Жұмбақтар: Төрт түлік


Отырдым мұнан барып оймауылға,
Қлінді екі аяғым байлаулыға.
Қолыма екі қайыс ұстап алып,
Жүргіздім қайда барсам айдауыма.



Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт жаптырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар.



Қайырып басын тастаған,
Қайқайып қойды бастаған.



Өзі сұр, бөрі емес,
Ұзын құлақты, қоян емес,
Жұмыр тұяқты, жылқы емес.



Мақұлық бар екен даусы зор,
Адамға ұқсап бойында аяқ пен қол,
Мекені тас бұлақтың төңірегінде,
Мынаны тапқан жанның ақылы мол.



Төрт аяқты,
Мың таяқты.



Ізі бар,
Адымы жоқ.



Асты тас,
Үсті тас,
Ортасында шандыр бас.



Ат та емес, ит те емес,
Тістейтінін қайтерсің.



Дүниеде ақас бар бек жайлаған, Жанына адам барса ойбайлаған. Ақастың адам білер мінезі бар, Мінгесіп екі бала той тойлаған.



Пәндер