Гидросфера-Жердің су қабығы

Гидросфера-Жердің су қабығы
Жармухамбетова Арухан Зейновна
М. Маметова атындағы № 27 физика-математика
бағытындағы мектеп-лицейінің
география пәнінің мұғалімі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік
Жердің су қабығы, оның құрамы, дүниежүзілік су айналымы туралы түсінік беру;
Дамытушылық
Топпен жұмыс істету арқылы, ойын жеткізе білуге үйрету арқылы, гидросфера туралы түсініктерін дамыту;
Тәрбиелік
Су-тіршілік көзі екенін ұғындыра отырып, оны қастерлеуге, ластамауға, үнемдеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі:
Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, карта, тест, сызба, бағалау жұлдызшасы.
Әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, жинақтау, түсіндіру
Пәнаралық байланыс: Биология, дүниетану, т. б.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. ( Сынып екі топқа бөлініп, тапсырмалар орындап сайысады. Сабақ барысында екі топқа да ортақ тапсырмалар беріледі. Әрбір сұраққа дұрыс жауап берген оқушыға жұлдызша беріліп отырады. Нәтижесінде көп жұлдызша жинаған « Жеңімпаз топ», көп жұлдызша жинаған « Білгір оқушы» анықталып, марапатталады) .
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру . ( Үй тапсырмасын тексеруде төмендегі тапсырмалар орындалады) .
1. Материктердің атын білесің бе? (сұрақ-жауап)
1. Бұл материкте өте ыстық, мұнда әлемдегі ең үлкен шөл - Сахара және ең ұзын өзен - Ніл орналасқан;
2. Бұл материкте өте суық, бірақ мұнда пингвиндер өмір сүреді, "құстар базары" бар;
3. Бұл материкті Солтүстік . . . . және Оңтүстік . . . . . . деп айтуға болады;
4. Бұл материкте ерекше жануарлар өмір сүреді, олар: қалталы iбiлiс, түрпі, қалталы аю, кенгуру, т. б.
5. Бұл материк - ауданы бойынша ең үлкен материк, мұнда ең үлкен жазық пен ең биік тау бар.
2 . Материктер мен аралдар тапсырмасы:
1. Материктерді үлкендігі бойынша 2. Аралдар қандай үш топқа
рет-ретімен орналастыр бөлінеді?
3. Кескін картаға материктерді тауып, боя . ( интерактивті тақтадағы кескін картаға материктерді тауып бояп, атын жазады) .
ІІІ. Жаңа сабақ. (Оқушылардың қызығушылықты оятып, жаңа сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында төмендегі суреттерді ұсындым. Оқушылар осы суреттерге қарап, жаңа сабақтың тақырыбын табу керек)
Ендеше жаңа сабақтың тақырыбы:
Гидросфера-Жердің су қабығы
.
1. Жаңа сабақ бойынша сабақ түсіндірілді.
Гидросфера - Жерді қоршап тұрған су қабығы. Ол жер бетінің ¾ бөлігін алып жатыр.
Гидросферадағы судың 97, 5 %-ы ащы су болса, ал 2, 5%-ы тұщы су. Тұщы су қоры дүние жүзінде өте тапшы. Дүние жүзіндегі су тынымсыз айналыста болады. Сол себепті жер беті буланып, жаңбыр жауып, тіршілік қалыптасады.
Дүние жүзіндегі жалпы су қоры-1360 млн. км 3 . Жер бетіндегі сулар - мұхит-тарда, өзен-көлдерде, мұздықтарда, жер астында, атмосферада кеңінен тарал-ған. Оны мына суреттен де көруге болады.
Су жер бетіндегі барлық тіршілік атаулының дамып жетілуі үшін өте маңызды. Адам ағзасында 65 % су болуы тиісті. Олай болмаған жағдайда терінің құрғап қалуына алып келеді. Су құрамында белгілі мөлшерде тұз болады. Егер 1 литр су құрамында 35 грамм тұз болса, онда ол ащы су болып есептеледі.
Су 3 күйде бола алады .
Қатты күйде Сұйық күйде Бу күйінде
.
« Су-тіршілік көзі» демекші, тіршілік үшін судың маңызы өте зор. Сондықтан, барлық адамзат баласының міндеті- оны ұқыпты пайдалану, исараптамау, қорғау.
ІV. Бекіту. ( Жаңа сабақты бекіту мақсатында тапсырмалар орындалады) .
1. Сандар әлемінде тапсырмасы . (Берілген цифрлардың нені білдіретінін анықтау)
97, 1, 2, 5, 3, 65, 35.
2. «Кестеде көрсетілген денелер гидросфераның қай бөлігіне жататынын анықта» тапсырмасы . ( Тиісті бағанға + белгісін қой)
3. «Ойлан тап!» тапсырмасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz