Білім мəні мен маңызы



Жоспары
1. Білім . жалпыадамзаттық құбылыс
2. Білім . əлеуметтік қажеттілік
3. Білімнің жүйелілігі
4. Білім.педагогикалық процесс
5. Қазіргі заман білім жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Білім мəні мен маңызы
Жоспары
1. Білім – жалпыадамзаттық құбылыс
2. Білім - əлеуметтік қажеттілік
3. Білімнің жүйелілігі
4. Білім-педагогикалық процесс
5. Қазіргі заман білім жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары
4.1. Білім – жалпыадамзаттық құбылыс
Қаншалықты кең тараса да, бір қарағанға тұрақты болып көрінгенімен,
білім түсінігі көп мəнділігімен ерекшеленеді. Əдетте, бұл термин мазмұны
жағынан келесідей түсініктемелерге ие болуы мүмкін: білім - жалпыадамзаттық
құбылыс; білім - əлеуметтік мəдени мұра; білім – жүйе; білім –
педагогикалық процесс; білім – нəтиже.
Категориялық тұрғыдан білім жалпыадамзаттық құндылық ретінде танылады.
XX- ғасырдың 60-жылдарынан адам, мораль, гуманизмге, жалпы субъектив
жағдаяттар (фактор) проблемасына қызығушылық артудан, бұл категория
философиялық деңгейде қарастырыла бастады. Құндылықтар табиғатын, олардың
құндылықты дүние болмысы мен оның құрамындағы орнын аксиология ғылымы
зерттейді.
Құндылық термині қоғамдық мұраттар қамтыған, сонысымен де
міндеттілік өлшемі (эталон) ретінде танылған нысандар мен құбылыстарды,
олардың қасиеттерін, сонымен бірге бейнақты идеяларды белгілеу, əрі
сипаттау үшін қолданылады. Құндылықтар заттасқан жəне субъектив болып
ажыралады. Сан қилы адамзат қызметінің, қоғамдық қатынастардың өнімі жəне
олардың аймағына қосылған табиғат құбылыстары заттасқан құндылықтар сапына
кіреді. Ал субъектив құндылықтар – бұлар бағалау –баға негізіне алынған
өлшем-шектері (критерий), өрнек үлгілер, əлеуметтік стандарттар. Бұлардың
бəрі идеялар, принциптер, мұраттар, іс-əрекет мақсаттары ретінде қоғамдық
санада бекіп, ол сананың бағыт-бағдарын айқындап отырады.
Құндылық ретінде əлеуметтік ілгерілеумен (прогресс) байланысты ұнамды
мəн-мағыналы оқиғалар мен құбылыстар ғана танылады. Əрқандай тарихи нақты
қоғамдық формация əлеуметтік реттілікті қамтамасыз етуші, өзіне ғана тəн
құндылықтар жиынтығына ие. Сол құндылықтарды танып меңгеру негізінде тұлға
қалыптасады, қоғамда қабылданған тəртіптер жүйесі қолдау табады.
Адамзат дамуының əрқилы кезеңдерінде де өзгеріске түспей, тұрақты
қалпында сақталатын құндылықтар болады. Мұндай құндылықтар: өмір,
бейбітшілік, еңбек, денсаулық, махаббат, əсемдік, шығармашылық жəне т.б. –
адамзат қауымының гуманистік бастауы болған бұл категориялар мəңгілік,
ешбір төңкеріс не идеология, саясат оларды жоюы мүмкін емес. Əр тарих
кезеңде олар мəні қайта қарастырылып, жаңа көзқараспен басқаша бағалануы
ықтимал.
Жалпы құндылықтар арасында педагогикалық құндылықтар өз алдына дербес
топ құрайды. Олардың мəні тəрбиелеу жəне білім беру қызметінің ерекшелігі,
оның əлеуметтік ролі жəне жасампаздық мүмкіншіліктерімен анықталады.
Педагогикалық құндылықтар білім саласында қалыптасқан қоғамдық
дүниетаным, көзқарастар мен педагог қызметтері арасында жанама жəне тікелей
байланыстырушы ретінде, əрі педагогикалық іс-əрекетті реттеуші талаптар
(нормы) ретінде қабылданған.
Барша құндылықтар сияқты педагогикалық құндылықтар да қоғамдағы
əлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастарға тəуелді. Олар тарих желісінде
қалыптасып, ерекше танымдық бейне жəне ұғымдар түрінде қоғамдық сана
формасына енеді. Өмірдің əлеуметтік шарттарының өзгеріске келуімен, тұлға,
қоғам қажеттерінің дамуымен педагогикалық құндылықтар да ауысып барады.
Білім – қоғамдық құндылықтардың аса маңыздысы. Мұның дəлелі – көпшілік
елдер Ата заңында келтірілген əрбір адамның білім алуға болған құқығы. Бұл
құқық əртүрлі бастау тұжырым, бағыттардың дүниетаным шарттарына
сəйкестендірілген нақты дəуір білім жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Білім, өз кезегінде, мемлекеттік, қоғамдық жəне жеке тұлғалық
құндылықтарға ие.
Білімнің мемлекеттік тұрғыдан құндылықты болуының себебі- мемлекеттің
адами-инабаттық, ақыл-парасаттық, ғылыми-техникалық, рухани-мəдени жəне
экономикалық мүмкіндіктерінің негізі – білімде. Осыдан, білімді ел- мықты,
мызғымас ел.
Білімнің қоғамдық құндылығы да жоғарыда аталған алғы шарттармен
анықталады. Алайда, мемлекет жəне қоғам тарапынан болатын білім дамуына
орай түсіністік пен ұмтылыс əрқашан сəйкес бола бермейді. Мысалы, осы күнгі
ҚР он екі жылдық оқуға өту – мемлекет талабы, бірақ ол қоғам тарапынан
түсінбеушілікке ұшырауда.
4.2.Білім - əлеуметтік қажеттілік
Əрқандай адамзат қауымдастығының шарты – оның мүшелігін мойындаған əр
тұлға сол қауымның нақты табиғи жəне əлеуметтік-тарихи жағдайларына
байланысты қалыптасып, қабылдаған құндылықтарын мойындап, қылық-əрекет
талаптарына бой ұсынады. Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға қажет
қабілеттерінің дамуына себепші болған əлеуметтену процесінде адам тұлғалық
кемелдену сатысына көтеріледі. Адамның əлеуметтенуі оның қоғамдағы ауыспалы
жағдайлар мен шарттарға икемдесе білуі ғана емес, ол өз ішіне жеке тұлғаның
дамуы, өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін өз күшімен іске асыра алу
сияқты процестерді де қамтиды. Дегенмен, аталған процестерге байланысты
міндеттердің шешімі бірде мүдделі, жүйеленген болып, бүкіл қоғам, сол үшін
арнайы ұйымдастырылған мекемелердің қолдауымен жəне жеке адамның ынта-
ықыласына негізделсе, кейде кездейсоқ келеді. Ал осы əлеуметтенуге орай
жүргізілетін, нақты мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған басқару процесі
білім (образование) деп аталады. Білім - өте күрделі, басқа дүние
болмыстарында қайталанбас қыр мен сырға мол қоғамдық –тарихи құбылыс, оның
мəн-жайын тануға құштарлық білдірмеген ғылым аз-ақ.
Педагогикада қолданылып келе жатқан білім түсінігі немістің “Bildung”-
”бейне” сөзі негізінде пайда болған əрі оның бұл күндегі көпшілік таныған
анықтамасы келесідей: кейбір идеалды бейнелерге саналы бағытталған, тарихи
шарттарға тəуелді қоғамдық санада түбегейлі əлеуметтік өрнек – эталонға сай
бекіп, жүзеге келетін тұлғалық жəне рухани қалыптасу мен əлеуметтену
процесі.
Бұл тұрғыдан білім барша қоғамдар мен жеке индивидтер өмірінің
ажырамас бір бөлігі ретінде қалыптасады. Осыдан да ол ең алдымен əлеуметтік
құбылыс.
Білімнің əлеумет өміріндегі ерекше сала сипатына ие болу кезеңі білім
мен əлеуметтік тəжірибені ұрпақтан-ұрпаққа өткізу процесі қоғамның тіршілік
əрекеттерінен өз алдына бөлініп жəне тəрбие мен оқуды іске асыратын арнайы
кəсіби адамдардың пайда болу дəуірінен басталады. Дегенмен, мəдениетке
мұралық ету əлеуметтену мен тұлға дамуының қоғамдық құрал-тəсілі ретінде
білім адамзат қауымының алғашқы қадамдарымен бірге өмірге еніп, еңбек
əрекеттері, ойлау, тіл дамуымен бірлікте шексіз өркениет жолында өз өрісін
тауып келеді.
