9-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Дінтану негіздері - Христиан дінінің ағымдары

Күні: 27. 11. 15. Сыныбы: 9 «А»/ «Ә» Пәні: Дінтану негіздері.
Сабақтың тақырыбы: Христиан дінінің ағымдары.
Сабақтың мақсаты: христиан дінінің ағымдарының мақсатын ұғындыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: православиелік, католиктік, простестанттық ағымдарды айта отырып, оның ерекшілігін түсіндіру.
Тәрбиелік: Өзін және қоршаған ортаны танып білу, сапалық көшбасшылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық : батыс пен шығыстық ағымдарды салыстыра отырып, оқушыларды пікірлесу дағдысын дамыту.
Дидактикалық құралдары: жеке тапсырмалар, кесте.
Сабақтың типі:
білік пен дағдыны қалыптастыру.
Оқытудың әдістері:
түсіндіру, суреттеу- аналитикалық суреттеу, сюжеттік әңгімелеу, эвристикалық әдіс.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау.
ә) сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Христиан ілімінің негіздері тақырыбы бойынша түсінік сұрау.
1. Протестанттықтың пайда болуына алып келген себептерді атаңыздар. Неліктен оны жаңа заман діні атайды?
2. Інжіл неге Көне және Жаңа өсиеттер болып бөлінеді ? Олардың айырмасы неде?
ІІІ. Жаңа білімді игерту.
Жоспары:
- Православие ағымы.
- Католиктік ағымы.
- Протестанттық ағымы.
Дамыту кезеңі:
- 1920-1930 жылдардағы Қазақстан.
ІV. Сабақта алған білімді бекіту.
Тапсырма: «баптистер».
- Олардың айтуынша, христостың өлімі тек аман қалуға алдын ала белгіленгендердің ғана емес, барлық адамдардың күнәларын өтейді. Бұл қандай баптис?
- Олардың ілімдерінің негізінде Мартин Лютер тезисін кальвенистік тұрғыдан түсіндіру жатыр дейді. Бұл қандай баптис?
V. Сабақты қорытындылау.
1. батыстық, шығыстық ағымға бөлінудің себептерін атаңдар.
2. олардың ерекшелігін атандар.
Бағалау: оқушыларды сабақта көрсеткен білімдері мен біліктеріне баға беру және қойылған бағаға түсініктеме берем.
VІ. Үй тапсырмасын беру.
Христиан дінінің ағымдары тақырыбын, 112-126 беттер аралығын түсініп оқу.