Бастауыш сынып математикасында ақпараттық-коммуникативті технологияны қолдану



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
1. АҚПАРАТТЫҚ . КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ . ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Ақпараттану технологиясының даму тарихы және компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Ақпараттық коммуникативтік технологияны математика сабағында қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2. КОМПЬЮТЕРДІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.1 Бастауыш математикасында компьютерлік технологияны пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі:
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы және әлеуметтік экономикалық өзгерістер жас ұрпақты тәрбиелеуге жаңаша көзқараспен қарауды талап етуде. Бұл әрбір адамның психикалық, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік беретін жаңа жағдайлар құруды қажет етеді.
Осыған байланысты қазіргі педагогика ғылымы оқушылардан белгілі бір білім жүйесін терең меңгеруін талап етіп қана қоймастан, олардың әрқайсысының шығармашылық қабілетін дамытуды талап етіп отыр.
Мұндай әлеуметтік сұранысты педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету оқу үрдісін компьютерлендіру арқылы шешуге болатындығын мектеп тәжірибесі көрсетуде. Сондықтан да оқыту жүйесін компьютерлендіру қазіргі кезде білім беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының біріне айналды.
Оқыту жүйесін компьютерлендіруді жедел қарқынмен жүзеге асыру мынадай қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешумен ұштасады:
1. Ғылыми — техникалық және өндірістік — технологиялық мәселелерді шешуге қабілетті, шаруашылықтың кез келген саласында күрделі компьютерлік техниканы пайдаланып қызмет істей алатын білімді және кәсіптік деңгейі жоғары мамандарға деген сұранысты қанағаттандыру.
2. Білім беру жүйесінің деңгейі мен арнайы кәсіби мамандық берілуіне тәуелсіз ақпарат құралдары мен компьютерлік техниканы сапалы түрде пайдалана алатын оқушыларды дайындаудың жалпылық сипатта болуын қамтамасыз ету.
3. Оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жетілдіру, оны басқару тиімділігін арттыру, оқу-педагогикалық зерттеу жұмыстарын жандандыру мен оның нәтижелерін педагогикалық практикаға енгізуге байланысты білім беру жүйесінің ішкі сұранысының артуы.
Қазіргі кездегі оқу жүйесінде компьютерлік техника негізінен төрт бағытта:
1) компьютерлік техника ақпараттануды оқып үйрену құралы;
2) компьютер — оқыту құралы;
3) компьютер — педагогикалық басқару жүйесінің бір саласы;
4) компьютер — ғылыми зерттеу және педагогикалық іс-әрекеттің құрамды бөлігі ретінде пайдаланылуда.
Компьютерді оқу құрал-жабдығы ретінде пайдалану зерттеулерінде, көрнекіліктің тиімділігін арттыру, дерексіз математикалық ұғымдарды меңгеруді жеңілдету, оқу іс- әрекеттерін жекелендіру арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру т.б. мәселелерді нәтижелі шешуге болатындығы көрсетілген.
Компьютерлік техниканы оқу құрал-жабдықтар кешеніндегі басты буынның бірі ретінде қарастырып зерттеу мектепте білім беру педагогикасы мен әдістемесінің теориялық негіздерін дамыту және мұғалімдердің практикалық іс-әрекетіндегі маңызды әлеуметтік- педагогикалық мәнге ие болатын негізгі бір мәселе болып табылады.
Бастауыш мектептегі оқу-құрал жабдықтар кешеніне дербес компьютерді кірістіру мәселесінің маңызы да ерекше. Оның өзіндік себебі де жеткілікті. Қазіргі кезде балалардың көпшілігі ерте бастан-ақ компьтерлік ойын ойнап, микропроцессорлы электронды ойыншықтармен етене таныса бастайды. Сондықтан бастауыш мектепте компьютерлік техника оқу құрал жабдықтар кешенінің бірі ретінде пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру кезінде балалардың өмірлік тәжірибесін, олардың даму ерекшеліктерінің психологиялық, педагогикалық заңдылықтарын ескере отырып оны байыта түсу, оқыту кезеңдерінің сабақтастығын қамтамасыз ету шарттарын зерттеудің маңыздылығы арта түседі.
Зерттеудің мақсаты: компьютерді бастауыш сыныпта математиканы оқытуда оқыту құралы ретінде пайдаланудың тиімділікті арттыру мүмкіндіктерін теориялық тұрғыдан анықтау және оны пайдалану әдістемесін мазмұндау.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.
2. А. Салихова «Оқушылардың шығармашылығын дамыту». Ғылыми-әдістемелік журнал, №5-2009 ж
3. Интернет материалдары №72 «Gooqle» және №65 «Mail.ru» сайттары 2012 ж.
4. Оспанов Т.Қ., Құрманалина Ш.Х. Математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі. ІІ – бөлім. – А., Республикалық баспа кабинеті, 1996.
5. Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.Қ.Құрманалина. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. – Астана, Фолиант, 2007.
6. Т.Қ.Оспанов, О.В.Кочеткова, Ж.Қ.Астамбаева. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. 1-4-сыныптар. – Алматы, «Атамұра», 2005.
7. Н.Б.Истомина. Методика обучения математике в начальных классах. – М., 2000.
8. Оспанов Т.Қ. және т.б. «Математика - 1», «Математика – 2», «Математика – 3», «Математика – 4» оқулықтары. – Алматы: «Атамұра», 1997-2000, 2001-2004.
9. Оспанов Т.Қ. және т.б. Математиканы оқыту әдістемесі. 1,2,3 және 4 сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралдар. – Алматы: «Атамұра», 1997-2000.
10. Математикадан дидактикалық материалдар.1,2-сыныптар. (Құрманалина Ш.Х.. Қосанов Б.М. және т.б.) – Алматы: «Атамұра», 1997, 1998.
11. С.Т.Мұхаметжанова, Ж.Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008ж
12. А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. АҚПАРАТТЫҚ - КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Ақпараттану технологиясының даму тарихы және компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 5
1.2 Ақпараттық коммуникативтік технологияны математика сабағында қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2. КОМПЬЮТЕРДІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ... ... ... ... ... ... . ... ... .15
2.1 Бастауыш математикасында компьютерлік технологияны пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі:
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы және әлеуметтік экономикалық өзгерістер жас ұрпақты тәрбиелеуге жаңаша көзқараспен қарауды талап етуде. Бұл әрбір адамның психикалық, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік беретін жаңа жағдайлар құруды қажет етеді.
Осыған байланысты қазіргі педагогика ғылымы оқушылардан белгілі бір білім жүйесін терең меңгеруін талап етіп қана қоймастан, олардың әрқайсысының шығармашылық қабілетін дамытуды талап етіп отыр.
Мұндай әлеуметтік сұранысты педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету оқу үрдісін компьютерлендіру арқылы шешуге болатындығын мектеп тәжірибесі көрсетуде. Сондықтан да оқыту жүйесін компьютерлендіру қазіргі кезде білім беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының біріне айналды.
Оқыту жүйесін компьютерлендіруді жедел қарқынмен жүзеге асыру мынадай қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешумен ұштасады:
1. Ғылыми -- техникалық және өндірістік -- технологиялық мәселелерді шешуге қабілетті, шаруашылықтың кез келген саласында күрделі компьютерлік техниканы пайдаланып қызмет істей алатын білімді және кәсіптік деңгейі жоғары мамандарға деген сұранысты қанағаттандыру.
2. Білім беру жүйесінің деңгейі мен арнайы кәсіби мамандық берілуіне тәуелсіз ақпарат құралдары мен компьютерлік техниканы сапалы түрде пайдалана алатын оқушыларды дайындаудың жалпылық сипатта болуын қамтамасыз ету.
3. Оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жетілдіру, оны басқару тиімділігін арттыру, оқу-педагогикалық зерттеу жұмыстарын жандандыру мен оның нәтижелерін педагогикалық практикаға енгізуге байланысты білім беру жүйесінің ішкі сұранысының артуы.
Қазіргі кездегі оқу жүйесінде компьютерлік техника негізінен төрт бағытта:
1) компьютерлік техника ақпараттануды оқып үйрену құралы;
2) компьютер -- оқыту құралы;
3) компьютер -- педагогикалық басқару жүйесінің бір саласы;
4) компьютер -- ғылыми зерттеу және педагогикалық іс-әрекеттің құрамды бөлігі ретінде пайдаланылуда.
Компьютерді оқу құрал-жабдығы ретінде пайдалану зерттеулерінде, көрнекіліктің тиімділігін арттыру, дерексіз математикалық ұғымдарды меңгеруді жеңілдету, оқу іс- әрекеттерін жекелендіру арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру т.б. мәселелерді нәтижелі шешуге болатындығы көрсетілген.
Компьютерлік техниканы оқу құрал-жабдықтар кешеніндегі басты буынның бірі ретінде қарастырып зерттеу мектепте білім беру педагогикасы мен әдістемесінің теориялық негіздерін дамыту және мұғалімдердің практикалық іс-әрекетіндегі маңызды әлеуметтік- педагогикалық мәнге ие болатын негізгі бір мәселе болып табылады.
Бастауыш мектептегі оқу-құрал жабдықтар кешеніне дербес компьютерді кірістіру мәселесінің маңызы да ерекше. Оның өзіндік себебі де жеткілікті. Қазіргі кезде балалардың көпшілігі ерте бастан-ақ компьтерлік ойын ойнап, микропроцессорлы электронды ойыншықтармен етене таныса бастайды. Сондықтан бастауыш мектепте компьютерлік техника оқу құрал жабдықтар кешенінің бірі ретінде пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру кезінде балалардың өмірлік тәжірибесін, олардың даму ерекшеліктерінің психологиялық, педагогикалық заңдылықтарын ескере отырып оны байыта түсу, оқыту кезеңдерінің сабақтастығын қамтамасыз ету шарттарын зерттеудің маңыздылығы арта түседі.
Зерттеудің мақсаты: компьютерді бастауыш сыныпта математиканы оқытуда оқыту құралы ретінде пайдаланудың тиімділікті арттыру мүмкіндіктерін теориялық тұрғыдан анықтау және оны пайдалану әдістемесін мазмұндау.
Зерттеудің объектісі: бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие процесі.
Зерттеудің міндеттері:
- зерттеу тақырыбына байланысты психологиялық, педагогикалық және арнайы әдебиеттерді шолу жасау, талдау;
- компьютердің оқыту үрдісінде пайдаланудың ролі мен орнын анықтау;
- бастауыш сыныпта математиканы оқытуда компьютерді пайдалану арқылы оқытудың тиімділігін арттыру.


1. АҚПАРАТТЫҚ - КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Ақпараттану технологиясының даму тарихы және компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланудың дидактикалық негіздері
Жалпы технология, ақпараттык және компьютерлік технология дегеніміз не? Соларға жауап бере кетелік. Анықтама бойынша технология дегеніміз -- материалды өңдеу үрдістерінің жиынтығы, немесе материалды өңдеу тәсілдері туралы білім жиынтығы. Мағынасы бойынша технология дегеніміз -- түрлендіруді жүзеге асыруга мүмкіндік беретін тәсіл. Бұл бізге технология түсінігін тек материалды өндіріс сферасында ғана емес, сонымен қоса адам іс-әрекетінің басқа да сферасында да, соның ішінде білім беру жүйесінде де пайдалануға мүмкіндік береді.
Оқыту теориясында технология ұғымының үш жүзге жуық анықтамасы бар екенін айту жөн. Ақпараттық технологияның арқасында әрбір тәлімгердің тек дәстүрлі ақпарат көздерімен ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі емес ақпарат көздерімен жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар.
Ақпараттық технология деген терминді В. Тлушков енгізді. ол оған былай анықтама береді: Ақпараттық технология дегеніміз -- ақпаратты өндеумен байланысты үрдістер. Сонда оқытуда ақпараттық технологиялар үнемі қолданылған деуге болады, себебі оқыту дегеніміз -- ақпаратты оқытушыдан тәлімгерге немесе оқушыға жеткізу. В.Апатова, В.Глушковтың берген анықтамасын жоққа шығармай, оны нақтылай түседі: Ақпаратгық технология дегеніміз -- ақпаратты өндеу үрдісі арқылы жүзеге асатын құралдар мен әдістер жиынтығы.
Д.Матрос жаңа ақпараттық технология ұғымын қарастыра отырып, кез келген әдістер немесе педагогикалық технологиялар ақпаратты тәлімгерлер, оқушылар меңгеру үшін қалай өңдеу және жеткізу керектігін суреттейді, яғни, оның анықтамасы бойыңша, кез келген педагогикалық технология дегеніміз -- бұл ақпараттық технология.
Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану нәтижесі компьютерлік технология терминінің пайда болуына әкелді. Бірақ та есептеуіш техниканың белсенді түрде дамуы және жаңа аппаратты, бағдарламалық құралдардың пайда болуы компьютерді қолдану аясын кеңейтті. Білімді ақпараттандыруды тәлімгерлердің, оқушылардың мәліметтер және білім базасында, электронды мұрағаттарда, аныктамаларда, энциклопедияларда белсенді түрде жұмыс істеуі деп анықтауға болады. Осыдан оқытудың ақпараттық технологиясын анықтауға болады: оқытушылық іс-әрекетті және құралды іске қосу, олардың жұмыс істеуі кезіндегі пайдаланылатын электрондық және бағдарламалық құралдар жиынтығы.
Кез келген ұйымда басқару қызметтері нәтижелі ақпаратты, қорытылған мәліметтердің қайта құру технологиясына негізделеді. Технология ұғымының (мағынасының) өзі өнеркәсіптік өндірісте қолданылады және өндіріс үрдісінде өнімді әзірлеу тәсілдерінен және өзара байланысқан материалдарды өңдеу жүйесі ретінде анықталады. Әдістер жүйесі техникалық құралдарды пайдалану негізінде ақпараттық жинау, жіберу, өндеу, жинақтау. сақтау тәсілдерін қолдану арқылы ақпараттық технологияны анықтаймыз.
Ақпараттық технологиялар ақпараттық үрдістердің әр қилылығына байланысты мынандай технологияға жіктеледі:
- ақпаратты жинау;
- ақпаратты жеткізу;
- ақпаратгы өндеу;
- ақпаратгы жинақтау;
- ақпаратты сақтау;
- ақпаратты ұсыну;
- ақпаратты паидалану;
- ақпаратты қорғау.
Нақты ақпараттық технологияны жүзеге асыру үшін мынадарды орындау қажет:
- ақпараттық үрдістің өзін жүзеге асыратын тиісті техникалық құралдардың кешені;
- техникалықкешенмен басқару құралдарының жүйесі;
- техниқалық құалдардың барлық іс-әрекеттерінің жүзеге асырылуын байданыстыратын ұйымдастырушылықты әдістемелік қамтамасыз ету. Қазіргі заманғы басқарма қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық үрдістердің әр түрлерін жинақты түрде пайдалануға негізделген, Соған байланысты көбінесе қазіргі заманғы немесе жаңа ақпаратгық технология деп компьютерлік ақпараттық технологияны ұғынамыз.
Компьютерлік технология хабарды шексіз көлемде игеруге және аналитикалық өңдеуге мумкіндік береді.
Компьютерлік технология танымдық белсенділікті арттыратын компьютерлік ойындар түріндегі танымдық үрдісті ұйымдастыруға жағдай жасайды.
Қазіргі көздері - компакт дискілер мен қуатты процессорлар құрамына мәтіндік ақпарат, мультипликация, фото, бейне, модельдеу, дыбыстық сүйемел ететін, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын жаңа сапалы бағдарлама жасауға мүмкіндік береді.
Электрондық оқулықты қолдану оқушының жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді,оқыту үрдісін саралауға, жан - жақты ақпараттандыруға, білім мазмұнын ізгілендіруге көмектеседі.
Компьютерлер оқушылардың бойында іс-әрекет рефлексиясын қалыптастыруға септігін тигізеді, Алдымен компьютер оқушыларға өз іс -әрекетінің нәтижесін көрнекі түрде көрсетуге, өзін -- өзі бақылау мен түзетуді іске асыруға мүмкіндік береді. Арнайы бағдарламалар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын туғызады.
Компьютерлік технология - адамның танымдық зерттеу қызметінің жан жақты тәсілі, көпфункционалдық құралы (тексеру, есептеу, музыкалық, графикалық, кең көлемді ақпаратты сақтау және өңдеу, т.б.) Компьютерлік технологияның аталған мүмкіндіктері оны пайдаланудың педагогикалық мақсаттарын анықтайды. Техникалық оқу құралдарын қолданудың тиімділігін растайтын еңбектер авторларының бірі Г.В.Габай техникалық құралдардың оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін (есте сақтау, ойлау, мәліметтерді тез қабылдау қабілеті, басқа да жұмыс түрлеріне ауысу қабілеті) айта келе, оқу үрдісіндегі оқушылар іске асыратын әрекетті танымдық және қосымша деп екіге бөледі. Танымдық әрекет - сабақта алынатын білім, ал қосымша әрекет - сол танымдық жұмыстың ойдағыдай өтуіне жағдай жасайтын іс -- әрекеттер. Осы қосымша әрекет сабақта оқушы уақытының көп бөлшегін алады. Мүмкіндігінше мұндай жағдайды болдырмауға техникалық оқу құралдарының маңызды рөл атқаратындығын атап кетеді.
Қазіргі таңда компьютер оқушының өз бетімен жұмыс істеуін, білім, білік деңгейлерін көтеруге жағдай жасайтын, тереңдететін, шығармашылық ізденіске баулитын қуатты құрал ретінде қабылданады. Компьютермен оқыту жағдайындағы оқушының іс -- әрекетін басқару үлгісі толық жүзеге асырылады.
Оқыту үрдісінің мақсат, шарт, құрал, іс -- әрекет операциялар түйіндеріндегі қызметті осы техникалық оқыту құралы атқара алады. Оқушы белсенділігінің жоғарлауына ықпал ететін қабілетті компьютердің белсенді әріптестік рөліндегі, көмекті динамикалық үйлестіре алатын қасиетіне байланысты. Компьютер жұмысының программаланушылығы оның динамикалық бейімделгіштігімен үйлесіп, бүтіндікті сақтай отырып, жекелей оқытуға жағдай жасайды.
Оқыту үрдісіндегі компьютер мен оқытудағы жаттығу сатысы - білім алушылар үшін тамаша құрал. Себебі компьютер оқыту үрдісінің жоғары саналылығына әсер етеді де, оқушының зерделілік және қисындылық деңгейін жоғарлатады. Компьютердің көзбен шолу және басқа да күрделі бейнелерді құрстыру қабілеттері.
Оқыту үрдісінің ақпаратық каналдарының өткізгіштік қабілетін аттырады. Зерттеушілердің көзқарасынша, компьютердің оқыту үрдісіне енгізілуі білім саласын нақты дүниеге жақындата түседі. Компьютердің әмбебаптық және программаланушылық қасиеттері, көп мақсатты қолданылу мүмкіндіктері пәндерді интеграциялап оқытуға жағдай жасайды.
Компьютер - оқу ісін жекелендіруге мүмкіндік бере отырып, яғни адамның психикалық, педагогикалық, жеке, жас ерекшеліктерін, оның іс -- әрекетке даярлығын ескере отырып, соларға сәйкес жұмыстың мақсатын, жоспарын, әдіс -- тәсілдерін белгілеп оқыту.
Компьютер -- әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретін құрал. Өйткені әр оқушы өз қабілетіне сай жылдамдықта жұмыс істей алады. Сонымен бұл техникалық оқу құралы оқушылардың жас және жеке психологиялық ерекшеліктерінің жақсы жағынан қапыптасуына ықпал етеді.
Жалпы техникалық оқу құралдарын қолдану дидактикалық көрнекілік, оқу материалын саналы меңгерту, жүйелілік пен жалғастық, оқу мен тәрбие ісінің бірлігі, т.б. принциптерге негізделеді.
Адамның компьютердің көмегімен атқаратын оқу іс -- әрекеттері өте көп, күрделі, әртүрлі. Компьютерлік технологияны қолдану арқылы өмірге келген оқыту тәжірибесі ғылыми -- практикалық мәнге ие. Оқытудың компьютерлік технологиясын құру стратегиясы - бүгінгі таңда ең тиімді әдіс. Бұл әдіс - қойылған дидактикалық мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін оқытудың формалары, әдіс - тәсілдері мен құралдарының жүйесі.
Оқытудағы компьютерлік бағдарламаның екі компоненттер тобын бөліп қарауға болады. Олар:

Оқу материалдары: мәтін, суреттер, кестелер, репликалар, ережелер.
Арнайы алгоритмдер (бағдарламалы). Олар оқу материалын, олардың оқушыларға әсерін қарастырады. Бірінші компонентті оқытушы жүзеге асырса, екінші компонентті программист қолға алады, бірақ оқытушы тарапынан идея тасталынады.
Компьютерлік бағдарламаларды жасауда төмендегідей факторларды ескеру қажет:
а) оқушы мен компьютер байланысының ерекшеліктері: педагогикалық, ойынды, ойтүрткілік, ақпараттық мазмұнда;
ә) оқу әрекетін басқару ерекшеліктері: жауап кезінде бақылау, оқушы әрекетін жекелеген қасиетіне сай бағалауКомпьютерлік бағдарлама оқушының әр әрекетіне "Жарайсың", "Дұрыс", "Өте жақсы", "Қате", "Қайта жасап көріңіз" деген реплика түріндегі сөздер, дыбыстық әсерлер мен түрлі музыкалық әуендер негізінде, түрлі түстер әсерінде, сыйлық, құттықтау, тартулар түрінде жауап қайтарады. Бұл оқушының өз іс -- әрекетіне бақылау жасауына ықпал етеді.
Ал компьютер экранының және кітап бетінен оқу түрлі психологиялық ерекшеліктерге ие екенін ғалымдар атап өтеді: жүйке жүйесінде қол мен көз қимылын бақылайтын арнайы механизм бар. Психологтардың айтуынша, үстел үстіндегі тұрған кітаптан қолға ұстап бақылау жүргізу арқылы оқу қолайлы. Қол мен көз қозғалысы қағаздағы мәтінді тез қамтуға жағдай жасайды. Кітап оқу мен құжаттарды қараудағы ақпаратты қабылдау компьютер экранынан оқумен салыстырғанда әртүрлі айырмашылықта болады. Компьютерлік бағдарламада қарапайым кітаппен салыстырғанда арнайы бет ашудың автоматтандырылған қызметі қойылған. Кітап оқу табиғи жарықпен жүзеге асса, компьютер экраны арнайы ішкі жарықты тудырады (бір ескеретін жайт: ішкі жарық біраз сағаттан асқан соң көздің шаршауына әкеліп соғады). Компьютердің келеңсіз көрінісі де жоқ емес. Атап айтқанда, ол адамның (әсіресе, жасөспірімдер мен балалардың) көру қабілетін нашарлатады, тез шаршатады, т.б. әсерлері бар. Мұндай жағдай дисплейді тым ұзақ пайдаланудан болатыны түсінікті. Сондықтан оқу үрдісінде мұғалім дисплеймен жұмыс істеу кезінде бұл мәселелерді ескеріп отыруы керек. Бұл мақсатта сынып іші жүйелі түрде тазаланып, желдетіліп тұруы қажет. Оқушылардың экран алдында көп отырып қалмауын қадағалаған абзал.
Көздің демалуы үшін компьютерде экран өзгеріп отыратын бағдарламалар жасалынған. Негізінен, психологтар компьютердің адам жүйкесіне әсерін, оны реттеудің жолдарын қарастыруда.
Пәнді оқытудың сапасын жақсарту үшін қолдану берілген ерекшіліктерге байланысты:
oo Бірнеше мәрте қайталау есебінен оқушылардың ойлау, сөйлеу және тілдік материалды есте сақтау дағдыларын жаттықтыруды қамтамасыз етеді. Осы қасиеті үшін ғалымдар компьютерге "төзімді оқытушы" деген ат берген.
oo Компьютер оқытылып жатқан пән мазмұнының әдістемесінің және көрнекілігінің өзгеруіне тез бейімделеді. Бір компьютерлік бағдарламаның өзін әртүрлі аудиторияда, оқу орындарында пайдалану мүмкіндігі бар. Қажет болған жағдайда бағдарламаға түзетулер, өзгертулер енгізуге болады.
Бағдарламаны жасауға білікті мамандардың тартылатыны белгілі. Олай болса, компьютермен жұмыс істей отырып, оқушы таңдаулы адамдармен "жұмыстас" болады. Аталған ерекшеліктер оқушылардың жұмыс жасауына оң әсерін тигізеді.
Компьютердің оқытуды жекелендіруге мүмкіндік жасауы әр оқушының әрекетін басқара алуына, оған керегінше уақытын бөле алуына оның дидактикалық мүмкіндіктерін аша түседі. Дисплей экранындағы сілтемелерге сүйене отырып, берілген тапсырманы дұрыс орындау үшін не істеу керектігін оқушы өзі шешеді.
Компьютер оқушылардың білімін автоматты түрде бағалап, әділ бағасын беріп отырады. Оның көмегімен оқытудың мотивациясын күшейтуге мол мүмкіндік бар.

1.2 Ақпараттық-коммуникациялық технологияны математика сабағында қолдану
Компьютерлік технология мен мультимедиялық құралдардың жылдам дамуы мұғалімдердің осы мүмкіндіктерді сабақтарында қолдануы талап етілуде. Ақпараттық технологиялар әртүрлі ақпарат көздеріне жол ашып, оқушылардың өздік жұмыстарының тиімділігін арттырады, оқушылар мен педагогтардың шығармашылығына жол ашады, оқытудың жаңа формалары мен әдістерін іске асыруға мүмкіндік береді. Оқу үрдісін ұйымдастыруда ақпараттық технологиялар оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіртіп, оларды жоғары білімділік нәтижеге жеткізетін құралға айналады. Сонымен қатар осы мезетте оқушылардың шамадан тыс жүктелуін жою мақсаты қойылады. Осы мәселелердің барлығын іске асыру қазіргі заманғы білім беру технологияларын, соның ішінде ақпараттық технологияны белсенді түрде енгізгенде ғана мүмкін болады.
Ақпараттық технологиялар терминін электрондық құралдар арқылы ақпаратты жинақтап, өңдеп, көрсету және қолдану деп түсіну керек.
Ақпараттық технологиялар құрамындағы компоненттермен және олар іске асырылатын ортамен сипатталады:
* техникалық орта (негізгі мәселені шешу үшін қолданылатын техника түрі);
* бағдарламалық орта (бағдарламалық құралдар жиынтығы);
* пәндік орта (ғылымның, техниканың, білімнің тиянақты пәндік аймағының мазмұны);
* әдістемелік орта (нұсқаулар, қолдану реті, тиімділік бағасы және т.б.)
Оқытудың ақпараттық технологиялары - ол компьютердің көмегімен білім алушыға ақпаратты дайындау және беру үдерістері.
Сабақ АКТ-ны қолданумен өту үшін не істеу керек?
Біріншіден, құрал-сайман, кем дегенде бір компьютер, оқытушының идеалды түрде автоматтандырылған жұмыс орны, бірнеше оқушы жұмыс орны, видеопроектор және интерактивті тақта.
Екішіден, компьютерде жұмыс істеу дағдысы бар мұғалім мультимедиялық проектор ережелерімен және интерактивті тақтамен таныс болуы қажет.
Үшіншіден, білім беру өнімдері бар цифрлық компакт-дискілер болуы қажет.
Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйе қолданылатын сабақтар мұғалімнің орнын баспайды, керісінше, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты неғұрлым мазмұнды, жеке тұлғалы және әрекетті етеді. ЭЕМ-ды математика сабақтарында қолдану уақытты үнемдейді, оқушылардың түрткісін (мотивациясын) және оқу-танымдық үдерістің тиімділігін арттырады.
Мұғалім - сабақтағы негізгі әрекетті тұлға. Сондықтан компьютер мен мультимедиалық құралдарды оқытудың тек инструменті (құрал-сайманы) ретінде қарастыру керек. Бұл инструменттің көмегі өте мәнді.

Сабақтың параметрі
АКТ-ны қолданатын сабақ
Дәстүрлі сабақ

ақпаратты беру
оқушылар ақпаратты неғұрлым қаныққан, көрнекі түрде алады
мұғалімнің түсіндіруі, оқулық бойынша параграфты өз беттерімен оқуы, кестелерді қолдануы

жұмыс қарқыны
әр оқушы өз қарқынымен жұмыс істейді, тапсырмалар мен мультимедиялық құралдар білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың сол уақыттағы білім мен дағды деңгейлерін есепке алады
мұғалім сыныптағы оқушылардың көпшілігіне сәйкес келетін жұмыс қарқынын қолданады
оқушымен кері байланыс
түсіндіру кезінде, бекіту кезінде іске асады.
ағымдық бақылау

Ғалымдардың зерттеуіне сүйене отырып, компьютерлік бағдарламалардың қолданылуының үш негізгі формасын бөліп алуға болады:
1) компьютерлік қолдаумен жүретін сабақтар;
2) оқушылардың бағдарламамен өздік жұмысы;
3) қашықтан оқыту (мұғалім мен оқушының компьютерлік торап арқылы өзара іс-әрекеті).
АКТ-ны қолдану сабақтарында, басқа сабақтардағы сияқты, мұғалімге келесі мәселелерді шешуге тура келеді:
1) дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік бағдарламаны талдау);
2) әдістемелік (тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау, сабақтың нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою);
3) ұйымдастырушылық (оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты тиімсіз өткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру);
4) оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін және ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және бекіту).
Осы көрсетілген мәселелерден компьютерлік бағдарламаны қолдану сабақтарын дайындау әдістемесі мынадай кезеңдерден тұратынын айтуға болады:
* мұғалімнің міндеттерді қоюы (конкретті сынып бойынша берілгендерді талдау, тұтас сыныппен және жеке оқушылармен жұмыс формалары мен әдістерін айқындау);
* компьютерлік бағдарламаның әзірлемесін дайындау бойынша немесе дайын білімдік цифрлық ресурсты пайдалануы бойынша мұғалімнің өздік жұмысы;
* дайындалған бағдарламаны сабақтың әр түрлі кезеңдерінде пайдалану;
* тестілеу қабыршағы көмегімен тесттік бақылау жүргізу (тақырыптық, аралық, сабақ қорытындысы бойынша);
* оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы өздік жұмыстары үшін бағдарлама енгізу;
* осы сыныптағы келесі сабақтың мазмұнына түзету енгізу мақсатында сабақты талдау, мысалы, не игерілмегенін, оған кейін қайта оралу қажеттігін анықтау.
АКТ-ны математика сабақтарында қолдану көрнекіліктің және жұмыстың тез орындалуы (жазбаша жұмыстың болмауы) арқасында материалды игеруге уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Интерактивті режимде оқушылардың білімдерін тексеру оқытудың тиімділігін арттырып, тұлғаның барлық потенциалын, танымдық, моральды-адамгершілік, шығармашылық, коммуникативтілік және эстетикалық мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі, оқушылардың зияткерлігін, ақпараттық мәдениетін дамытуға әсер етеді
Оқу үрдісінде электрондық оқыту бағдарламаларын дәстүрлі оқыту әдістерді педагогикалық инновациялармен ұштастыру арқылы жүйелі түрде қолдану дайындық деңгейлері әртүрлі балаларды оқытудың тиімділігін біршама көтереді.
Математика сабақтарын цифрлы білімдік ресурстарын қолданып өткізудің мынадай әдістері болуы мүмкін.
Жаңа материалды игеру
1. 1. Сыныппен фронтальды жұмыс.
Мұғалім графиктерді, суреттерді, алгоритмдерді көрсету үшін интерактивті тақтаны немесе мультимедиялық презентацияны қолдана отырып, материалды түсіндіреді. Мұндай презентацияларға, әсіресе, кез келген геометриялық фигураны интерактивті тақта көмегімен бұруға, қосымша салу жұмыстарын жүргізуге, оны толық көлемді түрде көрсетуге болады. Төменгі сыныптарда анимация көмегімен есепте берілген ситуацияны көрнекі түрде модельдеп көрсетуге болады, т.с.с.
1. 2. Электронды баспамен оқушының өздік жұмысы.
Оқушы мұғалімнен мыналарды алады:
1) жаңа материалды игеру жоспарын;
2) аралық бақылау сұрақтарын;
3) толтыру үшін тақырыпты игеру шаблонын алады.
Оқушы электронды баспамен өз бетінше жұмыс істейді.
Тақырып бойынша оқу дағдысын игеру
1. 1. Фронталды сұрақ-жауап.
Мұғалім оқу материалының презентациясы бар проекторды дыбыссыз қолданады, оқушы оны дыбыстайды.
1. 2. Оқушының өздік жұмысы.
Оқушы математика бойынша тренажерлармен және оқыту бағдарламаларымен өз бетінше жұмыс істейді. Оқыту бағдарламалары (жаттықтырушы) әрбір оқушының материалды толық қабылдауын қамтамасыз етеді, себебі әрқайсысы өз қарқынында (өте маңызды) өз бетімен оқу материалы бойынша жылжып отырады. Ағымдағы материалды игермей, келесіге көше алмайсың - компьютер мүмкіндік бермейді. Мұғалімнің оқушы жұмысын түзетуге, нашар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларын математиканы оқытуда жобалық технологияны қолданудың әдістемелік негіздері
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісі
Проблемалық оқыту технологиясы. Дамыта оқыту технологиясы
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ИНФОРМАТИКА ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ОҚЫТУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Бастауыш мектеп математикасында құзіреттілікті қалыптастыру.
Кіші мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістері
Бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары
Математикалық білім беру
Бастауыш мектеп математика сабақтарында модульдік технологияны қолдану
Пәндер