Алғашқы қауым сатысында балалардың қоғам өміріне бастапқы араласу
заңдылықтарын зерттеген ғалымдардың топшылауынша, ол дəуірдегі білім игеру
процесі қоғамдық өндірістің нақты іс-əрекетіне тікелей араласу нəтижесінде
атқарылатын болған. Оқу мен тəрбие, мəдени құндылықтарды əулеттен əулетке
жеткізу қызметтерін орындау əрбір ересектің борышты міндеті есептелген де,
ол міндет балалардың еңбек жəне əлеуметтік іс-əрекеттерге тікелей араласып
отыруының арқасында шешімін тауып отырған.
Қоғамның əрбір ересек мүшесі күнделікті тіршілік процесінде педагог
қызметін атқаратын болған, ал кейбір дамыған қауымдарда (Колумбия, ягу
тайпасында) бұл жүктемені, яғни жас балаларды тəрбиелеу негізінен
жасөспірімдерге тапсырылған. Қандай жағдайда да білім қоғам өмірінен
ажыралмай, оның ажыралмас бірлігіне айналған. Балалар үлкендермен бірге
қорек тауып, ошақ-отбасын қорып, еңбек құралдарын жасай отырып, білік,өнеге
үйренген. Əйелдер қыздарын үй шаруашылығына үйретіп, бала бағуға баулыған,
ал ер адамдар ұлдарын аңшылыққа, қару-жарақ ұстауға, пайдалануға
тəрбиелеген. Жастар аға ұрпақ өкілдерімен бірге жүріп, жануарларды қолға
үйреткен, көкөніс өсірген, сонымен бірге бұлттар мен аспан денелерінің
қозғалысына ден қойып, табиғат сырларын таныған, табысты аңшылық, əскери
жеңістерге қуана асыр сала билеп, əн шырқаған, тайпаластарының бақытсыздығы
мен ашаршылығын, жеңілістері мен күйреулерін бірге басынан өткізіп, налыған
да жабырқаған. Осыдан адам білімденуі комплексті іске асып, өмір бойы
үздіксіз дамуда.
Қоғамдық қатынастар шеңберінің өрістеуі, тіл мен жалпы мəдениеттің
дамуы жас ұрпаққа өткізілуі тиіс ақпарат пен тəжірибенің молыға түсуіне жол
ашты. Бірақ оны игеру мүмкіндіктері шектеулі болды. Осы қарама-қарсылықтың
үйлесімді шешімі білім топтау мен көпшілік арасында таратуға арналған
арнайы əлеуметтік құрылымдар мен əлеуметтік (институт) мекемелердің
түзілуіне байланысты болды.
Əлеуметтік құбылыс ретінде танылған білім – ең алдымен шынайы қоғамдық
құндылық. Əрқандай қоғамның адамгершілік, интеллектуал, ғылыми-техникалық,
рухани-мəдени жəне экономикалық мүмкіндіктері білім беру саласының даму
деңгейіне тəуелді. Алайда білім қоғамдық - тарихи сипатта бола тұрып, өз
кезегінде, əлеуметтің білімдену функциясын іске асырушы қоғамның тарихи
типіне байланысты. Əр дəуір білімі сол кезеңдегі əлеуметтік даму
міндеттерін, қоғамдағы экономика мен мəдениет деңгейін, саяси жəне
идеологиялық талаптар сипатын аңдатады. Себебі аталған факторлардың
ортасында қоғамдық қатынастар субъекті болған педагогтар мен оқушылар тұр.
Сонымен, білім – салыстырмалы дербес жүйе. Оның қызметі – нақты ғылыми
біліктерді, идеялық-ізгілік құндылықтарды, ептіліктер мен дағдыларды,
əрекет-қылық нормаларын игеруге бағытталған қоғам мүшелерінің тəрбиесі мен
оқуын іске асыру. Ал бұлардың бəрінің астарында болатын мазмұн нақты
қоғамның əлеуметтік-экономикалық жəне саяси құрылымы мен оның материалды
–техникалық деңгейімен айқындалып барады.
Білімнің жеке тұлғалық құндылығы əрбір адам үшін өз алдына бөлек.
Əсіресе, бұл өзіндік білім, оның деңгейі мен сапасында көрінеді.
Білім, əлеуметтік-қажеттілік болумен бірге біршама қызметтер атқарады.
Ғалымдардың пайымдауында (Н. В. Берковский, А.А. Реан) білім қызметтері
төмендегідей:
• адамның ғылым жəне мəдениет əлеміне енуінің ең оңтайлы да жедел жолы.
Бүкіл дүние қазіргі таңда əлем жəне барша планета азаматын тəрбиелеуге
ұмтылыс жасап, білім аймағында барлық күш- қуатын топтастыруда.
Дүниежүзілік білім кеңістігі жедел дамуда. Сондықтан да əлем қауымдастығы
адамның жасайтын орны не елі, білім игеру типі не деңгейіне тəуелсіз
жаhандық білім стратегиясын қалыптастыру талаптарын алға тартып отыр;
• тұлғаның əлеуметтенуі мен ұрпақтар жалғастығын қамтамасыз ету тəсілі.
Адамдардың идеологиялық көзқарасы мен талғамдарының, əлеуметтік
танымдарының, мұраттары мен тіршілік климаттарының түбегейлі өзгеріске
түсіп жатқан заманда білім қайта жаңғырту мен тарихи жəне əлеуметтік
тəжірибені əулеттен əулетке өткізу процесін қалыпты жүргізуге мүмкіндік
береді, сонымен бірге жаңа саяси жəне экономикалық жағдайларды, қоғам
жəне мəдениет дамуын жаңа бағыттарын жас ұрпақ санасына ендіріп, бекітуге
жəрдемдеседі. Тек білімнің ғана үйлестіру, тұрақтандыру қызметіне бола ,
адам жаңа өмір салттары мен тіршілік шарттарына икемделіп, бейімделеді.
• адамның қоғамдық жəне рухани өмірін , сонымен бірге жалпы халықтық рухани
сана қалыптастыру тетіктері: Білім беру жəне тəрбиелеу мекемелері белгілі
дəуір адамының əлеуметтік- мəдени іс-əрекеттерінің ең жоғары өрнек -
үлгілерін шоғырландырады. Осыдан білімнің əлеуметтік құндылығы білімді де
ізгілікті қоғам адамының маңыздылығымен өлшенеді. Білімнің адамилық
(гуманистік) құндылығы əрбір жеке тұлғаның танымдық жəне рухани
қажеттерінің даму мүмкіндіктерінен көрінеді. Біртұтас білім жүйесінің
барша түрлері мен деңгейлерінде елдің интеллектуал жəне рухани- инабаттық
мүмкіндіктері жинақталып, даму жолына түседі.
• мəдени қалыпқа енген жеке мінез-құлық жəне қимыл- əрекет үлгілері мен
қоғамдық өмірдің бекіген формаларының ауысып (трансляция) баруы. Оқу жəне
тəрбие барысында адам өркениет дамуына қажет əрі мəдени-тарихи маңызы бар
əлеуметтік- мəдени нормаларды игереді, атап айтсақ, олар: адамның
əлеуметтік топтар мен өндірістегі, отбасы мен қоғамдық орындардағы,
сонымен бірге ортақтасу, жеке тұлғалық жəне іскерлік қатынастардағы
моральдық жəне ізгілік талап өлшемдері.
• аймақтық жүйелер мен ұлттық салт-дəстүрлердің даму əдісі. Кейбір аудан
тұрғындарының ерекшелігі педогогикалық міндеттерге өзіндік өң береді.
Жастардың қала не ауылдың рухани өміріне енуі осы білімнің арнасында өтіп
жатады. Аймақтық білім жүйесінде бұқара халық арасындағы əрқилы
əлеуметтік топтардың сұраныстары ескеріледі.
• тұғырлы мəдени құндылықтар мен қоғамның даму мақсаттарын бірден бірге
өткізіп тұрушы жəне іске асырушы əлеуметтік институт (ресми құрылым,
мекеме). Əлеуметтік институттар жас ұрпақты бүгінгі қоғамда дербес
жасауға мақсат бағдарлы дайындау жұмыстарын іске асырып барады.
• жеке адам мен қоғамдық өмірдегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дидактикалық жүйенің сипаттамасы
Оқудың педагогикалық технологияларына сипаттама
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Рухани жаңғыру бағдарламасының жүзеге асырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі мен маңызы
Орта кәсіби оқу орнындағы менеджменттің педагогикалық-психологиялық негізі
Өтелмелi қызмет көрсету шартының мазмұны мен түсінігі
Оқу - дидактикалық процесс туралы ақпарат
Оқу процесінің мəн-мағынасы
Оқушылардың сұлулық сезімдерін тәрбиелеу жолдары
Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде түсінік
Пәндер