Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері туралы ақпарат


Мазмұны:
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
І. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері.
1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының азаматтық - патриоттық сезімдерін қалыптастырудың теориялық негіздері . . . 7
1. 2. Бастауыш сынып оқушыларының азаматтық - патриоттық сезімдерін қалыптастырудың ерекшеліктері . . . 17
ІI. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін педагогикалық процестер арқылы қалыптастыру
2. 1. Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін тәрбиелеу жолдары . . . 25
2. 2. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушысының патриоттық сезімін
қалыптастыру жолдары . . . 30
Практикалық бөлім.
Қорытынды . . . 39
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 41
Кіріспе.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Бастауыш мектептің алдында тұрған негізгі мақсат - оқушыларға білім бере отырып ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, оқуға ынтасын ояту сонымен қатар басты назар аударатын мәселелердің бірі - азаматтық тәрбиені қалыптастыру. Азаматтық тәрбие - патриоттық тәрбие құндылықтары арқылы жүзеге асатыны белгілі. Мектепке келген баланың отбасында бойына сіңірген мейірімділік, сүйіспеншілік, бауырмалдық секілді қасиеттерін одан әрі шыңдап, соның негізінде патриоттық сезімді аша білу үшін әрбір мұғалім жүйе бойынша белгіленген нақты іс- шараларды аса шеберлікпен үйлестіріп жүргізуі тиіс.
«Елдің елдігін оның тарихы, әдебиеті, салт - дәстүрі сақтайды» деген ұғымды бастау етіп алатын болсақ, патриотизмге тәрбиелеу үрдісін шартты түрде мынандай іс - шараларға бөлуге болады:
- тілді құрметтеу;
- ұлттық салт - дәстүрді зерделеу;
- елдің тарихы мен мәдениетін оқып зерттеу;
- ата - бабалар өсиетін орындау;
- жер байлығы мен табиғатты қастерлеу.
Яғни, патриоттық тәрбие беруде, ең алдымен ана тілі, табиғаттану, әліппе сияқты пәндер едәуір үлес қосады. Тарихты оқу үйрену, әсіресе Отанымыздың тарихын оқу еліміздің қаһармандық өткені мен теңдік алған қазіргі күніне сүйіспеншілік сезімдері нығаяды. Халқымыздың әдебиеті мен тіл өнері - бабаларымыздың бізге қалдырған бай мұрасы.
Курстық жұмыстың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының азаматтық-патриоттық сезімін қалыптасырудың мазмұнын, формасын, әдістерін негіздеу.
Курстық жұмыстық міндеттері:
1. Патриотизм туралы қазіргі кезде қалыптасып отырған ой - пікірлерді анықтау;
2. Патриоттық тәрбие жөніндегі теориялық, тәжірибелік ой - пікірлерді айқындау;
3. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімін тәрбиелеу құндылықтарын белгілеу;
4. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімін педагогикалық процесте қалыптастырудың мүмкіндіктерін қарастыру.
Бастауыш буын - қайталанбайтын кезең, ақиқаты сол, білім негізі бастауыштан басталады. Бастауыш білім беру сатысы оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін аса маңызды, құнды, қайталанбайтын буын екендігімен ерекшеленеді.
Бастауыш сынып оқушылары оқу сабағы, тәрбие сағаттары, сыныптан, мектептен тыс жұмыстар арқылы танымдық, тәрбиелік әрекеттерін қалыптастырады.
Өмір ағымы талап етіп отырған жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді, жетілген жеке тұлғаны дайындау бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі міндет. Сондықтан мектептің бастауыш оқыту сатысындағы оқу - тәрбие жұмыстарын жан - жақты толықтырып, халықтық тәлім- тәрбиенің озық үлгілерімен сабақтастырып, бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімі дамыған азамат тәрбиелеу бүгінгі күн талабының өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Отаншылдыққа, туған жерін қорғауға баулу мектептің тәрбиелік жұмыстарының аса маңызды бөлігін құрайтындықтан, өмірде болып жатқан бетбұрыстар, қоғамдағы саяси көзқарастар, әлеуметтік - экономикалық өзгерістер - еліміздің тарихына, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасқан салт - дәстүріне құрметпен қараумен қатар, оны бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға жол ашып отыр.
