Жұмбақтар: Төрт түлік


Ұштым,ұжмаққа шықтым, Тептім, терекке шықтым.



Қарасам, қайдан келдің, Малы қара сайдан келдің.



Кекендеткен несі екен, Келіп салған несі екен? Сорпылдатқан несі екен, Сорқылдатқан несі екен, Суырып алған несі екен, Суы тамған несі екен?



Төртеу келеді, Төртеу асылып тұрады, Екеу жол көрсетеді, Екеу иттен сақтайды, Енді біреу артында асылып тұрады.



Екі айнасы бар, Екі найзасы бар, Төрт жаптырмағы бар, Бір шыбыртқысы бар.



Арқасы бар, аунамайды, Аузы бар, күйсемейді.



Кішкентай ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар.



Төрт тағанды бойы бар, Момындық дұрыс ойы бар. Кербезденіп жүрмейді, Айналдырған тоны бар.



Азанда кетер ләйлекен, Кеште келер ләйлекен. Түрлі-түрлі жібектен, Түймесі бар ілгектен.



Шапаным да, тоным да, Арқаның жүр жонында. Атам соның соңында, Таяғы бар қолында.



Пәндер