Жұмбақтар: Техника мен шеберхана құралдары


Сөйлейді жан жоқ кеудесінде , Қызықты мағына бар кеңесінде. Суретін шежіре етіп тартып берер, Болғанын қанды майдан егесінде.



Қараңғы тамның ішінде, Ақ төсектің үстінде. Бір-бір жарым сағат ішінде, Бір адамның тағдыры шешіледі.



Ән салады чемодан , Қшінде тұр көп адам. Естімейді сөзіңді , Сөйлесең де сен оған.



Күміс құйрық, жібек жалды, Ой желке, қамыс құлақ, серке санды. Әрі бері жауменен шапқыласып, Бәрін де қырып-жойып басып алды.



Базардан келген бір тайлақ, Басын қойдым байлап . Байласам да тұрмады, Ор текеше ойнап.



Тамыр-тамыр тамаша, Тұрған бойы аласа. Дүниенің жүгін бітіреді, Адамға барып жанаса.



Жапанда біткен көп ағаш, Көгермейтін қу ағаш, Асты топырақ, үсті тас, Бір бұтағына қарасаң, Петербормен шамалас. Бір бұтағына қарасаң, Бұқарамен аралас. Жаны жоқ десең жырламас, Жаны жоқ деп біреуін, Қылышпен ұрсаң қанамас.



Төрт аяқты ,екі көзді, Өзі жансыз жүреді. От пен майдан жемі бар, Құрыш болат жүрегі.



Бір жануар домаланған екі көзді, Адамның ықпалымен жүреді өзі. Сияды ішіне оның төрт-бес кісі, Жарқырап түнде жортса екі көзі.



Кеудесінде жаны жоқ, Тамырында қаны жоқ. Май жейді , Су ішеді.



Пәндер