Жұмбақтар: Оқу-білім және оның құралдары


Қабат-қабат қаптама. Ақылың болса аттама.



Жаны жоқ болса да, Ақылды адам ісін істейді.



Бір нәрсе білмегенді білгізеді, Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді, Жалғанда әңгімесі сондай қызық, Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді.



Бір су бар Шыршық деген қалқып аққан, Бетінде бетегесі шығып жатқан. Қарайсың міне соған тамашалап, Сол судың кете алмайды дәмін татқан.



Сандығым бар өзгеше, Қолыма алып жүремін. Ішін ашып ақтарып, Өмір сырын білемін.



Дүниеде бір дария беті қайтқан, Бетінде бетегесі шығып жатқан. Қараса сол құдыққа көз жетпейді, Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан.



Ауыр-ақ,бірақ түсер салмағы жоқ, Артқанның арып кейін қалғаны жоқ. Арқалап бірін қоймай көтергеннің Аяғы ешуақытта талғаны жоқ.



Теңіздей түбі терең , Сүңгіген жетер әрең.



Бір басты,екі тілді бір мақұлық, Жүреді айдалада ырғатылып, Менсініп ешбір жанмен тілдеспейді, Өзінің сөйлеспесе досты барып. Жиһанда қанша ділмар болсаң-дағы Тұрасың сөйлесе алмай болып ғарып, Онымен тілдесе алсаң сөз шығарып, Кісіге пайдасы көп, залалы жоқ, Дос болсаң бар мұқтажың бітер анық.



Қаралаяқ ат міндім қаздаңдатып, Су ішпесе жүрмейді қырсау тартып, Бір аяғын шалшыққа малып алып, Тар көшеге салдым табандатып.



Пәндер