Жұмбақтар: Төрт түлік


Қүнгейлі қара тасқа бітем, Шаруа қуған басқа бітем.



Бетегелі белге бітем, Найза ұстаған ерге бітем.



Жалмаң құлақты сорға бітем, Ел ішіндегі зорға бітем.



Басында екі таяғы бар, Төрт аяғы бар, Сегіз тұяғы бар, Иегінде сақалы бар.



Көкке шаншып құйрығын, Келеді шауып жүйрігім?



Апан-апан, Ескі шапан. Иір қобыз, Жарық жұлдыз.



Кішкентай ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар.



Пәндер