Жұмбақтар: Техника мен шеберхана құралдары


Екі аяқты, бір басты, Жүгіреді тым қатты.



Бардым базарға, Алдым бір жорға, Жорғалаттым жолдан жолға.



Дүниеде бір нәрсе бар бек қуатты, Бойына жиып алған салтанатты. Төбеде екі түрлі айдары бар, Жүреді су сабалап құс қанаты.



Үйрек емес, қаз емес, Балық емес судағы, Өзі жүзе біледі. Жемі көмір және май, Шешуін кім біледі?



Судан шықты тасбақа жылмаңдаған, Қайқайтып ап тұмсығын сумаңдаған. Денесі болат темір сондай мықты, Артқы жағы бұрқылдап, сырдаңдаған.



Жылдам барып қайтады, Не айтсам соны айтады, Жатырқамайды ешкімді, Бекер деп кім айтады.



Бір құсым бар жаны жоқ, Қанатының саны жоқ. Кісіге өзі тым жақын, Сөйлесуге дамыл жоқ.



Бір нәрсе қуыс-қуыс болған өзі, Адамша естіледі айтқан сөзі. Дауысы анық болып шыққанменен, Көрінбес бас-аяғы екі көзі.



Бір бұлбұл отырады салып әнді, Жүруге аяғы жоқ, емес жанды. Өнері қандай асқан деп ойлаймын, Әп-сәтте жер түбінен хабар алды.



Адам емес, тілі бар, Әрбір үйден табылар. Үй емес жалғыз тұрағы, Көшеде де тұрады.



Пәндер