8-сынып Информатика: Паскаль тілі мен алгоритмдік ұғымдарды тексеруге арналған бақылау жұмысы

САБАҚ ЖОСПАРЫ

«Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«» 20 __ ж.

Пән Информатика Сынып 8 Күні

Сабақ №: 18 сағ. саны. : 1

Сабақтың тақырыбы: Өздік жұмысы.

Сабақтың мақсат: Оқушылардың білімдерін бақылау, жүйеге келтіру.

Білімділік - Оқушылардың Паскаль программалау тілі және жалпы алгоритмдік тілдің ұғымдары мен терминдерін ұғыну деңгейін тексеру.

Дамытушылық - Оқушылардың алгоритм және программа құру қабілеттерімен дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік - Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан-жақты тәрбиелеу.

Сабақ түрі: сынақ

Сабақ типі: аралас

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі - иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActivBoard

Пәнаралық байланыс математика, физика

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Б. Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;

2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;

3) С. Т. Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»

4) Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) :

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру. (3-5мин)
  1. Атау, идентификатор дегеніміз не?
  2. Бейстандартты атауларға қойылатын талаптар?
  3. Айнымалылар дегеніміз не, олардың жазылу тәртібі, түрлері?
  4. Мәліметтің қандай типтерін білесің? Мысал келтір.
  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
  2. Бақылау жұмысы (20-25 мин)

Сергіту жаттығулары (2 мин)

Карточка №1

  1. Алгоритм ұғымы нені білдіреді?
  2. Циклдік алгоритм дегеніміз не және оның түрлері?
  3. Үш санның (а, с, р) орта мәнін есептеу алгоритмін құр

Карточка №2

  1. Алгоритмді жазудың қандай тәсілдері бар?
  2. Паскаль тіліндегі программа құрылымы?
  3. у=x3функциясын есептеу алгоритмін құр

Карточка №3

  1. Оператор дегеніміз не және оның түрлері?
  2. Программа дегеніміз не?
  3. Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын есептеу алгоритмін құр

Карточка №6

  1. Паскаль тілінде программаның сипаттау бөлімінің құрылымы?
  2. Алгоритм атқарушысы дегеніміз не?
  3. Квадраттың ауданын есептеу алгоритмін құр

Карточка №5

  1. Атқарушы командалар жүйесі дегеніміз не?
  2. Алгоиртм типтері?
  3. f=8x+2y функциясын есептеу алгоритмін құр

Карточка №8

  1. Операторлардың жіктелуі?
  2. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
  3. k=(a+3c) /d функциясын есептеу алгоритмін құр

Карточка №4

  1. Тармақталу алгоритмі дегеніміз не?
  2. Алгоритм қасиеттері?
  3. Екі санның кішісін табу алгоритмін құр

Карточка №7

  1. Есепті шешу кезеңдері?
  2. Өрнек дегеніміз не?
  3. Төрт санның көбейтіндісін есептеу алгоритмін құр

Карточка №9

  1. Тұрақты немесе константа дегеніміз не?
  2. Алгоритм ұғымы кімнің құрметіне аталған және неліктен?
  3. Шеңбердің ауданын есептеу алгоритмін құр

Карточка №10

  1. Айнымалы дегеніміз не?
  2. Блок-схема дегеніміз не?
  3. а санының квадратын есептеу алгоритмін құр

Карточка №11

  1. Идентификатор дегеніміз не және оның түрлері?
  2. Программа құру дегеніміз не?
  3. к санының кубын есептеу алгоритмін құр

Карточка №14

  1. Алгоритм жазу тәсілдері?
  2. Есепті математикалық түрде анықтау дегеніміз не?
  3. g=(t1+ t2) /2 өрнегін есептеу алгоритмін құр

Карточка №15

  1. Паскаль тілінде программа құрылымы?
  2. Операторлар дегеніміз не?
  3. U=(w12+ w22) өрнегін есептеу алгоритмін құр

Карточка №12

  1. Паскаль тіліндегі программа бөліктері?
  2. Тармақталу алгоритмі дегеніміз не?
  3. K=rt2/rt3өрнегін есептеу алгоритмін құр (блок-схема) .

Карточка №13

  1. Сызықтық алгоритм дегеніміз не??
  2. Алгоритмді блок-схема түрінде жазу қалай жүзеге асырылады?
  3. Үш санның квадраттарының қосындысын есептеу алгоритмін құр

5) Сабақты қорытындылау және бағалау

Оқушылардың білім деңгейін тексеру.

6) Үйге тапсырма

Қайталау.


Ұқсас жұмыстар
7-сынып информатика сабағы: Паскаль тілінің алфавиті, элементтері және алгоритмдік негіздер
8-сынып қазақ тілі пәнінің III тоқсандық бақылау жұмысы: тапсырмалар мен бағалау критерийлері
9-сыныпқа арналған информатикадан Паскаль тілінде есептерді шешу бойынша бақылау жұмысы (сыни тұрғыдан ойлау арқылы)
8-сынып информатикасы: 1-тоқсанға арналған бақылау жұмысы (1 және 2 нұсқа)
8-сынып информатикасы: тоқсандық бақылау жұмысы - алгоритмдер, MS Word және MS Excel
Паскаль программалау тілі бойынша 9-сынып информатика пәнінің ашық сабақ жоспары
2-сынып математикадан кестелік қосу мен азайтуға арналған бақылау жұмысы
8-сыныпқа арналған X тарау: Асқорыту жүйесі бойынша бақылау жұмысы
8-сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінің II тоқсандық бақылау жұмысы: Табиғат - алтын бесік тақырыбы және бағалау критерийлері
8-сынып информатикасы: тоқсандық бақылау жұмысы - электрондық кестелер, логикалық негіздер және операциялық жүйелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz