Мектептегі мұғалімнің орны мен рөлі



Кіріспе

1. Мұғалімнің жеке тұлғасы
1.1.Мұғалімнің жеке басына, мамандығына қойылатын талаптар
1.2.Мұғалім. адамтанушы мамандық

2.Мұғалімнің кәсіптік мәдениеті
2.1.Мұғалімнің кәсіптік этикасы, педагогтік әдептілігі
2.2. Мектептегі мұғалімнің орны мен рөлі.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен емес. Бір баланы адам етіп өсіргенше бір шаһар апат болады дейді Шығыс даналығы. Ал, жеке тұлғаның адамгершілігін қалыптастыру үшін қыруар уақыт пен тер төгетін үлкен жауапкершілік қажет. Халық мұғалімі - жас ұрпақтың рухани дүниесінің мүсіншісі, ол- өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы саналатын балаларға өзінің үмітін артып, болашағын сеніп тапсыратын қоғамның сенімді өкілі. Осы аса ізгі және өте қиын кәсіп ұстаздан өз өмірін оқу- тәрбие ісіне арнаған тұрақты шығармашылықты талап етеді.
Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті, өзін- өзі басқару шеберлігі, мұғалімнің моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар оқу- тәрбие жұмысының табиғатына қарай күн сайын жаңарып, жаңа сипатқа ие болуда. Мұның өзі қоғамның үздіксіз дамуынан, ғылым мен техниканың өркендеуінен туындап отыр.
Ахмет Байтұрсынов: Ең әуелі мектепке керегі- білімді, педагогика әдістемесінен хабары мол, оқыта білетін мұғалім,- деген болатын.
Мұғалімнің кәсіптік мәдениеті туралы Н.К. Крупская, С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, К.Жарыкбаев, Ш.Т.Таубаева еңбектерінде кеңінен сөз болып, мұғалімнің әдеби, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, дауыс дикциясы, сыртқы бейнесі жөнінде келелі әңгіме қозғалады. Мұғалімге қарапайымдылық, ұқыптылық, жинақтылық тән болуы тиіс. Мұғалімнің киімі, қозғалысы, шаш үлгісі сәнді болып келгені абзал. Мұғалімнің әлеуметтік беделін көтеруде оның сабырлылығы, сергектілігі, мейірімділігі мен кішіпейілділігі де зор рөл атқарады.
Білімдар мұғалімнің сөйлеу техникасы мен адамды түсіну білуі, басқа адамды елітіп әкетуі басым болады.
Педагогикалық әдеп- мұғалімнің кәсіптік сапасы және кәсіптік ерекшелік белгісі. Кейбір мұғалім, кәсібін айтпай- ақ, өзінің әділдігімен, ілтипаттылығымен өзінің мамандығын сырт көзге айқындап тұрады. Мұғалімнің ашу үстінде ешқандай шешім қабылдамауы пайдалы. Болашақ ұстаздар өз ісінң әрбір қыр- сырын жетік игеру жолында кәсіптік сапаларды толық меңгерсе, бүгінгі қоғамымызды байытатын, дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелеуге мол мүмкіндік ашылатыны күмәнсіз. Мектепте білім алу-бала өмірінің маңызды кезеңдерінің бірі. Қандай білім беру жүйесінен және қандай мұғалімнен білім алғаны баланың үлгеріміне және жеке тұлғалық қалыптасуына байланысты болады.Кәсіби шеберліктің құрылу процесі білімінің жүзеге асуы мен қалыптасуын ғана емес сонымен қатар оның тұлғалық қалыптасуын да қарастырады. Мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты мәселелер көптеген жауапкершілікті талап етеді. Қазақстандағы жалпы білім беретін және кәсіби білім беретін мектептердегі жүргізіліп жатқан реформалар өзінің педагогикалық жүйесінде принципті өзерістерді қажет етеді.Қазіргі кезеңде білім беру мақсаттары өзгеруде,оқу ақпаратының мазмұны жаңаруда, педагогикалық коммуникация құралдары, және педагогикалық әсер етудің объектісі- оқушылар да айтарлықтай өзгеруде. Осы факторлардың барлығы педагогикалық кәсіби шеберлігінің деңгейін жоғарлатуды талап етеді. Оқу процесінің жаңаруына қажетті шарт кез-келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру болып саналады.
Жаңа әлеуметтік тұрғыда мұғалімнің кәсіби шеберлігінің қалыптасуы - оның кәсіби шеберлігі мен білімінің жоғарғы сапасын қамтамасыз етеді. Педагогтардың жалпы және кәсіби шеберлігін дамыту мәселелеріне Н. Кузьмина, А. Щербаков көңіл аударған.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытушылардың кәсіби шеберлігі мәселесін күрделендіріп отыр. Өйткені дәл қазіргі таңда оқушылардың жалпы және рухани мәдениетін мұғалім анықтайды. Педагогикалық энциклопедияда педагогикалық шеберлікке мынадай анықтама береді. Өзінің аты бойынша балаларды сүйетін және өзнің тәрбиелеу және білім беруін барлық уақытта жоғары деңгейде жаңалап отырады. Педагог- өз ісінің шебері.Бұл дегеніміз жоғары мәдениетті, өз пәнін терең білетін, өзіне тиісті ылым және мәдениет салаларымен жақсы таныс, психологиялық мәселелерін практикалық түрде талдай білетін , тәрбиелеу мен білім беру әдістемесін терең меңгерген маман. Осылайша, педагогикалық шеберліктің маңыздылығын кәсіби әрекеттерді ұйымдастырудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етуші жекелік қасиеттердің жиынтығы деп көрсетеді. Бұл қасиеттерге оқытушы әрекетінің гуманистік бағытталуы, кәсіби білімі, педагогикалық ерекшеліктері жіне педагогикалық техникасы жатады.
Ғылымда сонымен бірге педагогтың меңгеруі қажетті нәрсе- педагогикалық технология деген түсінік бар. Педагогикалық түсінік дегеніміз- тәрбиеленушілерге әсер етуші әдістер мен тәсілдерді меңгеру.Сонымен қатар әртістіктің кейбір әдістерін игеру, сөйлеудің, демалудың, дауыс көтерудің , мимиканың әдістерін білу. Егер бала нашақормен, қылмыскермен немесе маскүнеммен бірге қиын жағдайға ұшырап қалса мұғалім олармен әңгімеде тіл таба білуікерек және жай ғана сөйлесіп қана қоймай оларды сендіріп, әсер ете білуі керек.

1.Мұғалімнің жеке тұлғасы
1.1.Мұғалімнің жеке басына, мамандығына
қойылатын талаптар
Мұғалім еңбегі өте жауапты, әрі күрделі. Сондықтан мұғалімнің жеке басына, мамандық деңгейіне арнайы талаптар қойылады. Оның әрекетінің сипаты алдымен бағытына яғни қоғамға, өз мамандығының бағалы жақтарына сенімді болуына байланысты. Мұғалімнің басты бағыты дүниенің шындығын тану, идеялық тұрақтылық, қоғамдық- саяси белсенділік, азаматтық жауапкершілік, халық ісіне берілуі, оған әділдік.
Мұғалімнің іс- әрекеті жүйесінде кәсіптік бағыттылық жетекші орын алады. Оған баланы сұю, педагогтік жұмысқа психологиялық- педагогикалық көрегендік және байқағыштық, педагогтік әдептілік, педагогтік қиял, ұйымдастырушылық, қабілет, әділдік, қарым- қатынас жасай алу, талап қоя білу, мамандыққа лайықты жұмысқа қабілеттілік, белсенділік, өз білімін көтеруге дайын болу және жаңашылдық сияқты қасиеттер жатады.
Мұғалім әрекетінің нәтижелі болуы педагогтік қабілетке де байланысты. Оның алғы шарты- кейбір адамдарда болатын нышар- тума іске жарамдылық белгі, оны тәрбиелеу, дамыту қабілеттті айқындай түседі. Нышан болмаған жағдайда да педагогтік қабілетті қалыптастыруға болады. Мұның негізі- мұғалім ізденесі. Белгілі психолог В.А.Крутецкий педагогттық қабілеттің психологиялық мәнін зерттей келіп, оны: даралық, дидактикалық, ұйымдастырушылық деп үш топқа бөлді. Даралық қабілет- мұғалімнің балаға деген ынта- ықылатынан, сенімінен, қиын жағдайда өзінің сезімін, мінез- құлқын басқара алуынан, оқушыға оқу материалын дайындап қызықты өткізуінен көрінеді. Дидактикалық қабілет- мұғалімнің өз ойын өзгелерге түсінікті, дәл жеткізуі, өтілетін тақырып материалын тиімді жоспарлауы, оқушының оқу материалын қаншалықты меңгергендігін қадағалау, өзінің даусын, қимыл- қозғалысын, бет- пішінін реттей алуы. Ұйымдастырушылық қабілет- мұғалімнің балалар ұжымын құрып, олардың мақсаты мен міндетін дұрыс белгілеп, балаларды өздігінен жұмыс жүргізуге, әр баланың дамуы мен ерекшелігін есепке алуы, психологиясын сезе білуі, оған әсер етудің тиімді тәсілдерін іріктеуі арқылы байқалады.
Мұғалімнің мамандық- көп еңбек етуді қажет ететін, қиындығы мол қызмет. Сондықтан мұғалім күшіне, байсалдығына, жүйке әрекетінің жұмысына арнайы талаптар қойылады. Айталық, күшті тітіркендіргіш әсеріне төзу зейінін шоғырландыра алу, әр кезде белсенді, сергек болу, жұмыс соңына дейін көңілді бұзбау, өз күшін қалпына келтіру, әр түрлі жағдайда ұстамдылық, шыдамдылық таныту, ойды жеткізудегі нақтылық, сезімталдық, істі шалт орындау, қойылған міндетті толқымай шешу, бір істен екіншіге тез көшу, қажеттілікке байланысты жұмыстарды дайындықсыз- ақ өткізуге қабілетті болу, жаңа жағдайға тез көндігу, үйлестіру және өзіндегі кемшілікті байқап, оның өзгеден орын алмауын аңғару т.б.
Мұғалім оқыту, тәрбиелеу және оқушылардың дамуы мен қалыптасуы процесін басқарады. Бұл олардың педагогика ғылымының методологиялық негізі мен категориялары, оқушы дамуы мен қалыптасуы, тәрбие мақсаты мен міндеті, әдістері мен тәсілдері, балалардың жасқа байланысты анатомиялық-физиологиялық даму ерекшеліктері, оқушыларға гигиеналық тәрбие берудің құралдары мен теориялық негіздері, бала психикасының даму заңдылықтары және баланың жас кезендеріне сай дара- психологиялық ерекшеліктері жайлы білімді, дайындықты талап етеді.
Мұғалім қызметінің әсерлі, тиімді және нәтижелі болуы олардың ісінде тапқырлықты, ептілікті талап етеді. Айталық, орын алған әлеуметтік- педагогикалық құбылыстың сипатына, болу себебіне талдау жасау және бағалау; оқушылардың оқу, тәрбиелік деңгейін айқындау; жеке оқушы мен ұжымның дамуын жобалау; оқу, тәрбие нәтижесін, оқушыларда боалтын қиындықтар мен қателерді болжау; нақты педагогикалық міндеттерді белгілеп, оның шешу жолдарын анықтау; оқу- тәрбие жұмыстарының дәлелденген әдістерін, құралдарын, ұйымдастыру формаларын таңдау; оқушылар әрекетін, оған педагогикалық басшылықты жоспарлау; оқушылардың тәртібін, мінез- құлқын, белсенділігін және дара психологиялық ерекшеліктерін басқару.

1.2.Мұғалім- адамтанушы мамандық
Мұғалімдік мамандық- адамтану. Егер сіз мұғалім болу жөнінде арман пайда болса, онда алдымен өзің сол жұмысқа дайынсың ба, жоқ әлде бейхабармысың, зерттей біл. Ф.М.Достоевский Өзіңнен өзіңді ізде, өзіне өзің бағын, өзіңді өзің біл- дегеніндей, бар нәрсенің өзіңе байланысты екенін ұмытпағын.
Нағыз тегеурінді мұғалім бойкүйез емес, ол еңбекқор. Бірде мұғалім бітіретін оқушылардан: Қандай мамандықты қалайсың? Қайда барасың? Деп сұрағанымда кейбіреуі ата- анамыз біледі? десе, бірен- сараны ғана жүректеріне қимастық асыл сезім ұялата білген ұстаздық мамандыққа қызығатынын, арман етіп ол жолды жалғастырғысы келетіндіктерін ашып айтты.
Оай болса, мұғалім мамандығы- мамандық аталуының қайнар көзі, биік тұғыры. Бұл биікке келген адамның оңай келе салуына хақысы жоқ. Чехтың ұлы педагогі Я.А.Коменскийдің Мұғалім ең жоғарғы құрметті орында, күн астында мұғалімдікке тең келер мамандық жоқ дейі сондықтан болса керек. Себебі халық үшін саналы өмірін сарп еткен, осы жолда бар мүмкіндігі келгенше сапалы іс тындырған, өз ісін өзінен кейінгілер жаңғартып та, жаңартып та қайталап жатқан адам ғана ұстаз бола алмақшы. Ұстаз сөзі- жүректің терең түкпірінен шығаратын сөз. Өмірдің өзі дәлелдеп отырғандай Ұстаз сөзі- жүректің терең түкпірінен шығатын сөз. Өмірдің өзі дәлелдеп отырғандай Ұстаз сөзінің екі түрлі сипаты бар. Бірі- шағын түсінік бойынша белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, ал екіншісі - кең мағынада жоғары беделді, адамдарға ересен ықпал етуші ақылгөй, дана адам. Сонымен, мектептегі ұстаз- баланың екінші ата- анасы, болашаққа айқын жоң сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл- ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, оларды саналы тәртіпке баулып, есейтеді. Сондықтан да әрбір шәірт өзіне үлгі- өнеге болған сүйікті мұғалімін- ұстазым деп атайды. Ұстаз бола білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау- әр мұғалімнің азаматтық борышы. Ол өз мамандығын, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз суюі тиіс. Ұстаздардың осыншама қадір- қасиет, құрметке бөлінуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым- қатынас жасауында.
Жалпы педагогика саласында, әсіресе оның басшылығында білгірлер, өз саласын жетік білетіндер істесе, інжудің құнын іздеген біледідегендей болар еді.
Мұғалімнің өзі мұғалімнің алдынан өтеді. Мұғалімдік біле білгенге дүниедегі ең қасиетті мамандық екенін ескерте отырып, осынау киелі мамандық жайлы көкейде жүргендерді да жаза кетейік. Ағылшын ақыны Джордж Герберт сонау ХҮІІІ ғасырдың өзінде Жүз ұстаздан гөрі жалғыз әке басымырақ деуі бала тәрбиелеуде әке- ұстаздың, еркек ұстаздың рөліне ерекше мән бергендігі сезіледі. Сондықтан жыл сайын жоғары педагогикалық оқу орындарына түскендер мен бітіргендер құрамына жан- жақты талдау жасай отырып, келешекте педагогикалық оқу орындарына ұстаздыққа икемі бар балаларды көптеп тартпайынша мұғалімдер қауымының сапасы қазіргісінен жоғарыламайды.
Мұғалім қандай болу керек? Мұғалімнің жеке басының үлгі- өнеге болаларлық сипатының бірі- оның асқан мейірімділігі. Мейірімділігі мұғалім балаға іштей жасауы керек. Мұғалім барынша адал болуы керектігін әсте естен шығармайық. Мына бір оқыс оқиға соңғы кездері мектептерде белең алды. Қу тіршілік мұғалімдердің ауру- сырқатын да ұмыттыра бастады. Бүгінгі науқастанып жұмысқа жарамсыз қағазын алатын мұғалім ауылда бірен- саран ғана. Себебі сол жұмысқа жарамсыз қағазына төленетін айлықты ала алмайды. Ал ілініп- салынып жүрген ауру- сырқатты мұғалім қайбір сабақ өтеді дейсіз.
Біз, мұғалімдер, балалардың әке- шешелерінің кім екеніне қарамауымыз керек. Оқымайды екен, қой екіні. Әділдіктен кетсең, өзіңді де, баланы да бұзасын. Бұдан шығар қорытынды: кешегі жалрыға бірдей міндетті орта білім беру кезіндегідей оқушыларға еңбегіне, біліміне қарамастан үш деген баға қойып, орта білім жөніндегі аттестат беріп, мұғалім беделін түсіру ешкімге ешқандай абырой әпермейді.

2.Мұғалімнің кәсіптік мәдениеті
2.1. Мұғалімнің кәсіптік этикасы, педагогтік әдептілігі
Мұғалімнің кәсіптік этикасы әрбір оқушының ар- намысын қорғау, оны құрметтеу, ерекшеліктерін тану арқылы көрінеді. Мұғалім оқушының артықшылық белгісін, кемшілігін, олардың мүмкіндіктері мен қызығуын білуі керек. Бұл мұғалімнің кәсіптік этикасын ғана емес педагогтік қабілетін, методистік шеберлігін де көрсетеді.
Зерттеу нәтижелеріне қарағанда оқушылар мұғалімнің әділеттілігі мен шыншылдығына, білім мен ұйымдастырушылығана, ұстамдылығы мен сыпайылғына және қарым- қатынас жасауына айрықша мән беретінің көрсетеді. Егер мұғалім әділетсіздік жасаса, онда оқушылар оның сөзіне, әрекетіне, тіпті сенбестікпен қарайтын болады. Оқушыны ретсіз кінәлау, кемшіліктері мен сәтсіздіктерін орынсыз еске алу да мұғалімнің қасиетін дәріптемейді. Сондықтан кәсіптік этика әр уақытта мұғалім өз әрекетінің барлық жақтарына мән беріп, оқушының көңіліне, ақау салмайтындай, оларға сенетіндей болуын талап етеді.
Мұғалімнің оқушылармен дұрыс қарым- қатынас жасауында педагогтік әдептілік жетекші орын алады. Ол- мұғалімнің жоғары шындық, қайырымдылық, ұстамдылық, сабырлылық, әр түрлі жағдайда оқушымен дұрыс қарым- қатынас жасай алатын ептілігін көрсететін адамгершілік тәртібі. Мұнымен мұғалімнің педагогикалық жағдайы бағалау, оқушы ерекшелігін есепке алу, педагогикалық ықпалдың нәтижесін алдын- ала көре білу, өзіне үнемі бақылау жасау, оқушы ісіне көз тігу, ым, қимыл жасау арқылы әсер сияқты мамандыққа сай ептілік түрлеріне байланысты. Демек, педагогтік әдептілік- мұғалімнің сезімдік- эмоциялық дағдыларын- қызбалыққа салынбау, кепінен ашу- ыза танытпау, қандай жағдай болса да ұстамды болуын қажет ететін мінез- құлық белгілері.
Мұғалімнің оқушымен сабақта, сабақтан тыс және демалыс кезінде қарым- қатынасына байланысты педагогтік әдептілік түрлі формада байқалады. Мысалы, сабақтың жаңа оқу материалын баяндау кезеңіндегі оқушылар оқу материалын түсінбеуінен оны ұғынбауы, тыңдамауы мүмкін. Мұндай жағдайда әдепте мұғалім оқушыны жазғырмай, өзінің білетінің дәріптемей, оқушылардың оқу материалын түсінетініне сенім артып, ынтымақтасып, зейінін, белсенділігін көтереді.
Сабақта оқушы білімін сынау бағалау кезеңінде мұғалім оқушының айтқанын мұқият тыңдап, сөзін бөлмейді, қате айтқанын бетіне басып табалмайды, қайта сен ойланып көр, асықпа- деп айтуға жағдай жасайды. Мұғалімнің әдептілігі оқушыға баға қоюынан да көрінеді. Егер мұғалім бағаны қалай болса солай қоя салмай, оқушының табысына қуанып, сәтсіздігіне реніш кейпін көрсетсе, онда мұғалім мен оқушы арасында дұрыс қарым- қатынас болып, белсенділігі арта түседі.
Ғылыми деректер бойынша өмірде бір мың төрт жүзден астам мамандық түрлері бар. Оның ішінде мұғалім- (оқытушылық қызмет) жас ұрпақты тәрбиелеу, оқыту мәселелерін шешетін болғандықтан. Ізгілік сипаты жоғары болуы керек.
Педагог қызметінде шәкірттерге өнеге көрсету, қарым- қатынас жасауға үлгі болу, өзгелерге әсер етудің тиімді тәсілін табу, шеберлік пен шығармашылықты таныту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Педагогиканың дәрістері
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде мектеп пен отбасының рөлі
Жекелеме пәндерді оқытудағы ақпараттық технологиялар
Музыка сабағында оқушының шығармашылық белсенділіктерін үйірмелер арқылы дамытудың түрі мен әдіс-тәсілдері
Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептегі тәрбиенің мазмұны
Педагогикалық процестегі мұғалімнің қызметтері
Оқyшылардың оқy мәдениетін қалыптастырyдағы мұғалімнің рөлі
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ Бастауышты оқытудың әдістемесі мен педагогикасы мамандығы үшін
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары
Пәндер