Жұмбақтар: Төрт түлік


Бір тақыт бар дүниеде әркім білер, Ол тақыт қымбат емес, әркім мінер. Мінерінде төмендеп келеді екен, Мінгеннен соң жоғары көтерілер.



Дүбір-дүбір төртеу, Есенгелді екеу. Жағалбайлы жалғыз, Оның таңы қарбыз.



Төрт кісі төсек сал дейді, Екі кісі қарауыл қарайды, Үлкен әйел есік аш дейді, Кіші әйел төмпештейді.



Таптым-таптым, тап жорға, Табаны жалпақ боз жорға.



Маң-маң басып келеді, Тапырақтап желеді. Мойны ұзын, үсті тау, Ертеден елге бел еді.



Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. Мойны ұзын, көзі үлкен, Бұл не,өзің тауып ал?



Даусы қоңыр, үні мұң, Тесіп қойған мұрынын.



Төсек астында төрт күлше.



Таудан тас домалайды, Тас бұршақтай сабалайды.



Жоғарыдан көп тас домалайды, Кезектесіп бірін-бірі қуалайды.



Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz