Сабақ жоспары :: Физика

Файл қосу

Будың пайда болуы.Қаныққан және қанықпаған булар

Алматы облысы

Ұйғыр ауданы

Долайты ауылы

«Долайты орта мектебі» коммуналдық мекемесі

Физика пәні мұғалімі: Хавайдуллаева Хуршидям Исадуллаевна

Физика 8 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Будың пайда болуы.Қаныққан және қанықпаған булар»

Сабақтың мақсаты: 1. Булану және оның түрлері, кебу, конденсация,
сұйықтың кебу жылдамдығы,
қаныққан және
қанықпаған булар бойынша
түсінік беру.
2 Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін
қолданып
өз ойын айта білуге , жүйелі түрде
ойлауға ,ізденуге
бағыттау , білімге деген
құштарлығын арттыру
3. Алған білімдерін тиянақтай отырып ,
тапқырлыққа
ізденіп шешім қабылдауға ,
ауызбіршілікке , ойын
жинақтай білуге
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі:аралас
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық , №42-47 сурет, №5 кесте
Пәнаралық байланыс: биология, география, химия
Сабақтың ұраны: «Ұшқыр ойдан, ұтымды жауап»
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды екі топқа бөлу: «Джоуль» және «Ломоносов»
Әр топқа бағалау парақшаларын тарату
ІІ. Ұй жұмысын тексеру
1. Заттың агрегаттық күйлері
2. Қатты денелердің сұйықтықтардан айырмашылығы неде? Газдан ше?
3. Қандай жағдайда дене балқиды? Қатаяды?
4. Меншікті балқу жылуы дегеніміз не?
5. Массасы m кристалл денені балқу температурасында сұйыққа айналдыру
үшін қажетті жылу мөлшерін қандай формуламен есептеуге болады?
(екі топ бір-біріне сұрақ қояды)
ІІІ. Жаңа сабақ (тақтадан әріптердің орны ауыстырылып беріледі, сол
әріптерді орны-орнына қойып, жаңа тақырыптың мазмұныны ашу)
Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар
1-тапсырма: І топқа «Булану, қаныққан булар бойынша »
ІІ топқа «Конденсация, қанықпаған булар бойынша» сұрақтар беріледі. Топтағы
оқушылар өз жауаптарын айтқаннан кейін, оған көз жеткізу үшін тақтадан
дұрыс жауабы шығарылады. Оқушылар өздерінің берген жауаптарын
салыстырады.
Сұйықтың буға айналу құбылысын булану деп аталады. Сұйықтың
бетінде жүретін булану кебу деп аталады.
Булану процесінде сұйықтың бетінен ұшып шыққан молекулалардан бу түзіледі.
Сұйық молекулаларының кез келген бағытта еркін қозғалады. Бұл - заттың
қатты күйінде молекулалары арасында болатын байланыстың үзілуінің салдары.
Бірақ сұйық молекулаларының арасында үлкен тартылыс күштері сақталады.

Шапшаң қозғалатын молекулалардың біразы сұйықтан ұшып шығып кетеді, демек,
сұйықта қалған молекулалардың орташа кинетикалық энергиясы кемиді. Осыған
сәйкес кебетін сұйықтың температурасы да төмендейді.

Булану жылуды жұтумен қатар жүреді. Будың сұйыққа айналу құбылысы
конденсация деп аталады.

Кебу кезінде қанша жылу жұтылса, будың конденсациясы кезінде бірлік массаға
сай сонша жылу бөлінеді. Сұйықтың температурасы неғұрлым жоғары болса, онда
булану соғұрлым тезірек жүреді. Сұйықтың булануы және конденсациялану
қатар жүретіндіктен, жабық ыдыстағы сұйықтың массасы өзгермейді. Сұйықтың
тек беті кебеді. Беттің ауданының үлкеюі кебу жылдамдығын арттырады және
сұйықтың тезірек кебуіне мүмкіндік береді.

Уақыт бірлігінде сұйықтан ұшып шыққан молекулалардың саны, сол уақыт ішінде
оған қайта оралған молекулалардың санына тең болатын сәт туады. Бұл күй бу
мен сұйықтың динамикалық тепе-теңдігі деп аталады.

Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын буды қаныққан бу деп атайды.
Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болмайтын, яғни қанығуға жетпеген
буды қанықпаған бу деп атайды.

Әр түрлі сұйықтардың буымен динамикалық тепе-теңдігі будың тығыздығы әр
түрліболғанда орнығады. Қаныққан будың қасиеттері қанықпаған будың немесе
газдың қасиеттеріне өзгеше. Қаныққан будың қысымы, оның алып тұрған
көлеміне байланысты еместігі тәжірибе арқылы анықталды.

ІІ тапсырма:ойлан –тап сұрақтары

1. Неліктен ыстық шай үрлегенде тез суиды?

2. Жайылған кір мен шабылған шөп неге жел болғанда тез кебеді?

3. Өзенге шомылып, жағаға шыққанда салқынды сеземіз?

4. Ылғал ағаш құрғақ ағашқа қарағанда отта баяу жанады. Себебін
түсіндіріңдер.

ІІІ тапсырма:ыстық орындық ұйымдастыру. (әр топтан бір адамнан шығын ыстық
орындыққа отырады. Екі топ бір-біріне сұрақ қояды.)

ІҮ тапсырма: сөзжұмбақтар шешу

ІV . Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

1. Қандай құбылысты булану деп атайды?

2. Қай кезде булануды кебу деп атайды?

3. Сұйықтың кебу жылдамдығы неге байланысты?

4. Қандай буды қаныққан бу деп атайды? Қанықпаған бу деп ше?

5. Қаныққан будың қысымы көлемге, температураға, затқа тәуелді ме?

6. Егер аздаған суы бар жабық ыдысқа су буын жіберсе, онда не болады?

Әр кезең бойынша топ басшысы бағасын қойып отырады

VI Бағалау (Әр кезең бойынша топ басшысы формативті бағасын қойып
отырады, кезеңдер аяқталғаннан кейін жалпы бағасын шығарады. )

VIІ Үйге тапсырма беру. §15-16 Оқып келу

Ұқсас жұмыстар
Қаныққан бу және қанықпаған бу
Қмж. қаныққан және қанықпаған бу
Қайнау. Меншiктi булану жылуы
Булану және конденсация процестерін салыстыру
Ток күші неге тең
Меншікті булану жылуы
Қаныққан көмірсутектер Қанықпаған көмірсутектер
Органикалық қосылыстардың жіктелуі
Органикалық заттардың ерекшеліктері
Қайнау. меншікті булану жылуы. 8 сынып. қмж
Пәндер