«Қазақстан - 2030 бағдарламасына қатысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Оқушыларды қазақстандық патриотизмге, шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез - құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек», - делінген.
Отан сүю, патриотизм деген ұғымдар мектепке, үйге жақынына, туған қаласына (ауылына) деген сүйіспеншіліктен басталады.
Әрбір халық ел мен жер қадірін, ата - баба дәстүрін, ұрпағының құлағына кішкентайынан құюға тырысады. Бұл тұрғыда, қазақ халқының жаңа туған нәрестені бесікке салып, шілдехана тойынан бастау алып, тұсау кесу, қыз ұзату, үйлену тойы, тіпті адамды соңғы ақтық сапарға шығарып салу секілді сан - қилы ырымдар мен кәделерге толы салт - дәстүрлерінің маңызы ерекше.
Ұрпақты ата - салтымызбен ұлтжанды етіп тәрбиелеу ұстаздар қауымына үлкен талап қоюда. Себебі бала мектеп табалдырығынан көрсем - білсем деген алып - ұшпа құмарлық сезіммен келеді. Осы сәтті ұтымды пайдаланып, білімді ұлттық тәрбиемен ұштастыра білген мұғалім ғана жемісті жетістіктерге қол жеткізеді. Жас ұрпақты халқымыздың әдет - ғұрып, салт - санасымен сусындату ел ертеңін ойлайтын саналы азамат қалыптасуының бірден - бір кепілі.
«Ел болам десең, бесігінді түзе», - дейді ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт - дәрсүр, әдет - ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы. Елін сүйген адам сол елдің салт - санасын, мәдени мұрасын қастерлеп, өнеге тұтуы тиіс.
Оқушыларды өз елін, туған жерін қорғауға және оны сүюге баулып, оларға сонау Абылай бабамыздан бастап кешегі желтоқсанға дейін азаттық үшін алысқан ұлы тұлғалардың ел тәуелсіздігі жолындағы ерлік істерін ұғындыру мақсатында ел тану материалдарын, белгілі қоғам қайреткерлерінің өмір деректерін көптеп қолдану ел жандық сезімдерін тереңдетені сөзсіз.
Жастарымыздың бойында елжандылық, азаматтық, жоғары ізгілік пен адамгершілік сезімдері жан жақты жетілгенде ғана Қазақстандық патриотизм сезімі асқақтай түседі.
Зерттеу объектісі: оқушыларды азаматтық-патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Зерттеу пәні: азаматтық-патриоттық сезімді жетілдірудің жолдарын педагогикалық процесте қалыптастыру.
Зерттеу әдістері: педегогикалық, психологиялық, этно - педагогикалық, тарихи - этнографиялық, фольклорлық, бастауыш әдістемелік, әдеби, әлеуметтік әдебиеттерге тақырып бойынша теориялық талдау жасау; бастауыш педагогикасы мен әдістемесі, бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық жұмыстарына талдау; педагогикалық тәжірибелерді жинақтап қорыту.
І. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері.
1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының азаматтық-патриоттық сезімдерін қалыптастырудың теориялық негіздері
«Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - азаматтың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», - депті әл - Фараби бабамыз. Мұнан өз тағдырын өзін шешуге қолы жеткен халқымызға ұлттық рухани болмысты дұрыс қалыптастыру аса қажет екенін байқаймыз.
Отаннына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мәселесі - бүгінгі күннің білім беру жүйесі алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі.
Отан дегеніміз - халық. Халық дегеніміз - адам. Адамды сүю - оған жақсылық жасау. Ендеше отаншылдық - сонау ерте заманнан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім. Халықтық құндылықтарға сүйене отырып, елдікке, ерлікке, азаматтыққа тәрбиелеудегі өлең - жырлар, мақал - мәтелдердің әсері ұтымды болатындығы туралы танымал педагогтарымыз айтып та, жазып та жүр.
Азамат арабша: ұлылық, мәртебелілік, тәкаппарлық, кереметтілік, дара тұлға деген ұғымдарды білдіреді.
Азаматтық тәрбие дегеніміз - балаларды қоғамның саяси өмірінің негіздерімен таныстыру, өзінің азаматтық міндеттерін орындауға дайындығын қалыптастыру. Азаматтық тәрбие жеке тұлғаның азаматтық сана-сезімін, конституциялық, кұқықтық көзқарасын қалыптастыруды қарастырады.
Азаматтық тәрбиенің негізгі мақсаты - адам бойыңда отанға деген сүйіспеншілік сезімін, қоғамның адамгершілік идеалдарын, бейбітшілікке деген ұмтылысын, қоғам мүддесі үшін еңбек ету қажеттілігін тәрбиелейді.
Азаматтықтың негізгі элементтеріне мыналар жатады: ар-намыс сезімінде, тұлғалық ішкі еркіндікте, тәртіптілікте, басқа адамдарға және мемлекеттік билікке құрмет және сенім білдіруде, өзінің міндеттерін орындау, патриоттық, ұлттық және ұлтаралық сезімдерін үйлесімді қиюластыру қабілетінде керінетін адамгершілік, құқықтық және саяси мәдениет.
Азаматтық тәрбиенін міндеттері:
- тұлғаның өз абыройын бағалап құрметтеу сезімін, жеке тәуелсіздігін және тәртіптілігін қалыптастыру;
- адамға өзін заңды, саяси, әлеуметтік тұрғыдан әрекетшіл екенін сезіндіретін тұлғаның азаматтылығын қалыптастыру;
- тұлға бойыңда басқа азаматтарға және мемлекетке деген сыйластық және сенімділік қатынастарын қалыптастыру;
Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, оны қорғауға деген даярлық адамгершілік тәрбиесінің бір бөлігі ретінде қарастырылады.
Азаматтық - патриоттық мәселелер қай халықтың болмасын басты тәрбие бағдары болады. Азаматтық - патриоттық сезімді тәрбиелеуде түрлі құралдар пайдаланылады. Патриоттық сезімдер құралдарына:
- Ұлттық құндылықтары - жер, ел, тіл жатады.
- Ұлттық нышандары - Ел таңба, Ту, Әнұран.
- Ұлттық мәдениеті - сөз, бейнелеу, саз, дене тәрбие және т. б.
- Қазақ зиялыларының өнегелі іс - әрекеттері мен сөздері.
Жас ұрпақтың оның ішінде төменгі сынып оқушыларының төл мәдениетінен нәр алуы ұлттық фольклорымен тығыз байланысты. Қазақ халқының өте әрідегі ата - бабаларының өмір сүрген кезінен (ҮІ ғасыр, Түрік қағанаты) бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі - халықтық педагогика. Халық педагогикасының басты мәселелерінің бірі - ұлттық үрдістер тұтастығын сақтай отырып азаматтық, адамгершілік, патриотизмге тәрбиелеу болды. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой - толғаныстары бесік жырымен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс - термелерде, жұмбақ - жаңылтпаштар мен мақал - мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні - адамгершілік - имандылық, ақыл - ой, еңбек, эстетика, дене, патриоттық тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі. Қазақ халқы бала тәрбиесімен арнайы айналысатын қоғамдық орындар (балалар бақшасы т. б. ) ашпаса да, өз ұрпағын бесікте жатқан кезіннен бастап - ақ өлең - жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ тәрізді мәтіндік ұлағаттармен санамақ, жаңылтпаш сияқты ойындар арқылы тәрбиелеп отырған. Ауыз әдебиетінің басқа түрлеріне қарағанда, мақал - мәтелдердің өзіне тән ерекшеліктері мен өзгешеліктері бар. Ол адам өмірінде, тұрмыс - тіршілікте, қоғамдық жайларда кездесетін әр түрлі құбылыстарға, тарихи мәні бар оқиғаларға берілген даналық баға, тұжырымды түйін есебінде қолданылады.
Отансүйгіштікке тәрбиелейтін мақал - мәтелдердің алатын орны өз алдына бір төбе. Мақал - мәтел ойды қысқа да ұтымды жеткізетін, өмір тәжірибесін қолдана айтатын сөздер. Онда ел, жер, халық, Отан жайында айтылған өнегелі сөздер өте көп. Мысалы, «Өз елім өрен төсегім», «Ел - жұрты бардың жұтамы жоқ», «Туған жердің күні де, күлі де ыстық», «Туған жер - тұғырың, туған ел - қыдырың», т. б. мән мағынасына зер салатын болсақ, ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін, жас ұрпақтың отансүйгіштік, патриоттық сезімін жетілдіру үшін қажетті қағидалар, бұлардың тәрбиелік мәнін түсіндіре отырып, бала тәрбиесінде кең пайдаланылды. Өзінің мақалдарында туған жер, ел - отанды аса жоғары бағалап ардақтаған халық енді оларды қорғау әрбір ер - азаматтың басты борышы деп біледі. Ел талап, ойран салуды көздеген шапқыншы жау болса, оған қарсы аттану, қасықтай қаны қалғанша, ақтық демі біткенше алысу, сөйтіп дұшпаннан Отанды қорғап қалу халқын сүйген әрбір ер жігіттің азаматтық борышы болатындығын көрсетеді. «Жат елдің жақсысы болғанша, өз еліңнің сақшысы бол», «Елін сүйген ер болар» деген мақалдар осының айғағы. Халық мақалдары ел қорғау, басқыншы жауды талқандап жену жолында ерлік жасаған, қара қылды қақ жарған, қиядан тартып жол салған, жау қамалын қиратқан, табан тірескен айқастарда тайсалып тартынбаған жігіттерді ардақтайды, абыройлы атақ пен даңққа бөлейді. Олардың халық сүйсінген ерлік істерін кейінгі ұрпаққа үлгі етеді.
Отаншылдық, ел - жұртын сүю, азаматтық борышын атқаруға болатын халықтық рухани құндылықтың бірі - ар - намыс. Бұл - борышты атқаруға итермелейтін әлеуметтік күш. Осы тұрғыдан алғанда ар - намыс қазақ халқының бойына туа біткен ұлттық әлеуметтік - психологиялық ерекшелік болмысы және ол азаматтық елін, жерін, тілін сүюге отандық ойлау жүйесінің негізі болмақ. Сондықтан баланың жасынан ар - намысын қалыптастыру үшін халықтық ертегілердің, ер - азамат бейнесін сомдап, үлгі етіп, мақтанышын, ерлігін мадақтап тәрбиелеудің маңызы зор.
Қазақ ауыз әдебиетінің ертеден кем жатқан күрделі саласының бірі - батырлар жыры. Бұл жырлардың көпшілігі халықтың Отанды сүю, басқыншы жаудан елді қорғау, халық үшін емес ерлік еңбек ету идеясынан туған. Дәстүрлі қазақ эпосы - ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының айқын айғағы ретінде бүгінгі күні де халықтың жадында сақталып, ғасырдан - ғасырға, ұрпақтан - ұрпаққа асыл мұра болып жетіп отыр. Батырлар жыры бір ғасырдың ғана жемісі емес. Ол халықтың ертедегі тұрмыс - тіршілігіне, тарихына, қоғамдық өміріне байланысты туып, солармен бірге жасасқан. Елін, жерін қорғаған батырларды мадақтап жырға қосу арқылы халық жас ұрпақты ерлікке, өрлікке, мәрттілікке, ұлтжандылыққа үйретуге тырысқан. Мысалы, «Қамбар батыр» жыры еерсектермен қатар, кіші сынып оқушыларының қабілетіне сай шығарма. Қамбар батырдың ерлік істері, халқына сіңірген еңбегі балаларды қажырлы өжет іске бастайды.
