9-сынып физикасы: Дыбыс және толқындық қозғалыс тарауын қайталау сабақ жоспары

Алматы облысы
Ұйғыр ауданы
Долайты ауылы
«Долайты орта мектебі» коммуналдық мекемесі
Физика пәні мұғалімі: Хавайдуллаева Хуршидям Исадуллаевна
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды екі топқа бөлу:
І топ: «ДЫБЫС»
ІІ топ «ТОЛҚЫН»
Физика - елдің, өмірдің
Асыл бір үлкен саласы
Жаңарады сол физикамен
Ғылым мен техника саласы
(Сыныптағы ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру)
Сабақтың ұраны :
«Өзін де, өзгені де бағалай алу,
Көшбасшылыққа ұмтылу»
«Ой шақыру» кезеңі
Тарау бойынша оқушылардың білімдерін тексеру, сараптау, жинақтау мақсатында ой-пікірлерін тексеру
«Іске асыру» кезеңі (есептер шығару)
1) Егер периоды 5*10 -3 с тербеліс толқын ұзындығы 7, 175м толқын тудыратын болса, дыбыс жылдамдығын анықтаңдар.
2) Егер тербеліс периоды 0, 002с, ал толқынның таралу жылдамдығы 400м/с болса, дыбыс толқын ұзындығы неге тең?
3) Серпімді жіпті бойлай 20м/с жылдамдықпен көлденең толқындар таралады. Тербеліс периоды 0, 5с. Толқын ұзындығын табыңдар.
4) Радиотолқынның ұзындығы 30м, оның ауадағы таралу жылдамдығы
3*10 8 м/с. толқын көзінің жиілігі неге тең?
Жұбын табыңыз (сәйкестендіру)
Ойлан-тап
Тест сұрақтары
- Жиілігі 16 Гц-тен төмен дыбыстар қалай аталады?
А) инфрадыбыстар Б) акустикалық дыбыстар
С) ультрадыбыстар Д) толқындық дыбыстар
2 . Адамның есту мүшесі қабылдайтын дыбыс толқындарының жоғары жиілігі қандай?
А) 20 000Гц Б) 200 000Гц С) 200Гц Д) 2Гц
3. Дыбыс қаттылығы немен анықталады?
А) осциллограф Б) дыбыс зорайтқыш
С) камертон Д) генератор
4 . Дыбыс қаттылығы қандай шамаға тәуелді?
А) тонның биіктігіне Б) тербеліс амплитудасына
С) тербеліс жиілігіне Д) таралу жылдамдығына
5. Дыбыс қаттылығының бірлігі қандай?
А) метр Б) герц
С) метр/секунд Д) децибел
6 . Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы
А) 330м/с Б) 50м/с
С) 1480м/с Д) 5600м/с
7 . Ұшақтың көтерілу кезіндегі дыбыс қаттылығы
А) 100дБ Б) 50-60дБ
С) 120дБ Д) 10дБ
«Адасқан әріптер»