Жас математиктер сайысы

Сабақтың тақырыбы: «Жас математиктер» сайысы
Құрметті ұстаздар мен оқушылыр, «Математика - ақыл - ойдың әуені» атты математика апталығында, 5-6 сыныптардың арасында «Жас математик» атты сыныптан тыс, сайыс сабағымызға қош келдіңіздер. «Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін - математика» (М. В. Ломоносов) . «Математика - ғылымдардың патшасы», ал арифметика - математика патшасы» (К. Гаус) . «Математиканың өз тілі бар - ол формула» (С. В. Ковалевская) . «Ақын жанды болмасаңыз, математикте бола алмайсыз» (С. Ков) .
Сайысымыздың мақсаты: Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімін тереңдету, есептеу дағдыларын жетілдіру. Жан-жақты білімді болуға ұмтылдыру
Шеберлікті білімді,
сараптап сіздер көріңіздер
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазыларалқасын ортаға шақырамыз.
1
2
3
Ал, қанекей қаралық,
Мына жақта жаңалық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика еліне
Шабыт тасып шалқысып.
Есеппенен ән салып
Математика тілінде,
Есеп шешіп жарысып, ,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Көңілді кеш жасайық.
- дей келе бүгінгі сайысқа қатысысатын 5-6 сыныптарының ең үздік, ең дарынды сыныптарының абройын қорғайтын жас математиктерімізді қарсы аламыз.
Бүгін сендер қызықты математиканың жұмбақты да, тартымды әлімімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер. Біздің сайысымыздың ерекшелігі - 5 -6 сыныптар арасында жас математик, дарындыны анықтау мақсатында әр сыныптың үздігінің үздігі, математика майталмандары қатысады. Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін, сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды орындауларың қажет. Әр дұрыс жауап үшін балдар қойылады. Сайысымыз III турдан турады. Әр тур 2 кезеңнен турады. Сайыскерлерімізге сәттілік тілей отыра I Турымызды бастаймыз.
I Тур
1. Таныстыру ( жоғары ұпай - 5 ұпай)
2. Логикалық сұрақтар. (Әр дұрыс жауапқа1-ұпай)
(ескерту 5-ұпайдан жоғары жинаған оқушы II турға өтеді)
3. Сергіту сәті
II тур
1. Жұлдызды сәт (Слайдқа назар аударамыз)
2. Ширату (Математикаға байланысты Мақал-мәтелдер, дана создер жазамыз. (дұрыс жазылған әр бір мақал мәтелге 1 ұпай) )
(15 балдан жоғары жинаған оқушы III тур ға өтеді. )
III тур
- Фигуралармен танысу (берілген уақыт ішінде)
2. Жұмбақтар шешу. (Дұрыс жауапқа 1 ұпайдан)
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді
2 « Логикалық сұрақтар » әр оқушы 5 сұраққа жауап беру керек. /5 мин уақыт беріледі/
1. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)
2. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)
3. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
4. Аты шулы айқас сызық. Өзі толған мағына қызық. (координаталар осі)
5. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)
6. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
7. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
8. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр. әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)
9. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)
10. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)
1 1. Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)
12. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
13. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай) .
14. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)
15. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)
16. Егер үш пар ат 60 км шауып өтсе, онда 1 ат неше км шауып өтеді? (60км)
- Не ауыр? Бір кг түбіт аур ма, әлде бір кг темір ауыр ма? (екеуі тең)
- Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4 сағат)
- Сағаттың төрттен бір бөлігі неше минут ? (15 минут)
- Айдос өзінің туған күнін 4 жылда бір атап өтеді. Бұл қай күн?(29 ақпан)
- Сағат үшті көрсеткенде, оның сағаттық және минуттық тілі қандай бұрышты көрсетеді? (тік бұрыш)
- Бір жаұяда бес ұл бала бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар? (6 бала)
- Бір жұмыртқа 5 минутта піседі, ал бес жұмыртқа неше минутта піседі? (5 минутта
3. Сергіту сәті
II тур. 1. Жұлдызды сәт. (слайд)
2. мақал мәтел
III тур
1. Фигуралар әлеміне саяхат. Оқышылырдың көзін байлаулы жағдайда фигураларды тану керек. Сол фигураның формуласын айту керек (5 мин қанша фигура таниды)
2. жұмбақ
- Нәрселерді санауға
Керек сан өзі негізгі
Басы бар да, шеті жоқ
Таң қалдырады ол бізді. (натурал сан)
Сан ол сызықпенен бөлінген
Үсті алым, асты бөлім деп аталып,
Әсем түрде керілген
Математиканы ұқпас адамға
Құбыжық боп көрінген
Дұрыс, бұрыс, аралас деп
Түрлері оның берілген /Бөлшек сан/
Бүтін сан, бөлшек сандар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz