Мәтінді пішімдеу. Қорытынды сабақ

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеу. Қорытынды сабақ

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік:Оқушылардың пішімдеу тақырып бойынша

білімдерін кеңейту.

2. Дамытушылық: - Мәтінді теру, біліктілігін жетілдіру, ойлау

қабілетін дамыту;

- Оқушылардың танымдық, шығармашылық

белсенділігін арттыру;

- Өз бетінше жұмыс жүргізу белсенділігін

дамыту.

  1. Тәрбиелік:1. Азия ойындарын өткізу арқылы патриоттық сана

негіздерін қалыптастыру;

2. Өз еліне деген ұлттық мақтанышты тәрбиелеу,

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, дене шынықтыру, информатика

Сабақтың көрнекілігі: ДК, проектор, интерактивті тақта, флипчарт.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
  2. Оқушылардың көңілін сабаққа назарын аудару.
  1. Үй тапсырмасын тексеру. Ойын түрінде.

1 - ойын. Биатлон ойыны. Ойынның мақсаты: «Алтын кубокты» жеңіп алу. Ол үшін пішімдеу құралдарын алтын кубокқа жинау.

2 - ойын. Шаңғы жарыстары . Мәнерлеп сырғанау ойыны. Бұл ойынның мақсаты: әрбір жұлдызшалардың жолдарына пішімдеу батырмаларын жазу.

3- ойын. Шаңғымен траплиннен секіру. Арнайы жабдықталған траплиндерден шаңғымен секіру. Ойынның мақсаты : Бұл ойында үш тапсырма берілген, тез арада пішімдеу құрамының терезесін атап өту.

4 - ойын. Конькимен жүгіру спорты. Мұз

айдынында конькимен жылдамдыққа жүгіру. Балалалр біздің үміткерлеріміз 1 орынға ие болуын көмектесейік. Мақсатымыз: берілген сөздердің дұрыс сәйкесін тап.

  1. Практикалық жұмыс.

1 - тапсырма. Мақал-мәтелдерді аяқтау. (пішімдеу құралдарымен жұмыс атқару: ЖКЧ, қаріп, қаріптің өлшемі, қаріптің түсі)

  1. Қай жерің ауырса, . . .
  2. Ауру кісі күлкі сүймес, . . .
  3. Он екі мүшең сау болса, сәулет емей немене, . . .
  4. Біреудің көзілдірігін киген - . . .
  5. Денсаулық - . . .

2 - тапсырма. Септік жалғаулары. Жүлделерді (алтын, күміс, қола және спорт сөзін) септеу. (жалғаулардың астын сызу, пішімде, анимация жаса)

Септік
Сұрақтар
Жалғаулар
Тапсырма
Септік:
  1. Атау септік
Сұрақтар: Кім? не?
Жалғаулар:
Тапсырма: Алтын
Септік:
  1. Ілік септік
Сұрақтар: Кімнің? ненің?
Жалғаулар: Ның, нің, дың, дің, тың, тің
Тапсырма:
Септік:
  1. Барыс септік
Сұрақтар: Кімге? неге? Қайда?
Жалғаулар: Ға, ге, қа, ке
Тапсырма:
Септік:
  1. Табыс септік
Сұрақтар: Кімді? Нені?
Жалғаулар: Ны, ні, ды, ді, ты, ті
Тапсырма:
Септік:
  1. Жатыс септік
Сұрақтар: Кімде ? неде? Қайда?
Жалғаулар: Да, де, та, те
Тапсырма:
Септік:
  1. Шығыс септік
Сұрақтар: Кімнен? Неден? Қайдан?
Жалғаулар:

Нан, нен, дан, ден, тан,

тен

Тапсырма:
Септік:
  1. Көмектес септік
Сұрақтар: Кіммен? Немен? Қалай?
Жалғаулар: Мен, бен, пен
Тапсырма:

4 - тапсырма. Мәтінмен жұмыс . Бұл сөйлемдегі бастауыш пен баяндауышты тауып, астын сыз және сан есімдерді сөзбен жаз. Мәтінді пішімде.

Қазақстандық спортшылар барлығы 27 медаль алды. Оның 10 - алтын, 10 - күміс және 7- қола медальдар.

  1. Сабақты қорыту. Рефлексия
  2. Сабақты бағалау.
  3. Үйге тапсырма:«Пішімдеу» тақырыбына сөзжұмбақ құрастыр.


Д. А. Қонаев атындағы №1 ЖББАГ мектебі

Тақырыбы:

5 «А» қг.

Мұғалім: Мамырбаева З. Д.

Қордай 2011 ж.


Ұқсас жұмыстар
Модульдік оқыту технологиясы информатика сабағында
Ms word мәтіндік редакторы
Абзац сұхбаттық терезесі
Мәтінді редакциялау және пішімдеу. 5 сынып. Информатика
Санды пішімдеу жолымен таныстыру
Мәтіндік құжатты форматтау
Мәтін абзацты пішімдеу
Мәтінді пішімдеу 5-сынып
Мәтін абзацын пішімдеу
"Word мәтіндік редакторы"
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz