Жұмбақтар: Оқу-білім және оның құралдары


Қара-дүр қасы,
Жарық-дүр басы,
Тұқаң-тұқаң еткенде,
Келеді көздің жасы.



Атыңнан айналайын Әбдіхалық,
Дымдыға дымсыз кірер басы жарық.



Жаны жоқ, бірақ ізі бар,
Жетектеп өзің жүресің.
Сол ізді қайта зерттеп кеп,
Көп нәрсені білесің.



Ұзын тұмсық сауысқан,
Бір көлдің суын тауысқан.



Бір бөлек көріп жүрмін жайма базар,
Өн бойы бір азамат қағаз жазар.
Қасында құдығы бар тастан соққан,
Суарып қолда сайман пайдаланар.



Жапанда бір құдық бар суы тәтті,
Қшінде бір бәйтерек бек айбатты.
Жаралған десең болар, қандай шебер,
Адамзат не бол десе,сол болыпты.



Бір нәрсе құмырсқа бел,сүйрік тұмсық,
Екі бүйірі шығыңқы, көзі қисық.
Жансызда жалықпайтын соны көрдім,
Жорғалап қызмет етер құстай ұшып.



Секіріп жүріп сырғиды,
Тетігі бірақ адамда,
Ақылмен, бимен жылжиды.



Екі басты айдаһар,
Қара суды ішеді,
Қайта құсып ақ жерге,
Өрнектері түседі,
Онсыз жаңа іс болмас,
Адамның қылар ісі еді.



Бір жорға бар шабысты,
Ақ қағазға жабысты.
Жорғаласа тайпалап,
Келтірер көп табысты.



Пәндер