Жұмбақтар: Техника мен шеберхана құралдары


Тау басында кібіт көрдім , Оны ашатын кілт көрдім. Екі басты жүйрік-ті, Ортасына мініп көрдім.



Жүйіткіген дәу үйінде, Жүйрік деп ел сүйінді. Тас жолда жұртты тасып жүр, Жылдамдыққа басып жүр.



Төбесі сымға тимесе, Ол ешқашан жүре алмас. Өз иесі басқармаса , Оны ешкім бұра алмас.



Жоқ даусы,жоқ сөзі, Жарқырайды көп көзі. Жолыңды ашып тұрады, Бұйрығын жұрт ұғады.



Бір үйде бір құс отыр мекен еткен, Он жігіт кезек-кезек қызмет еткен. Қолына қалам алмай хат жазады, Келіп тұр түрлі әріп әрбір шеттен.



Шың ,етсе шыңқылдайды әлек-шәлек, Жыбыр-жыбыр шимайы бөлек-бөлек. Шырай беріп шимайы барлық жанға. Несі барын білмеймін көз телміреді.



Салалы саусағы бар сабақ тарақ, Тықпалап біреуіне бірін таяп. Былғаныш қара күйе қарны айналып, Текшелеп жиып береді сандықтай-ақ.



Қара азбан дем алыс жоқ бақырады, Қолы көп сансыз саусақ батырады. Тісімен қара жерді быт-шыт қылып, Жер үстін борандатып шарқ ұрады.



Денесі ирек-ирек жалғыз тісті, Бір өзі бітіреді сонша істі. Тісіне қанша салмақ салса-дағы, Созылғыш, әрі сынбас, әрі күшті.



Кеудесі толған күш, Табаны толған тіс.



Пәндер