Ұлттық ойындардың да балаға тигізетін пайдасын халық ертеден - ақ білген. Бәйге аттың озып келуі баланың батылдық пен өжеттілікке, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелейді. Жастайыннан ат құлағында ойнайтын қазақ баласы үшін бәйге ертеңгі әскери мектептің бір сынағы іспеттес. Қазақтың баласы жасы жетіге келгенде атқа мінгізіп үзеңгіні ұстатуы, ел болуға, өз ісіне жауапты болуға меңзегені де жақсы дәстүр. Бұл жерде баланың жетіге келгенде мектепке баруы да, оң - солын, танудағы алғашқы қадамы да кездейсоқтық емес.
Адам өмірінде тәлім - тәрбиенің маңызының зор екенін терең түсінген олардың ешқайсысы да осы тақырыпты айналып өте алмады. Жалпы ұрпақ тәрбиесінде ұлттық ерекшеліктерде, халықтың тәлім - тәрбиені ұлттық құндылықтарын ескере отырып тәрбиелеудің тұтас жүйесін жасауда өткен ғасырдағы көрнекті ағартушылардың педагогтардың, қазақ зиялыларының алаш азаматтарының өнегелі істері мен ой - пікірлері патриоттық тәрбиенің құралы бола алады.
Қазақ зиялыларының тәлім - тәрбиелік беру жөніндегі құндылықтары елжандылық, халқы үшін адал қызмет ету екенін өз еңбектерінде терең түсіндіре алды. Ұлтжандылықтың, елін сүюдің ғажайып күш екендігін терең сезінген ежелгі қазақ ақын - жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына осы тақырыпты үнемі арқау етті, көп көңіл бөліп, халықты елі үшін жанын жеда етуге, жастарды елжандылық рухы тәрбиелеуге баса көңіл бөледі.
Жастарды елжандылық рухта тәрбиелеу жауынгер жыршысы Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінде өзекті орын алады. Ол өз еңбектерінде жастарды ерлікке, Отан сүюшілікке, ар - намысты қорғауға, адамгершілікке уағыздайды. Ақынның қай өлеңін алсақ та, халыққа адал қызмет ет, еліңді, жеріңді жаудан қасық қаның қалғанша қорға, әділет үшін, халық үшін өкінбей өлу азамат ердің ісі деген аталы сөз өрнектеледі. Осындай халықшылдық идея, елжандылық сезім жастардың жүрегінен терең орын алып, оларды белсенді іс - әрекетке баулиды. Махамбет, Ақтанберді, Шал, т. б. ақын - жыраулар шығармасында ерекше сөз болатын ерлік, Отанын, елін жерін жаудан қорғай білушілік, отбасы, ауыл - аймақ, ел намысын қорғау жолында жан аямаушылық сияқты ізгі қасиеттерді дәріптей отырып, жастардың бойына елжандылық пен интернационализмді, гуманистік қасиеттерді сіңіре аламыз.
Профессор М. Ғабдуллин өзінің «Ата - аналарға тәрбие туралы кеңес» еңбегінде «Бүгінгі жастарды елжандылық рухта тәрбиелеуде ақын - жыраулардың өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені хақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет, ел - жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен жастарымыздың тәрбиелеуде әсер ететіндерінтаңдап алып, орнымен пайдалана білсек, нұр үстіне нұр болар еді» дейді. Осы тұрғыдан алғанда қазақтың ұлы ойшылдарының кемеңгерлік ой - пікірлерін оқу - тәрбие ісінде орынды пайдалана отырып, оқушы - жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу - әрбір тәрбиеші ұстаздың басты парызы.
Шоқан Уәлиханов баға жетпес құнды еңбектерінде ауызекі шығармашылық арқылы халықтың (өлең, мақал - мәтелдер, эпостар және т. б. ) патриоттық тәрбиеге қойылған талап тілектерін, ой - пікірлерін көрсете білген. Қазақ табиғатының адамгершілік - патриоттық тәрбиесіне деген ықпалын өзінің күнделіктері мен сапарнама естеліктерінде тұжырымдап жазған. Шоқан өз халқының мәдени құндылықтарын маржандай тізіп жинауы, олардың тәрбиедегі мәнін көрсете білуі, оған өзінің көзқарасын білдіруі - өзінің Отанына, халқына, елі мен жеріне деген сүйіспеншілігінің белгісі, патриоттық сезімі мен ұлттық намысының жоғары деңгейді қалыптасуының көрсеткіші. Шоқанның Отанға деген сүйіспеншілігінің қалыптасуына, патриоттық сезімінің жетілуіне, адами дүниетанымының дамуына бірнеше факторлар әсер етті. Оның рухани жетілуіне, еліне, Отанына сүйіспеншілігінің қалыптасуына туған жері Көкше өңірінің (Оқжетпес, Қосмұрын, Сырымбет) тамаша табиғаты, ержүрек батырлары, ғұлама азаматтары тікелей әсер етті десек артық болмайды. Ол бала жасынан Айғанымнан естіген ертегі, аңыз - әңгімелері батырлардың ерліктері туралы естеліктері оның ұлттық патриотизмінің қалыптасуына әсер етті, туған елінің, Отанының алдында жауапкершілігін арттырды, халық дәстүрін бағалай білуге үйретті. Шоқан шығармаларының мазмұны оның туған еліне деген сүйіспеншілігін, өз халқының рухани жағдайын жақсы түсінгенін, оның болашағына сенгенін көрсетеді. Оның өз халқының тарихын жақсы білуі, батырлар ерлігін нақты деректер арқылы әсерлі әңгімелеуі кімді де болса таңдандырмай қоймайды. Мысалы, ХҮІІІ ғасыр батырлары туралы тарихи аңыз - әңгімелер еңбегінде Шоқан сол дәуірдің белгілі батыр қайраткерлері: Абылай, Бөгенбай, Жанатай, Сырымбет, Жәнібек, Байғозы, Оразымбет, Елшібек, Малайсары, Баян жайында он төрт түрлі әңгіме беріледі. Қалмақ ханы Қалдан Церенмен арада болған жорықтар, қарым - қатынастар туралы мағлұматтар бар. Бұл тарихи деректеменің мәні өте жоғары. Өйткені, олар ХҮІІ ғасырдағы жаугершіліктің мән - мағынасын жан - жақты танып білуге көмектеседі. осы оқыиғаларға қатысқан батырлардың адами қасиеттерін, бір - біріне деген сыйластық көзқарасын, шыдамдылығын, қайсарлығын білуге жәрдемдеседі. Шоқанның «Едіге» жырын жазып алуы да, оны орыс тіліне мазмұндап аударуды да, эпостық генезисі мен тарихи оқиғаларға қатысты айтқан пікірлері де ұлттық патриотизмнің бір көрсеткіші десе болады. Шоқан өзінің үлгі - өнегесімен халқының сонау көне заманнан бері тұнып тұрған шежіре тарихын аялау, әрбір ой - тұжырым қастерлеу, мәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтау, оны патриоттық сезіммен адамгершіліек, эстетикалық тұрғыда қабылдау арқылы азаматтық борышым деп түсінгенін байқатады және осы сезімді жеткіншектердің санасына құюға талпынады.
Балалар мен жеткіншектерде ұлттық патриотизмді қалыптастыру мәселесі ұлы Абай шығармаларында жақсы көрініс тапқан. Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда ол халық ауызекі шығармаларының рөлін өте жоғары бағалаған. Оның тәрбиелік мүмкіндіктерін бала жастан меңгерген, өзінің өлеңдері мен қаар сөздерінде өте ұтымды пайдаланған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz