Жұмбақтар: Оқу-білім және оның құралдары


Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.



Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі.



Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.



Шұқшитқан кеп әуелі, Сені әрбір әріпке.
Суреттері әдемі, Бұл қай кітап?



Шұқшитқан кеп әуелі,
Сені әрбір әріпке.
Суреттері әдемі,
Бұл қай кітап?



Шұқшитқан кеп әуелі,
Сені әрбір әріпке.
Суреттері әдемі,
Бұл қай кітап?



Тау, қыр, жазық, өзен, көл –
Қабырғада биік тұр.
Нансаң, кел, өзің көр –
Бір қағазға сыйып тұр.



Емес ол кітап та, дәптер де,
Жүреді бірақ та портфельде.
Көрсетіп ондағы бағаңды,
Қуантып қоясың ағаңды.



Қабат-қабат қаттама,
Қаттамадан аттама.
Ақылын оның ала бер,
Айтқан сөзін жатта да.



Тақтаны «досым» дейді,
Өзін сол досы «жейді».



Пәндер