Жұмбақтар: Техника мен шеберхана құралдары


Керек санды тересің,
Елге сәлем бересің.



Төрт аяқты чемодан,
Мүйізі бар қадаған
Естімейді, сөйлейді,
Ішіндегі көп адам.



Бірінің ізін бірі басады,
Біріне жеткізбей, бірі қашады.



Бұрасаң құлағын,
Ағады бұлағы.



Жарыссаң сенен озбайды,
Бауырын жерден жазбайды.
Жүрген кезде: «Тр-тр», – деп,
Атын айта жаздайды.



Сымға асылып,
Жүр асығып.
Дыз-дыз етіп жүрегі,
Сымнан ұстап жүреді.
Өзіне адам мінеді,
Ол не, ал кім біледі?



Қанаты бар, жаны жоқ , Табаны бар, аяғы жоқ . Өзі ұшады, аспанда жүреді , Теңізден де, таудан да өтеді.



Құс сияқты, құс емес, Самғап ұшқан биікке. Қанаты бар қақпайды, Жүрсе де сондай биікте.



Әне кетті өзі, Көрінбейді ізі, Кімнің күші, Кімнің ісі?



Пырылдар көкте инелік , Инелік емес үй делік.



Пәндер