 2. Қанды тексергенде қан жасушаларының мөлшері аңықталады. Мөлшері сәйкес келсе, адам денсаулығы жақ сы екені байқалады. Мысалы; эротроцит қритроцитоз байқалады.
2топқа сұрақ. 1. Қан арқылы берілетін ауруларды білесіз бе?
2. Адам жүрексіз өмір сүре ала ма?
Жауабы; 1. Қан арқылы берілетін аурулар, туберкулез, қант диабеті, психикалық аурулар, гемофилия, қазіргі кезде байқалып отырған ЖИТС ауруы.
2. Адам жүрексіз өмір сүре алмайды себебі, жүрек қан айналымды реттеиді.
3топқа сұрақ. 1. О, 9% NaCl ерітіндісін не үшін құяды.
2. Қазақ жеті атадан қыз алмаған, оның сыры неде?
Жауабы; 1. Адам көп қан жоғалтқан кезде дәрігерлер тобына сәйкес қан құйумен бірге о, 9%Na Cl құяды. Себебі, жасушаның ішінде осмостық қысым ерітіндінің осмостық қысымымен тең болғандықтаң, қабықша жарылмайды.
2. Қазақ халқында, , жеті атадан, , бері қыз алуға тиым салған, аталары туыс, қандары жақын адамдар үйленсе, олардан туған ұрпақ өмірге, аурушан, ақыл есі кем, кемтар болып келеді.
Организмнің жасушалары мен ұлпаларының қалыпты тіршілігі үшін сыртқы ортадан оттек пен қоректік заттар үнемі түсіп отыруы керек, сондайақ алмасу өнімдері сыртқа шығарылуы тиіс. Бұл міндетті организмнің ішкі ортасы атқарады.
ҰЛПА СҰЙЫҚТЫҒЫ ҚАН ЛИМФА
Ол өзінің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерінің салыстырмалы тұрақтылығын сақтайды. Ұлпаларда жасушалар аралығында жасушаларды қоршап тұратын сияқты ұлпа сұйықтығы болады. Ұлпа сұйықтығы қанның
сұйық бөлігі - плазмадан түзіледі. Онда еріген куйінде барлық заттар болады. Оттек пен қоректік заттар майда қан тамырлары - капиллярлар арқылы ұлпа сұйықтығына, одан жасушаға өтеді. Оттек пен қоректік заттар майда қан тамырлары - капиллярлар арқылы ұлпа сұйықтығына, одан жасушаға өтеді.
ҚАН-дәнекер ұлпасына жатады. 5л. қан болады. Бұл шамамен, оның денесінің 7% құрайды
Қанның құрамы.
55%-60% 40%-45%
ПЛАЗМА ФОРМАЛЫ ЭЛЕМЕНТТЕР
Минералды тұздар эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер
Ca, K, Na тұздары. Органикалық заттар
СУ 9O-92% 1. нәруыз. 7-8% глобулин-организмдерді
бактериялардан қорғайды. Альбумин-су мөлшерін реттейді.
Фибриноген-қан ұюға қатысады. Белгілі бір осмос қысымын
тудырады. Осмос қысымына байланысты су жасуша
мембранасы арқылы қанға өтеді да, қан мен ұлпа арасында
зат алмасу жүреді.
2. Май 2% 3. Глюкоза
ЭРИТРОЦИТТЕР \қызыл қан жасушалары \формасы екі беті ойыс диск тәрізді. d=7-10мкм-ге, 1мм-4, 5-5млн . эритроцит болады.
Эриттроциттердің негізгі қызметі оттегі мен көмір қышқылын тасымалдау . Адам қанында 99%эритроцит 1% басқа жасушалар. Эритроциттер -қанға қызыл түс беретін гемоглобин нәруызы болады. Оксигемоглобин оттекті беріп, гемоглобин қалпына келіп, тез көмір қышқыл газын қосып алады. Эритроциттер сүйек кемігінде түзіледі, ұзақтығы 120 күн. Көкбауыр мен бауырда бұзылады, ядросы болмайды.
ЛЕЙКОЦИТТЕР - ядролы, ақ қан жасушалары. 1мм 6-8 мың лейкоцит болады. Лейкоциттер мөлшері тәуілік мезгіліне және организм жағдайына байланысты өзгеріп тұрады. Лейкоциттер сүйек кемігінде, көкбауыр мен лимфа түйіндерінде түзіледі. Тіршілік ұзақтығы 2-4 күннен бірнеше жылға жетеді. Көкбауырда бұзылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz