Жұмбақтар: Оқу-білім және оның құралдары


Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді, тілі жоқ.
Қолыңа алсаң – шешен,
Ақылы асқан көсем.



Темір аяқты,
Қара таяқты
Дәптергеде саласың,
Дөңгелек қып шығасың



Қобдиында қайырлы,
Қазынаның бәрі бар.
Тауыссаң көз майыңды,
Қалағаның табылар.



Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен.



Тұрады ылғи сөреде,
Іші толы өнеге



Аппақ, аппақ ақ таңдай,
Жарқырап айдын жапқандай.
Алыстан келген тырналар
Тізіліп қонып жатңандай.



Ұзын-ұзын ұсқауын, Ұзынына кім жетер? Шұбар ала күйкентай, Шұбарына кім жетер?



Бір қобди дүние жүзін бағалаған, Әсемдеп, талай адам қамалаған. Қобдидың ашылмайтын кілті өзінде, Ашылса табылар еді не қалаған.



Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық, Ашылар мезгілінде баурын жазып. Ішінде толып жатқан қазынасы бар, Қорек қып пайданалар тамам халық.



Ұзын-ұзын,ұзын жол, Ұшына жеткен бар ма екен? Түбі терең қара су, Түбіне жеткен бар ма екен? Түбіне жетіп бұл судың Қанып ішкен бар ма екен?



Пәндер