Жұмбақтар: Техника мен шеберхана құралдары


Бір қалта бар қабат-қабат, Айналасына жұрт таң қалад. Көктен жерге лақтырсаң да, Алып түсер сау-саламат.



Жоқ оның моторыда, қанаты да, Сонда да ұшқыштардың санатында.



Топтанып келе жатыр қара қабан, Ойлаған жерлеріне тынбай барған. Аузынан қара көбік бұрқ-бұрқ шығып, Болдырып шаршамайтын сондай айуан.



Бар екен бір нақты зат түсі қара, Сүйрейді неше мың пұт іліп ала. Болғанмен жүгі ауыр, жүрісі тың, Таңданады көрген жандар тамашаға.



Бір керуен қатарында өңшең түйе, Аузынан жалын шығар қара күйе, Жүрмейді ұрса-дағы басқалары, Бәріне жалғыз бура болған ие.



Қара нар қатарынан бір озбаған, Боз інген ботасы жоқ құр боздаған. Қызыл ат желмей, жортпай алысқа ұзап, Аяғын анда-санда бір қозғаған.



Болғанда екі қанат, отыз қолы, Қалады тап-тақыр боп жүрген жолы, Бар екен алақандай аралшығы, Адамзат пайдаланып жүр ғой оны.



Бір нәрсе келе жатыр сондай епті, Сайраған сақылдаған тісі көпті, Жұтпайды, тістегенмен қайта құсар, Мал, мақұлық сол құсықтан қорек етті.



Бір нәрсе қозғалады желіп, жортып, Көзіне көрінгенді жейді жұтып, Жұтқанын бір ұртынан түсіреді, Адамзат пайдаланар керек етіп.



Өздігінен жүрмейді, жарыспайды, Кісі мінсе жарыстан қалыспайды. Аяғы екеу болғанмен ізі жалғыз, Сағатта талай жерді қарыштайды.



Пәндер