Тасты және теміртасты конструкциялар


Жоспар:

Кіріспе

  1. Аязға және беріктікке төтеп беру көрсеткіштері
  2. Механикалық күштерге шыдап беруі
  3. Деформациялық мәлімттер

Падаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Республиканың халық шаруашылығын дамытуда минералды кен-байлықтарды іздестіру және оларды қазіргі жаңа технологиямен өңдеу өте маңызды мәселе болып табылады.

Табиғи тастар да ағаш сияқты, құрылыс материалдарының көне түріне жатады. Адам баласы ерте заманда тастан еңбек саймандары мен қарулар дайындаған. Табиғи тастар жеткілікті беріктік пен қаттылыққа ие, сондықтан адамзат тастарды тұрғын үй салғанда негізгі материал есебінде пайдаланды. Тау жыныстарын, әдетте, құрылыс материалы есебінде көбіне табиғи (құм, қиыршық тас және т. б. ) немесе механикалық жолмен өңделген түрде, сондай-ақ арнайы технологиялық процестермен өңделген өнім ретінде қолданды (түұтқыр, керамика, шыны, т. б. ) . Тау жыныстары құрылыста өте мол қолданылады. Табиғи тастар (әшекейлеу мен қаптамалы мақсаттан басқа) - қабырғалық блоктар, қырланған, көшеге төселген тастар, сәулеттік ескерткіштер, монерлі кестелі оюлар, бүйымдар жасауда, бетондарда толтырғыш ретінде қолдаылады.

Халықаралық нарықтық жағдайда тау жыныстарынан алынған сәндік тастар мен бұйымдарға сұраныс өте үлкен. Табиғи тас, әсіресе шой тастар Қазақстанның бірқатар аймақтарында ең басты жергілікті құрылыс материалы болып табылады. Әсіресе индустриялы сұраныс материалдары мен технологиялық жабдықтарды жеткізу өте қиын болатын таулы аудандарда басты құрылыс материалы ретінде қолданылады.

І . Тасты қалау деп ерітінді арқылы тұтас материалға айналған жасанды немесе табиғи тастардан құралған қалауды айтамыз. Тасты конструкциялар мыңдаған жылдар бойы қолданысқа ие болған, қазіргі кезде де сыртқы және ішкі қабырғаларда, іргетас бағандарында көп қолданады.

Артықшылықтары - ол отқа төзімділік, жақсы жылу және дыбыс өткізгіштігі, ұзақ уақытқа жарамдылық, аз эксплуатациялық шығындары. Көп жағдайда тас материалдары жергілікті болып келеді.

Кемшіліктері - үлкен өзіндік массасы және қол еңбегін көп қажет етеді.

Қазіргі кезде арасына жылу изоляциялық материалдар салынған көп қабатты кірпішті сыртқы қабырғаларды кеңінен қолданады. Көтеру қабілеттігін жоғарлату үшін болатты арматураларды қолданады; бұндай қалауды теміртасты қалау д. а.

Ерітінді ретінде бейорганикалық байланыстырғыштан (цемент, ізбес, саз), ұсақ толтырғыштан (құм), судан және арнайы қосымшалардан құралған ерітіндіні қолданады. Байланыстырғыш түріне қарай ерітінділерді цементті, ізбесті және араласқан (цемент-ізбесті, цемент-сазды) деп бөледі. Құрылыс ерітінділері жаңа дайындалған күйінде қозғалғыштық және су ұстамдылық қасиеттеріне ие болуы керек, ал қатқан күйінде беріктігі жоғары болуы керек.

Тасты материалдарды келесідей бөледі:

Түріне қарай:

Табиғи, тас карьерларында алынады (бут, қиыршық тас) ;

Жасанды тастар, күйдіру тәсілімен алынған (керамикалық), және күйдірусіз тәсілімен алынған тастар (силикатты, шлакты, бетонды тастар) ;

Құрылымына байланысты:

Тұтас кірпіш және тұтас тастар;

Бос денелі кірпіш және әртүрлі қуыстары бар тас;

Қол тасты қалау үшін керамикалық кәдімгі, қуысты, силикатты және т. б. қолданады, өлшемдері 250х120х65мм, және модульді, өлшемдері 250х120х88мм. Массасын төмендету үшін қыстар қарастырылған (сурет 8, 1 а) . Сонымен қатар, керамикалық тастарды қолданады, өлшемдері 250х120х138 (сурет8, 1 б) .

Сурет 8. 1. Кірпіш және керамикалық тастар.

Тұтас қалаудың монолиттігін және беріктігін қамтамасыз ету үшін вертикалды және көлденең тігістердің байлауын жасайды. Көп таралған түрлері бір қатарлы және көп қатарлы жүйелер (сурет 8, 2) .

Сурет 8, 2. Қабырға қалауларын байлау түрлері.

Вертикалды және көлденең тігістердің орташа қалындығы 10мм. Жеңілдетілген қалауларда қалау материалының бір бөлігін жылу изоляциялық материалмен алмастырады. Жеңілдетілген қалаулардың түрлері (сурет 8, 3) .

Сурет 8, 3. Тас қалауларының түрлері.

а-жылу изоляциялық тақталардың қабырға бетіне жақын арада орналасуымен; б- жылу изоляциялық тақталардың қабырға ішінде орналасуымен; в, г- вертикалды көлденең қабырғашықтары бар; д- кірпіш-бетонды қалау; е- жылу изоляциялық қалың тігісті қалау.

ІІ. Тасты материалдардың беріктігін эталон үлгілерін қысуға сынау арқылы анықтайды. Кірпіштерді сонымен қатар, иілуге сынайды. Тас пен бетон мортты материалдар болып табылады, қысуға беріктіктері созуға беріктікке қарағанда 10-15 есе үлкен болып табылады. Сондықтан, тас маркаларын өстік қысуға сынайды:

Аз берікті тастар (жеңіл бетонды және табиғи тастар) : 4, 7, 10, 15, 25, 35, 50;

Орташа берікті тастар (кірпіштер, керамикалық, бетонды және табиғи тастар) : 75, 100, 125, 150, 200;

Жоғары берікті тастар (кірпіштер, бетонды және табиғи тастар) : 250, 300, 400, 500, 600, 800, 1000.

Ерітінділер үшін өстік кедергіге келесі маркалар қабылданған:4, 10, 25, 50, 75, 100, 150, 200. Құрғақ күйінде тығыздығы 1500 кг/м 3 және одан да үлкен ерітінділерді ауыр деп санайды, 1500 кг/м 3 -тен аз ерітінділерді жеңіл деп санайды.

Аязға төзімділікке эталон үлгілерін қатар қатырып ерітумен сынайды. Тас материалдары үшін нормалар бойынша F10-F300 маркалары қабылданған.

ІІІ. Тас қалауының беріктігі тас және ерітіндінің беріктігіне, түріне, жасына, жасау сапасына және т. б. факторларға байланысты болады.

Қалауға қысу күштері әсер еткен кезде ерітінді деформациясы көлденең тігістерде тас материалының деформациясына қарағанда әлдеқайда жоғары болады, сондықтан қалау бұзылуының себебі ол тастағы созу күштері. Тігістердің қалындығы жоғарлауымен қалау беріктігі төментейді. Қысу кезіндегі бұзылу, вертикалды тігістердің ашылуынан және тастардағы жергілікті сызаттардың пайда болуынан басталады. Күш жоғарлауымен ұсақ сызаттар бір бірімен бірігіп, қалау жеке бағандарға бөлініп кетеді. Күштің аздап жоғарлауымен бағандар орнықтылығы жоғалады да қалау бұзылады.

Қалаудың беріктік және деформативтік қасиеттерін призма тәрізді үлгілерді сынау арқылы табады, негіз өлшемі 38х38 немесе 51х51см, биіктігі 110 . . . 120см.

Өстік қысуға есепті кедергі R-ді қабырғаларды, бағандарды, аралық қабырғаларды есептегенде қолданады. Бұл өлшем әрқашан тас беріктігінен аз болады, ерітінді беріктігі қандай берік болмасын.

Өстік созылуға есепті кедергісі R t , иілу кезіндегі созылу R tb , кесілуге R sq бұзылатын аймақтағы қима түріне байланысты болады. Қалау бұзылуының екі түрі болады:

Байланбаған қима бойымен, олар қалаудың көлденең тігістері болып табылады (сурет 8, 4 а) ;

Байланған қима бойымен, олар қалаудың вертикалды тігістері болып табылады; бұл кезде қима баспалдақ түрінде болады (сурет 8, 4 б) .

Сурет 8, 4. Қалаудың созу кезінде бұзылуы, және қысу кезіндегі деформация графигі.

ІV. Негізгі деформативті сипаттамаларды сызықтық емес диаграмма «σ-ε» бойынша (сурет 8, 5в) анықтайды. Олар серпімді және серпімсіз көрсеткіштерден тұрады. Серпімсіз деформацялар ұзақ жүктеулер есебінен болады.

Аз кернеу әсер еткенде қалау серпімді жұмыс істейді, деформативтілігі серпімділік модулімен сипатталады (деформацияның алғашқы модулі) Е о =tgφ o , армирленбеген қалау үшін:

Е о =αR u
Ео=αRu: Мұндағы
:

α - қалаудың серпімді сипаттамасы;

R u - қалаудың өстік қысуға уақытша кедергісі (орташа беріктік шегі) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тасты қалау және құрастыру жұмыстарында машина механизмдерін таңдау
Жалпы ғимарат конструкцияларын шекті күйлері бойынша есептеу
Құрылыстық конструкциялар
“ІРГЕТАСТАР ЖӘНЕ НЕГІЗДЕР”
Макро, микро және ультрамикроэлементтер
Ғимараттар және оларға қойылатын талаптар
Сәулеттік-құрылыстық жобалау
Ғимараттарды салу технологиялары
Аз қабатты ғимараттар
Екі қабатты пансионатты тұрғын үй ғимараты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz