Салауаттылық –денсаулық кепілі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
I. САЛАУАТТЫЛЫҚ .ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
1.1.Педагогикалық салауаттанудың даму негіздері ... ... ... ... ... ... ...
1.2.Салауаттану пәнін оқытудың ғылыми аспектілері ... ... ... ... ... . .
II. ОҚУШЫЛАРДЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНА ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1.Оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2.Салауатты өмір салтын қалыптастыру мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына орай Президентіміздің «Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады» атты жолдауындағы 4-ші бөлімі азаматтарымыздың салауатты өмір сүруіне арналғаны белгілі.
Бұны Елбасы жолдауындағы «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с.с. бағытталған» деген жолдарынан байқауымызға болады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Ол оқушылардың өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде арттырады. Академик н. М. Амосов айтқандай: Денсаулығың мықты болуы үшін өзіңнің күшің болуы қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға болмайды. Профессор В. В. колбановтың айтуы бойынша салауаттану білімі денсаулық білім алу үшін, ал білім денсаулықты сақтау үшін сөзіне негізделу керек дейді. Одақтас елдердің ғалымдары Ж.Ж. Руссо, А. Н. Радишев Е.Е. Лунина, Э. И. Вайнер, н. Б. Закарович, Л. А. Каратаева, С.А. Корочкина, В.В.Кожанов, Н.Н. Волоков және тағы басқа да көптеген ғалымдардың өз зерттеулеріне негіз болып және де диплом жұмысына басты бағыт бағдар болады. Салауаттану түрлі жас ерекшеліктері кезеңдерінде денсаулық пен салауатты өмір сүру деген орнықты өмірлік көзқарасы бар адамды тәрбиелеу мен оқыту мәселесін зерттейді. Адамдардың организміндегі физиологиялық өзгерістерді, олардың өзара әрекеттесуін, организмнің қоршаған орта әсеріне қайтаратын жауабына бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функционалдық тұрақтылығын зерттей оытрып нозологияға дейінгі күйді анықтау. Адамдардың денсаулық деңгейін жүрек қан тамырлар жүйесінің қызметтік күйін сипаттайтын қарапайым физиологиялық көрсеткіштер арқылы бағаланды. Оқушылардың денсаулығына әсер ететін факторлар өте көп, сол себептен оларды салауатты өмір салтына үйрету қажет. салауатты өмір салтын қалыптастыру оқу-тәрбие үрдісіндегі басты мәселелердің бірі болып отыр. Бұл

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Білім, 1998.
2. Жанабердиева К.А., Адылханов А.С. Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі салауатты өмір салтын қалыптастырудың тұжырымдамасы. //Валеология. Дене тәрбиесі. Биология және салауаттылық негізі.№1-2003.
3. Әлімжанова Г. Салауатты өмір салтын ұстау. //Бастауыш мектеп, №2-2004.
4. «Салауаттану денсаулықты сақтау» бағдарламасы бойынша СӨС-ке қалыптастырудың тұжырымдамасы. К.Н.Сатпаев, А.С. Әділханов, Л.З.Тель. – Алматы, 2002.
5. Сәулебекова М.. Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі. //Биология және салауаттылық негізі, №3-2005.
6. Бейсеева Г.Б., Бейсенова Ә.С.. Адам экологиясы. – Алматы, 2001.
7. Ормантаев К.С., Ешмұқамбетов С.Н.. Экология және адам мен бала денсаулығы. – Алматы, 1991.
8. Өмешұлы Ә. Дене шынықтыру – салауатты өмірнегізі. //Биология және салауаттылық негізі. №3-2004.
9. Есімова А.. Салауатты өмір салтын қалыптастырайық.// Денсаулық. №5, 2002 жыл.
10. Икіманова Т.Саулық пен сымбат. – Алматы, «Қайнар» 1991жыл.
11. Турик Г.Г., Крюкова А.А. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенсы. – Алматы, «Мектеп», 2003.
12. Құрманғалиева Б.Сымбат және денсаулық. //Биология және салауаттылық негізі. №2-2004.
13. Нұридинов Г.Салауатты өмір салтына құрылымдық моделі. //Биология және салауаттылық негізі.№3-2003.
14. Исимова А.Салауатты өмір салтын – қалыптастыру. //Биология және салауаттылық негізі. №5-2003.

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
I. САЛАУАТТЫЛЫҚ –ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
1.1.Педагогикалық салауаттанудың даму негіздері ... ... ... ... ... ... ...
1.2.Салауаттану пәнін оқытудың ғылыми аспектілері ... ... ... ... ... . .
II. ОҚУШЫЛАРДЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНА ТӘРБИЕЛЕУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1.Оқушыларды салауатты өмір салтын
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..
2.2.Салауатты өмір салтын қалыптастыру мүмкіндіктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына орай Президентіміздің
Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады атты жолдауындағы 4-ші
бөлімі азаматтарымыздың салауатты өмір сүруіне арналғаны белгілі.
Бұны Елбасы жолдауындағы Салауатты өмір салтын ынталандыру
әрқайсымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді
тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с.с.
бағытталған деген жолдарынан байқауымызға болады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз
денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Ол оқушылардың өз
денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде арттырады. Академик
н. М. Амосов айтқандай: Денсаулығың мықты болуы үшін өзіңнің күшің болуы
қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға болмайды. Профессор В. В. колбановтың
айтуы бойынша салауаттану білімі денсаулық білім алу үшін, ал білім
денсаулықты сақтау үшін сөзіне негізделу керек дейді. Одақтас елдердің
ғалымдары Ж.Ж. Руссо, А. Н. Радишев Е.Е. Лунина, Э. И. Вайнер, н. Б.
Закарович, Л. А. Каратаева, С.А. Корочкина, В.В.Кожанов, Н.Н. Волоков
және тағы басқа да көптеген ғалымдардың өз зерттеулеріне негіз болып
және де диплом жұмысына басты бағыт бағдар болады. Салауаттану түрлі жас
ерекшеліктері кезеңдерінде денсаулық пен салауатты өмір сүру деген
орнықты өмірлік көзқарасы бар адамды тәрбиелеу мен оқыту мәселесін
зерттейді. Адамдардың организміндегі физиологиялық өзгерістерді, олардың
өзара әрекеттесуін, организмнің қоршаған орта әсеріне қайтаратын жауабына
бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функционалдық
тұрақтылығын зерттей оытрып нозологияға дейінгі күйді анықтау. Адамдардың
денсаулық деңгейін жүрек қан тамырлар жүйесінің қызметтік күйін
сипаттайтын қарапайым физиологиялық көрсеткіштер арқылы бағаланды.
Оқушылардың денсаулығына әсер ететін факторлар өте көп, сол себептен
оларды салауатты өмір салтына үйрету қажет. салауатты өмір салтын
қалыптастыру оқу-тәрбие үрдісіндегі басты мәселелердің бірі болып отыр.
Бұл мәселе тегін көтеріліп отырған жоқ. Себебі, ерлердің 57%-ы,
әйелдердің 34%-ы, жастардың 40%-ы, шылым тартса, ересек адамдардың 65%-ы
үнемі арақ ішеді екен. Мектеп оқушыларының 17,5%-ы нашакорлыққа
ауызданған. Ал экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20%-на себеп
болып отыр.
І.ТАРАУ. САЛАУАТТЫЛЫҚ –ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
1.1.Педагогикалық салауаттанудың даму негіздері
Салауатты өмір сүру салты дегеніміз – био-әлеуметтік категория
Салауатты өмір сүру салты – интегратифті түрде қалыптасады және адамның іс-
әрекетіне байланысты болады. Салауатты өмір сүру салты – шаруашылық
күнделікті үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру
үшін қоғамдық ұйымдарда өзін-өзі ұстай білу, қоғамдық тәртіппен санасу,
артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды
жамандамау, біреуді біреуге шағыстырмау, өзін ақылды деп есептеп,
басқаларды ақымақ ретінде көру, ата-анамен баланың тәрбиелі қарым-
қатынасы, тазалық гигиенасын сақтау, ұтымды тамақтану, зиянды әдеттерден
аулақ болу, спортпен шұғылдану тағы басқалар жатады.
Салауатты өмір сүру салтын сақтау әр азаматтың ойы мақсатының бірі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің халқына
жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық - әлеуметтік биіктерге көтерілу
үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім 1.
Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау
шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Әсіресе жас ұрпақтың бойына
тазалық пен сергектікті орнықтыру – біздің міндетіміз. Сондықтан да басты
міндеттердің бірі - балалардың ауырмауға, денсаулықтарын күтуге, салауатты
өмір салтын ұстауға, гигиеналық дағды жан мен тән саулығы жан-жақты даму,
қабілетін көтеру, ата-ана мен баланың бір-бірін тануға үйрету, үлкендерді
сыйлау осы міндеттерді атқару үшін оқу орындарында валеология пәні
енгізілген.
Салауатты сөзінің негізгі мағынасы – парасатты, байыпты, ақылды, ойлы,
білімді, зерделі және сабырлы деген ұғымды білдіреді. Қоғамымыздағы
адамзаттың өмірінің аяғына дейін денсаулығының мықты болуы қоршаған
ортаның тазалығына байланысты.
Өмір сүру салты дегеніміз - әрбір жеке адамнан бастап, бүкіл қоғамның қалай
еңбек етіп, қалай тұрмыс құрып, бос уақытында демалатыны, қысқасы, олардың
қалыптасқан өмір тіршілігі, яғни, адамның өмір сүру салты қандай болса, өзі
де сондай, өмір сүру салты тұлға мен қоғам деңгейінің прогресті даму
көрсеткішінің категориясы.
Салауатты өмір сүру салты тұлға және адам деңгейінде болуы әлеуметтік
экономикалық жағдайларға байланысты болады, адамның психикасына,
денсаулығына, ағзаның функционалды-биологиялық қасиеттеріне де байланысты.
Биологиялық ерекшелігіне байланысты салауатты өмір сүру салты бір келкі
болады.
Әр адам өзіне тән қалыптасқан өмір салтымен тіршілік етеді. Ол ұрпақтан-
ұрпаққа ген арқылы беріліп отыруы мүмкін. Осыған байланысты салауатты өмір
сүру салты 3 категорияға бөлінеді:
1. Салауатты өмір сүру деңгейі;
2. Салауатты өмір сүрудің сапасы;
3. Салауатты өмір сүрудің стилі.
Салауатты өмір сүру деңгейі – экономикалық категория. Адамның материалдық
және моральдық-рухани қажеттілігін толығымен қамтамасыз ету.
Салауатты өмір сүру сапасы - әлеуметтік категория – үй-іші қызмет
істейтін орындар (оқу орындар, мектептер) неше түрлі адам денсаулығын
қамтамасыз ететін комфортты мебельдер мен лабороториялық жабдықтармен
қамтамасыз етілуі.
Салауатты өмір сүру стилі - әлеуметтік психологиялық категория – адамның
қоғамдық орындарда өзін -өзі ұстап және көрсете білу .
Салауатты өмір сүру деңгейі мен салауатты өмір сүру сапасы
эквопотенциалды болып келеді. Сондықтанда адам денсаулығының жақсы және
жаман болуы салауатты өмір сүру стиліне байланысты. Ал салауатты өмір сүру
стилі тарихи және ұлттық дағды –дәстүрлер арқылы қалыптасады. Тағыда
тұлғаның бейімділігіне байланысты болады.
Салауатты өмір сүру салтының негізгі биологиялық және әлеуметтік
принциптері:
Биологиялық принцип:
- Салауатты өмір сүру салты адамдардың жас ерекшеліктеріне;
- Салауатты өмір сүру салты энергетикаға;
- Салауатты өмір сүру салты эстетикалық қызметке;
- Салауатты өмір сүру салты ритмикалық үрдістерге;
- Салауатты өмір сүру салты денсаулықты арттыруға байланысты болуы керек.
Әлеуметтік принциптер:
- Салауатты өмір сүру салты және эстетикалық қызметті;
- Салауатты өмір сүру салты рухани түрде жеткіліктілікті;
- Салауатты өмір сүру салтының еріктігін дамытуды;
- Салауатты өмір сүру салтында адамның үшінші жағдайда болмауын
қамтамасыз ету.
Сонымен, еліміздің кез келген азаматы салауатты өмір сүру үшін парасатты,
зерделі және білімді болуы керек. Әсіресе денсаулық жайында білімді болғаны
жөн.
Биологияда, медицина мен психологияда қаншама түсініксіз жайлар бары
таңқаларлық. әрине, адам миының жұмысын түсіндіру қиын: 15 миллиард жүйке
жасушалары бар, олардың әрқайсысы мыңдаған, тіпті миллиондаған басқа
жасушалармен байланысқан және жүйелі жұмыс атқарады. Адам гендерінде не
жазылғанын оқу да оңай емес.
Адам үшін денсаулықты сақтап қалу – мақсат. Дәмді тамақтану – мақсат,
әрекет жасау – мақсат. Мақсаттар көп, ал уақыт пен күш шектеулі. Таңдауға
тура келеді. Мақсаттар бәсекеге түседі. Қажеттісі қайсы: өкпе рагінен өлмеу
ме, не болмаса қыздардың алдында сигарет тартып кербездену ме? Әрине, өлмеу
екені сөзсіз.
Ертедегі ата-бабаларымыздан бізге шынығуды қажет ететін дене мен
кемістікке бейім биологиялық сезімдер немесе психика қалды. Олардың
біріншісі – жалқаулық. Адам жануарлар сияқты, ынталандыру болса ғана күш
алады. Босаңсу әрқашан да жағымды. Тек балалар ғана ерекше: олар ешбір
мұқтаждықсыз жүгіреді, ойнайды.
Екінші кемшілік – қомағайлық. Тамақ ішіп-жеуден қанағат табу – аса
маңызды құбылыстардың бірі. Дәмді тамақ ішіп, оны басқа сезімдер сияқты,
жаттықтыруға болады. Адам әлдеқашан етті қуыруды үйреніп, оны дәмді ету
тәсілін пайдаланғаннан бері өзінің тамақ сіңіру орталығын жаттықтырады.
Үшінші кемшілік – қорқыныш. Хайуандармен салыстырғанда адамда қорқыныш
күшейе түседі, өйткені ол, есіне жақсы сақтайды, оның кейіннен болар
салдарын да болжай біледі. Сондықтан тек оны өзінің ауырулары ғана емес,
басқа біреулерден көргені, оқығаны немесе көргені үрейлендіреді.
Қорытып айтқанда, адам баласы ақылды, бірақ жалқау әрі қомағай. Табиғат
оны тоқ және жеңіл өмір үшін жаратқан жоқ. Мол және дәмді тағам ішіп-жеп,
рахаттанып, жылы жайда демалғанының есесін аурумен өтеуіне тура келеді.
Егер алғашқыда, яғни қанағат алуды асыра сілтесе, оның көлемі тым көбейіп
кетуі ықтимал. Дене азабы өркениет игілігінен келген барлық рахатты жоққа
шығаруы мүмкін. Әрине, денсаулық сақтау режимін барлық адам қатаң ұстайды
деп санауға болмайды, бірақ оған адамдардың көзін жеткізуге тырысу қажет:
қауіпті ауруларға ұшырамас үшін, өзіне-өзі қажетті шек қоя білген кім кімге
болса да тиімді. Мұны салауатты, дұрыс мағынаға жетелейтін ғылым ғана іске
асыра алады.
Денсаулық – ауруларға қарама қарсы құбылыс екені әркімге түсінікті
сияқты. Бүкіл медицинаның даму кезеңінде оның екі бағыты анықталды:
біріншісі – бұзылған денсаулықты дәрі-дәрмектің көмегімен қалпына келтіру,
екіншісі – сол мақсатқа “организмнің табиғи қорғаныс күштерін” жұмылдыру
арқылы жету. әрине, екі тәсілді бірдей қолданған дәрігерлер әрқашан да
болды, бірақ, әдетте, іс жүзінде біреуі ғана басымырақ қолданылды.
Өкінішке қарай, көпшілік адамдар, кейбір дәрігерлер де организмнің ауруға
қарсы күресетін табиғи күшін ескере бермейді. Сол табиғи күштерді
толықтырып, шынықтыруға көңіл бөлмейді.
Мемлекеттік барлық құрылымдардың тікелей қатысуын талап ететін маңызды
мәселенің бірі – салауатты өмір салты. Ол адамдардың өздері шеше алатын, өз
қолдарынан келетін жұмыс. Ендеше, әр адамзат өз денсаулығына жауапты болып,
оны әрі қарай нығайтып, шыңдағаны дұрыс. Ал қай адамның болсын өз өмірін
бақытты етуге толық мүмкіндігі бар. Өмір қуанышын сезініп, мақсаттарға
жету үшін саналы сезім, саралы ой қалыптастыруы қажет. Өз дене бітімінің
дұрыс жетілуіне, өзін-өзі сергек сезінуге, ақыл ойын, сана сезімін
тәрбиелеуге жағдайлар туғызуға міндетті.
Денсаулық сақтаудың бүкіл дүниежүзілік ұйымы денсаулықты жақсарту
бағдарламасын жасауды 1978 жылдан бастап ұсынған. Бағдарлама жоспарлары
жасалып, бірнеше жыл талданды. Ал денсаулық нығайту қозғалысын іс жүзіне
асыруда мектептің атқаратын рөлі өте үлкен. Сол себепті 1994 жылы
“Денсаулықты нығайту мектептерінің” негізін салып, жобасын жасады. Бұл
мектептің жұмысы санитарлық-ағарту бағдарламалары және орта мектептің
тәрбиелік іс шараларымен ұштасып жатуы керек. Алғаш рет жасалған жоба,
Венгрия, Чехия, Словакия және Польшада сынақтан өтті. Одан соң Еуропалық
комиссия, Еуропалық кеңес және денсаулық сақтау дүниежүзілік ұйымы
Еуропалық аймақтық бюросының халықаралық келісімі бойынша аталған жобаны
дамыту бекітілді және “Денсаулықты нығайту мектептерінің” еуроплық торабына
мүше болуға жол ашылды. 1997 жылы оған 37 ел енді. Қазір көптеген елдер
Еуропалық тораптың жобасын іс жүзінде орындауға кіріскен.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа “Қазақстан
– 2030” жолдауына сәйкес біздің елде де адам денсаулығының ең маңызды, ең
басты екендігі жарияланып, жаппай салауатты өмір сүруге жағдайлар
жасалуда. Осы игілікті істің айғағы – денсаулықты нығайтуға ықпал ететін
орта құру арқылы мектептегі адамдардың барлығын салауаттылыққа жеткізу
жұмыстарының басталуы.
“Денсаулықты нығайту мектебінің бағдарламасының жобасын 1999-2000 оқу
жылынан бастап сынақтан өткізуші мектептер саны көбейді. Сонымен мектепте
денсаулықты нығайтуға ықпалын тигізетін мәселелер жоспарланып, жүйелі
түрде жүргізіле бастады.
Денсаулықты нығайту мектебінің мақсаты – денсаулықты нығайтуға ықпалын
тигізетін жағдайлар туғызу арқылы оқушыларда салауатты өмір салтын
қалыптастыру және оған баулу. Сондай-ақ мектеп қызметкерлерінің өз
денсаулықтарына жауапкершілігін арттыру. Шешетін мәселелер:
- денсаулық бағдарламасы мәселелерін шешуге кірісу;
- мектептегі сынып бөлмелерін дұрыс бөлу, оқушының бос уақытын өткізуге
арналған алаңдарды жөндеу, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету және дұрыс
тамақтануды ұйымдастыру арқылы оқыту кезеңінде қоршаған орта саулығын
сақтау;
- жекелеген адамдардың отбасында немесе жалпы қоғамда денсаулықты қорғауда
жауапкершілігін туғызу;
- салауатты өмір салтын сүруге оқушылар мен қызметкерлеріне нақтылы жағдай
және мүмкіндіктер жасау;
- барлық оқушыларға өз жаратылысының, психикасының, әлеуметтік жағдайының
ең жоғары дәрежедегі мүмкіндіктерін көрсетуіне жағдай жасау;
- денсаулықты нығайту жолында және мектеп ұжымының денсаулығын
қауіпсіздендіруде анық мақсат қоя білу;
- оқушылар мен мектеп мұғалімдерінің және оқушылардың өз арасында, сондай-
ақ олардың үйімен, қоғамдастықтармен ара қатынасын нығайту;
- қолда бар ресурстарды денсаулықты нығайту жолында дұрыс қолдана білу;
- медициналық – санитарлық оқыту бағдарламасының жобасын дайындау;
- білім алуды және денсаулығына қатысты дұрыс шешім қабылдауға қажетті
дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз ету, қоршаған ортасын сақтауды үйрету;
- оқушылардың өз денсаулықтары туралы мәліметтер деңгейін арттыру және
медициналық-санитарлық оқытуларды дұрыс жолға қою мақсатында мектептің
медициналық-санитарлық жұмыстрына кеңінен жол ашу.
Жас жеткіншектердің денсаулығы күннен-күнге нашарлап, соңғы кезде ауру –
сырқаулардың саны көбеюде. Бұған генетикалық – тұқым қуалаушылық
аурулардың әрі қарай бағыт алуы, адамдардың денсаулық сақтау білімдерінің
төмендігі, әсіресе, ақша табу жолында жанын аямай, демалуды ұмытып, өзіне -
өзі көңіл бөлмейтіндіктері себеп. Міне, осындай түсінбеушілікті жойып, сана-
сезімі жоғары, білікті, тез шешім қабылдайтын және әртүрлі жағдайдан өзін
алып шыға алатын азамат даярлау мақсатында мектептерге “валеология –
денсаулықты қалай сақтауға болады” бағдарламасы енгізілді.
Ал бұл жұмыстардың нәтижесі үнемі талқыланып, жинақталып отырады.
Соның арқасында:
- оқушылардың денсаулық топтары анықталды, оқу үрдісінде әр балаға қалай
көңіл бөлу керектігі ескертілді;
- жас жеткіншек қыз балаларды микроэлементтер, әсіресе Р.Р.-витаминдік
жетіспеушілік анықталды.
Бүгінгі оқушы – ертеңгі болашағымыз. Әр балаға ата-аналары, мектеп
қызметкерлері жылылық нәр беріп, үлкен үмітпен қараса, өзінің денсаулығын
шыңдап, білімін нығайтуға ұмтылған азамат дайындауға болады. Салауатты өмір
салтын сақтау арқылы ғана дені сау қоғамға жететіндігіміз айқын.
Педагогикалық салауаттанудың даму негіздеріне тоқталайық. 1980 жылы орыс
ғалымы И.И.Брехман денсаулық жөніндегі жаңа ғылымның негізін жасау
қажеттігін ұсына отырып, қолданысқа “валеология” терминін енгізді.
“Валеология” (латын тілінен аударғанда valeo – денсаулық, “дені сау болу”,
logos- ілім, қазақша салауаттану) – дені сау адамның денсаулығын сақтау
жөніндегі ғылым.
Әдетте адам денсаулығы жөнінде сөз қозғағанда, ол адам организмінің жай –
күйін бақылап, оның саулығын сақтауды және оны нығайтуына жағдай жасайтын,
ауруды сауықтыратын, ауру түрлерінің алдын алуды өз міндеті ретінде
дәрігерлердің зерттеу нысаны деген түсінік туады.Бірақ валеолог – ғалымдар
“салауаттануды адам денсаулығы және салауатты өмір жөніндегі ғылым” деп
атап көрсете отырып, бұл медициналық емес, педагогикалық ғылым деп
тұжырымдады. Солардың бірі – Л.Г.Татарникова өз зерттеуінде салауаттануды
салауатты өмір сүру салтына деген профилактикалық сананы қалыптастыруға,
әрбір тұлғаның денсаулығын және оның құндылықты көзқарасын дамытатын,
тұрақты мінез-құлқын қалыптастыратын негізгі әлеуметтік институт –
отбасының беделін қалпына келтіруге жетелейтін педагогикалық гуманистік
білімнің маңызды бөлшектерінің бірі тұрғысынан қарастырды. В.П.Петленко
салауаттануды адамның өз денсаулығын нығайтудағы өзіндік күш жігері мен
жеке даралығының дамуына мүмкіндік жасайтын ғылым деп есептеді.
1997 жылға дейін ғылым аясында, салауаттанудың қандай ғылымдар
жүйесіне жататын, оның жеке ғылым ретінде қарастырылу құқығының бары
немесе жоқтығы жөнінде пікірталастар жүріп отырды. Р.Артоманов және
В.В.Колбанов салауаттануды идеология деп қарайтын ғалымдардың пікірлеріне
сын айтады: “Ешқандай ғылым жалаң жерде пайда болған жоқ. Кез келген
ғылымның дамуына басқа ғылымдардың тәжірибелері себеп болған, сондықтан
салауаттануды жасауда қолданылған ғылыми тұжырымдаманың қалыптасуына үлес
қосқан клиникалық медицинаның, гигиенистердің, физиологтардың,
биохимиктердің, генетиктердің және басқа да ғылым салаларының алдыңғы
қатарлы ғалымдар мен практиктерінің рөлін ұмытқанымыз жөн болмас”.
Салауаттану мәселесін талқылай отырып, ғалымдар салауаттану кешенді
ғылым деп қарастыруда. И.И.Брехман өзінің еңбегінде, салауаттану
денсаулыққа экологияның, биологияның, медицинаның, педагогиканың және
басқа да ғылымдардың қосатын үлестерін “синтездеп”, денсаулыққа тіке жол
салуы керек деген тұжырым айтады.
В.Д.Санькин және В.В.Зайцев салауаттануды физиологияға, гигиенаға,
психологияға, педагогикаға, антропологияға, сондай-ақ адамның физикалық
және психологиялық қабілеттіліктерін, олардың даму заңдылықтарын, сонымен
қатар физикалық, психологиялық және адамгершілік-рухани денсаулығын нығайту
мақсатындағы оларды жетілдірудің тәсілдерін зерттейтін басқа да адам
жөніндегі ғылымдарға негізделген, адам денсаулығы және дені сау адам
жөніндегі кешенді ғылым деп түсінеді.
Салауаттану негізінен қазіргі таңда қалыптасу сатысында. Қалыптасуының
алғашқы кезеңдерінде салауаттану гигиенамен және саналогиямен жарыса дамыды
деуге болады. Салауаттанудың даму және қалыптасу кезеңдерін зерттеген
еңбектерге сүйене отырып, даму тарихына мына нұсқа бойынша шолу жүргізуге
болады.
Салауаттанудың даму кезеңдері.
I кезең – классикалық кезең адам денсаулығының маңыздылығы, оны алдын ала
сақтау қажеттілігі жөніндегі ой-пікірлердің дамуы. (Гиппократ, Әбу Әли Ибн-
Сина және тағы басқа).
II кезең – клиникалық медицина тәжірибелерінің қорытындысы – адам
организмінің ауру түрлерінің, олардың себептері, емдеу жолдарының
зерттелуі, сауықтыру мүмкіндігінің анықталуы.
III кезең – гигиеналық медицина тәжірибелерінің қорытындысы. Ауру
түрлерінің алдын алу мүмкіндіктеріне байланысты әлеуметтік, гигиенелық,
психологиялық деңгейде денсаулықты сақтау және нығайту іс-әрекеттері
жүйесін жасау жөніндегі ғылыми түсініктер дамиды.
IV кезең - саналогия ілімінің дамуы. Организмнің ауру түрлеріне қарсы
күресудегі мүмкіндіктері мен күресу тәсілдері анықталады.
V кезең – салауаттану – дені сау адамның денсаулығын сақтаудың, нығайтудың
заңдылықтарын, тәсілдері мен тетіктерін зерттеу жөніндегі ғылым. Кезінде
Әбу Әли Ибн-Сина (980-1037ж.) өзінің “Дәрігерлік ғылым ережелері”
еңбегінде, ұзақ өмір сүрудің тиімді жолы, ауруды емдеу жолы емес,
денсаулықты сақтау мен нығайту екенін атап көрсеткен болатын.
Алайда медицинада дені сау адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайтуды
емес, көп жағдайда ауруды емдеуге, сауықтыруға көңіл бөлінді.
XX ғасырда туындаған экологиялық қолайсыздық, тиімді өндірістік
технологияның дамуы, жұмыссыздықтың көбеюі немесе әлеуметтік теңсіздік,
тағы басқа нысандық факторлар адамның түрлі психикалық адамгершілік –рухани
және тағы басқа күйлерінің тепе-теңдігінің бұзылуына себепші болды.
Адамның өмір салтынан туындайтын осы себептерге байланысты қоғамда адам
өлімі, психикалық күйзелістер, ауру түрлері жоғары көрсеткішке жетті.
Медицинаның әлеуметтік, гигиеналық, психологиялық,
психопрофилактикалық бағыттарында жүргізілген зерттеу жұмыстарының
нәтижесі өркениет дәуіріндегі адамдардың денсаулығының нашарлау
себептерін анықтап, психогенді және психосоматикалық аурулардың
(гипертония, қан тасуы, асқазан жарасы, жүрек ауруларының) алдын алуда
адам организмінің түрлі аулуларға қарсы тұруының ішкі мүмкіндігін
жетілдіру жағдайын зерттеу мәселесін алға қояды.
Осы бағытта С.М.Павленконың адам организмінің гоместаздық күйін
сақтау және кездейсоқ тітіркендіргіштер әсерінен физиологиялық қызметінің
бір түрінің (қанайналым, тынысалу, температураның қалыптылығы және тағы
басқа) бұзылған жағдайында оны қалпына келтіру тетіктерінің заңдылығын
зерттейтін – “санология” ілімі дамыды. Бірақ адам денсаулығын сақтауда, оны
нығайтуда, ауру түрлерін алдын алуда санология ілімінің ғылыми негіз бола
алатынын дәлелдей отырып, И.И.Брехман “салауаттану” ғылымының негізін
ұсынған болатын. Ол “санология” ұғымының мазмұнын аша отырып, оның
денсаулық жөніндегі ғылым емес, сауықтыру жөніндегі ілім екенін және
келешекте ол жаңа ғылым – салауаттанудың маңызды салаларының бірі ретінде
(клиникалық салауаттану) жаңа бағытта дамуы керектігі жөніндегі пікірін
дәлелдеді.Г.А.Апанасенко салауаттанудың жеке қарастырылу құқығын сараптай
отырып, гигиена мен медициналық салауаттануды жеке екі түрлі ғылым
ретіндегі ерекшеліктерін көрсетеді. Олардың зерттеу нысандары мен
пәндерінің, мақсаттарының әсер ету деңгейлерінің, практикалық
маңыздылықтарын, әдіснамалық негіздерінің айырмашылықтарын ажыратып берді.
Г.А.Кураевтың, С.К.Сергеевтің, Ю.В.Шленовтың анықтамалары бойынша
салауаттану - сыртқы және ішкі ортаның өзгермелі факторларының әсер етуі
жағдайында, адамның физикалық, биологиялық, психологиялық, әлеуметтік
мәдени дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін және денсаулығын сақтайтын
организмнің гигиеналық және физиологиялық мүмкіндіктері жөніндегі ғылым.
Салауаттану адам денсаулығын сақтауда әлеуметтік қажеттіліктен дамыған.
Оның негізін организмдер жүйесінің динамикалық мүмкіндіктері және тұтас
организм жөніндегі түсініктер құрайды. Салауаттанудың міндетіне адам
организмнің жүйелерінің қызметін, оның жеке физиологиялық ерекшеліктерін
ескере отыру негізінде сақтау және үйлестіру жатады.
А.А.Семенов салауаттанудың басқа ғылымдардың бір саласы ретінде қаралуының
себебін, оның өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіреді. Ол ерекшеліктерге:
- салауаттанудың бірнеше ғылымдардың түйіскен жерінде пайда болуын;
- салауаттанудың денсаулықты сақтау және нығайту аясындағы кез-келген
ғылымның жетістіктерін губка секілді өзіне сіңіру қасиеттерін жатқызады.
Б. Махамбетованың пікірінше, салауаттану – қоғамның денсаулық жағдайын
игере алмауына, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін денсаулықтың
сақталуына және нығаюына қолданбауынан дүниеге келіп отыр.
Е. Е. Лунина салауаттану жөніндегі ғылыми еңбектерді сараптай отырып, оны
медициналық және педагогикаға жіктесе, Е. И. Вайнер салауаттануды қазіргі
даму сатысында сараптай отырып, оның жалпы медициналық, педагогикалық, жас
ерекшелігі, диференциалды, кәсіби, арнайы отбасылық, экологиялық,
әлеуметтік бағыттарын ажыратады.
Салауаттанудың негізгі сатысы тұлғаның даму үрдісіндегі жеке денсаулығы мен
денсаулық мәдениетін тәрбиелеуге қатысты. Сондықтан ғалымдар медициналық
және педагогикалық салауаттану арасындағы стратегиялық және тактикалық
айырмашылықтары негізінде түсіндіруге көбірек ден қояды. Н. Мырзаханұлының
пікірі бойынша педагогикалық салауаттанудың зерттеу нысаны – дені сау адам,
дені сау ұжым болса, медициналық салауаттануда болмысы – “үшінші
жағдаяттағы” адамдар. Үшінші жағдаяттағы адамдар – бұл не ауру, не сау
еместер.
“Салауаттану” ғылымының мазмұнына берілген түсініктемелерді талдай отырып,
салауаттану – адам денсаулығын, орны сақтау мен нығайту жолдары жөніндегі
ғылымаралық бағыт деп түсінеміз. Оның неізгі міндеті – салауатты өмір
салтын қалыптастырудың мәнін ашу мен оны қалыптастырудың барлық
заңдылықтарын зерттеу. Т. Қ. Мұстафина сөзімен айтқанда, “салауаттану –
денсаулықты басқыру ғылымы”. Салауаттану – медицина, экология, биология,
әлеуметтану, педагогика, психология, физиология, гигиена ғылымдарының
ортасынан шығатын денсаулықты қалай басқарудың заңдылықтарын, әдіс-
тәсілдерін нұсқаушы ғылым.
Осылардың ең маңыздысы ретінде жас ұрпақты салауатты өмір салты рухында
тәрбиелеудің нақты іс-шараларын ұйымдастыруды қосады. Сондықтан,
денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту жолдарын нұсқау арқылы, жас
ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу педагогикалық салауаттанудың
міндетіне жүктеледі.
Е.Е.Лунина педагогикалық салауаттануды салауатты өмір салтын
қалыптастыруға бағытталған білім беру үрдісінің субъектілерінің біріккен
іс-әрекетінің жүйесі деп анықтайды.
Э.И.Вайнер “педагогикалық салауаттану дамуының түрлі жас ерекшелігі
кезеңдеріндегі денсаулыққа және салауатты өмір салтына орнықты өмірлік
мақсат тұрғысынан қарайтын адамды оқыту мен тәрбиелеу мәселесін зерттейді”
деп анықтама береді.
Педагогикалық салауаттану бағытында бүгінгі таңда көптеген ғалымдар мен
зерттеушілер жұмыс жүргізуде, мысалы ТМД елдері бойынша:
- негізгі мектептер оқушылардың салауатты өмір салты ұғымдарын
қалыптастыруы (А.П.Голобародка және тағы басқа);
- салауаттану бойынша білім бағдарламаларын жасау (Г.К. Зайцев,
Н.Б.Колбанов, М.Г.Колесникова және тағы басқа);
- педагогикалық іс-әрекет стратегиясының салауаттанулық негізін анықтау
(Н.Б.Закарович және тағы басқа);
- физикалық және рухани салауатты тұлғаны қалыптастырудың шарты ретінде
мектепте салауаттанулық қызмет жүйесін ұйымдастыру мәселесі
(Л.А.Каратаева және тағы басқа);
- мектепке дейінгі ересек балалардың салауаттанулық тәрбиесінің
педагогикалық негізін анықтау (С.А.Корочкина және тағы басқа);
- қазіргі таңдағы мектеп оқушыларының салауаттанулық көзқарасын
қалыптастыру (В.В.Кожанов және тағы басқа);
- сыныптарда биологияны оқытуда салауаттанулық біліктіліктері мен
іскерліктерді қалыптастыру мүмкіндіктері (О.Колоиц және тағы басқа);
- жаңа типті білім беру мекемелерінде оқушылар тұлғасының салауаттанулық
тәрбиесінің теориясы мен практикасы Н.Н.Волков және тағы басқа көптеген
ғалымдардың өз зерттеулеріне негіз болды.
Салауатты өмір салтын үздіксіз қалыптастыру ұлттық білім беру жүйесі
үлгісінің құрылымына сәйкес жүзеге асырылады. Осы негізде Қазақстандағы
педагогикалық салауаттанудың бағыттарын анықтауға болады:
- психологиялық-медициналық-педагогик алық қызметтер;
- балалар денсаулығын сауықтыру орталықтары және денсаулық мектептері;
- кешенді сауықтыру бағдарламалары;
- салауаттанулық білім беру бағдарламаларын, оқу әдістемелік кешендерін
әзірлеу және оларды іс-тәжірибеге ендіру.
1.2. Салауаттану пәнін оқытудың ғылыми аспектілері.
Адам туралы ғылымның жаңа бағыттарының бірі – салауаттану, бұл
“денсаулық” деген мағынаны білдіреді. Сондықтан салауаттанудың негізгі
зерттеу нысаны – адамның денсаулығы. Салауаттану кіріктірілген ғылым
болғандықтан, ол физиология, психология, биология, медицина, педагогика,
экология және тағы басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Бұл ғылымның негізін
салушы И. И. Брехман “денсаулық” ұғымына жаңаша мән берді.
Барлық ғылым сияқты салауаттанудың өзіндік даму жолы бар.
Салауаттанудың даму тарихы ежелден басталады, әрі ол медицинамен тығыз
байланысты. Денсаулықты сақтау жөніндегі көптеген мәліметтер бізге Жердің
түкпір-түкпірінен жинақталған қолжазба, сурет, әдет-ғұрып, философиялық,
діни және көптеген ғылыми мектептердің ізденуі арқылы жетті.
Салауаттану ғылымын қалыптастыруда үлкен рөл атқарған клиникалық медицина,
физиологтар, гигиенистер және басқа ғылым салаларының мамандары, олар
салауаттанудың ғылыми тұжырымдамасын құруға өз үлесін қосты.
Қоғам дамуының барлық кезеңдеріндегі адамның аурумен күресуі емдеу
амалдарын ізденумен, халықтық және ғылыми медицинаның дамуымен сипатталады.
Қазіргі клиникалық медицина негізінен аурулардың себептерін айқындауға және
емдеу амалдарына көбірек көңіл бөлуде. Егер медицина тек ауруларды емдеу
жолдарымен ғана айналысса, салауаттанудың негізгі мақсаты – денсаулықты
сақтау мен нығайту – салауаттанудың алдын алу, яғни ауруды болдырмайтын
дене күйін қалыптастыру.
Сондықтан салауаттанудың негізгі міндеті – денсаулықты зерттеу,
әртүрлі ауытқуларды, мүшелердің қызметі бұзылғанын ерте анықтап, салауатты
өмір сүруді қалыптастыру арқылы дер кезінде аурудың алдын алу. Сонымен,
салауаттану – адамның денсаулығын сақтау мен оны нығайту туралы ғылым.
Кейде оны сау адамдардың денсаулығы туралы ғылым деп те атайды. Бірақ бұл
дұрыс емес, себебі науқастарда да денсаулығын сақтауға үйретуге тиіс.
Салауаттану термині қазір барлығына мәлім, бірақ көп адамдар әлі
оның мақсаты мен міндеттерін, дамуын, ғылыми жетістіктерін біле бермейді.
Алайда қазіргі уақытта салауаттанудың міндеті мен мақсатын көпшілік қауымға
түсіндірудің қажеттілігі туындап отыр.
Профессор Г. К. Зайцевтің тұжырымдауы бойынша “салауаттану – бұл
адамның денсаулығын салауатты өмір сүру арқылы сақтап қалу”. Салауаттану –
салауатты өмір сүруді қалыптастырудың ғылыми негізі.
Салауаттану санитарлық және гигиеналық тәрбиеден тұрады, себебі ол адамды
өз денсаулығын сақтауға үйретеді, әрі ол денсаулықты сақтаудың құралы.
Зерттеу барысында салауаттану ғылымында әлі де шешілмеген мәселелер
бар екені айқындалды. “Баршаның денсаулығы” тақырыбындағы бүкіл әлемдік
денсаулық сақтау бағдарламасы бойынша денсаулықты сақтау туралы сұрақтарға
жауапты тек адамдардың өмір сүретін ортасынан (отбасы, мектеп, мекеме)
іздеу қажет деп түсіндіреді.
Қазіргі уақытта мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының көбінің
жекеменшікке өтуіне байланысты денсаулыққа жаңа көзқарас қалыптастырған
жөн. Сондықтан денсаулықты сақтауға көпшілікті, әсіресе өскелең ұрпақты
үйретудің жаңа жүйесін қалыптастырудың мәні үлкен. Мұндай тәсіл
салауаттанудан білім беруді әдіснамалық және әдістемелік қамтудың қазіргі
уақытқа сай болуын қажет етеді.
Қазіргі уақытта мектептерде вариативті оқытудың бір түрі ретінде
“Салауаттану” курсы енгізіліп отыр. Бірақ көпшілік жағдайда бұл пәнді
мамандығы жоқ мұғалімдер беруде. Бұдан денсаулық сақтаудың “зиян келтірме”
деген негізгі қағидасы бұзылады. Сондықтан салауаттанудан тек сертификаты
бар немесе биология пәнінің мұғалімдері ғана сабақ беруі керек. Сонымен
бірге мектептерде байқаудан өтпеген, республикалық оқу-әдістемелік кеңесте
бекітілген көптеген оқу-әдістемелік құралдарды пайдалануға тыйым салынуы
қажет.
Сауалнама жүргізудің нәтижесінде көптеген мұғалімдер, ата-аналар,
оқушылар “Салауаттану” пәнін таңдап алады. Олар бұл пән денсаулықты
сақтауда өте қажет деп түсінеді. Бірақ қозғалу белсенділігі, тиімді
тамақтану немесе психологиялық, кикілжіңді болдырмау, өзін өзі реттеу
сияқты тақырыптар тек салауаттану мәселелерінің бір ғана жолы болып
табылады. Ал салауаттануды дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру
үшін жаңа критерийлерді, ұғымдарды, негізгі тәсілдерді айқындаудың
қажеттілігі туындап отыр. Сондай-ақ денсаулықты сақтаудың жаңа
критерийлерін анықтау мұғалімдермен бірге дәрігерлер, психологтер,
гигиенистер және физиологтер қатысуы қажет. Әрине, мұнда жаңа
технологияларды, интербелсенді әдістерді, әсіресе тіршілікке қажетті
мәселелер бойынша жаңа әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдалану, яғни салауаттану
аспектілерін кешенді түрде шешу керек.
Салауаттануды тек шартты түрде медициналық және педагогикалық деп
бөледі. Салауаттануды оқытуда педагогикалық бағыттың маңызы зор. Оқушылар
өз денсаулығын сақтау және қорғау жолдарын білуі керек. Салауаттану
ғылымының дамуы, сонымен бірге салауатты өмір салтын қалыптастыру
мемлекеттік бағдар болып, ұлттың генофондын сақтап қалуға, адамгершілік,
дене, психикалық және ұрпақ денсаулығын сақтап қалуға бағытталады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру денсаулықты сақтау және
тіршілікке бейімделу арқылы қамтамасыз етеді. Мұғалім балаға қажетті
түрткіні қалыптастыруға көмектеседі. Ол адамның жеке қажеттілігі және
білімді меңгеруі арқылы жүзеге асады.
Мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен еңбегі арқылы салауатты өмір
салтының үлгісін құруға болады. Оған ата-аналар, мұғалімдер, ғылым, спорт,
өнер және мәдениет қайраткерлерінің өмірінің үлгісі мысал бола алады.
Өкінішке орай, қоғамда көбінесе денсаулық мәдениетінің төмендегені
байқалады, оған тәрбиеге жағымсыз, рухани жағынан төмен бұқаралық-ақпарат
құралдарының өнімдері әсер етеді. Осыдан мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы
білім беретін мектептерде, кәсіптік және жоғары оқу орындарында салауаттану
сабақтарын өткізу өзекті мәселеге айналуда.
Адам денсаулығын сақтау және нығайту жөнінде, оны қалыптастырудың
әдістері мен жолдары туралы жеке ғылымның қажеттілігі туындап отыр. Бірақ
атам заманнан белгілі болып келе жатқан салауатты өмір салтын қалыптастыру
жөнінде жиналған мәліметтердің ғылыми болжамы жасалмады, ол тек эмпирикалық
сипатта болып келеді.
Салауаттанудың зерттеу нысаны денсаулық болғандықтар, денсаулыққа
сипаттама берейік. Бұл ұғымсыз медицина да, салауаттану да ғылым ретінде
қалыптаса алмайды. Ғалымдардың денсаулыққа берген бірнеше сипаттамалары
бар. Олардың саны қазір 600-ге жетіп отыр. Бүкілодақтық денсаулық сақтау
ұйымының денсаулыққа берген сипаттамасы қазіргі жағдайда ескіріп қалды,
яғни оны толық аша алмайды.
Профессор А.А.Остроумовтың айтуынша “денсаулық дегеніміз бұл
организм күштері мен қоршаған ортаның арасындағы тепе-теңдік күйі”. Кіші
медициналық энциклопедияда денсаулыққа берген сипаттама мынадай: “денсаулық
дегеніміз организмнің табиғи күй, яғни қалыпты, өзін-өзі реттей алатын,
барлық мүшелер жүйесі үйлесімді қызмет атқаратын қоршаған ортамен
динамикалық тепе-теңдікте болатын күй”.
Ал патофизиологтердің айтуы бойынша “денсаулық дегеніміз әртүрлі
қоғамдық және еңбек әрекетіне толық қатыса алатын болмыс”.
Профессор В.П.Казначеев денсаулықты “физиологиялық, биологиялық даму,
сақтану үрдісі және адамның өмір сүруіндегі әлеуметтік белсенділігі” деп
таниды.
Профессор А. Г. Шедрина “Денсаулық өлшемі” тақырыбындағы
әдістемесінде денсаулыққа мынадай тұжырымдама береді: “Денсаулық дегеніміз
бүтін, көп бағытты динамикалық күй, ол әлеуметтік және экономикалық орта
жағдайларында генетикалық потенциалды жұмсау нәтижесінде дамиды, адамның
биологиялық және әлеуметтік қызметін қамтамасыз етеді”.
Сонымен, көптеген авторлардың пікірлерін тұжырымдай келе профессор
В.В.Колбанов: “адамның денсаулығы дегеніміз - тіршіліктің табиғи
жағдайының үздіксіз реттелуі ол организмнің өздігінен және реттелу
қабілеттілігімен сипатталады. Гомеостазды қамтамасыз ету, психикалық және
соматикалық мәртебені жетілдіру барысын, мүшелер мен мүшелер жүйесінің
өзара үйлесімдік қызметі нәтижесінде қоршаған ортаға бейімделу, биологиялық
және әлеуметтік қызмет атқару үшін қосымша және компенсаторлық
механизмдерді пайдалану нәтижесінде жүзеге асады. Осы аталған белгілердің
бірінің болмауы денсаулықтың жартылай немесе толық бұзылғанын білдіреді.
Денсаулықтың толық болмауы өмір сүруге қайшы келеді”, - дейді. Бұл тұжырым
денсаулыққа толық сипаттама береді.
Қазіргі жағдайда адамның дамуын оның денсаулығынан тыс қарастыруға
болмайды. Денсаулық сақтаудың тек диагностикаға және ауруларды емдеуге
негізделуі индивидуумның денсаулығын сақтауға мүмкіндік бермейді, ол
адамның өз денсаулығына селқос қарауды қалыптастырады. Ешқандай медицина
адамның өз денсаулығы туралы білімін толықтыра алмайды, себебі ауырғаннан
гөрі ауруды болдырмау жеңілірек.
Егер білімнің мақсаты – адамның дамуы болса, онда мектепте білім
берудің негізгі бағытының бірі – оқушыларды денсаулықты сақтауға, бағалауға
және салауатты өмір салтын қалыптастыруға үйрету болып табылады.
Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыру әр
мұғалімнің міндеті болуы қажет. Көптеген мектептерде салауаттануға арналған
кабинеттер ашылып, онда көрнекілік құралдары, денсаулық жөніндегі
әдебиеттер, техникалық құралдар жинақталған. Бұндай сынып кабинеттерінің
болуы оқушылардың білімін арттырады.
Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін аудан көлемінде
әдіскерлер болуы қажет. Олар мұғалімдерге, мектептерге қажетті әдістемелік
кеңес беріп, жинақталған тәжірибелерді таратып, жаңа технологиялармен
таныстырады (өмірге қажетті дағдылар, оқытудың интерактивті тәсілдері, тағы
басқалар).
Бұрын педагогикалық институттарда студенттер арнайы медициналық
курстан өтетін. Курстан өткен соң медбике атағына ие болатын. Өкінішке орай
оңғы кезде ол жойылды.
Қазіргі уақытта мектепте оқытылатын пәндер қатарына салауаттануды
енгізу қажеттілігі туындап отыр.
Ел Президентінің “Қазақстан – 2030” Жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдықтың
бірінде - “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты”
тармағында “азаматтарының өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды
қоршаған табиғи ортаны таза ұстауға тәрбиелеу үшін” салауатты өмір салтын
қалыптастыру қажеттігі көрсетілген. Сондықтан елімізде салауатты өмір
салтының пайдасына пәрменді білім беретін және ақпаратты науқан үдетіле
түсуі қажет.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылы 30 маусымдағы №905
Қаулысының “Салауатты өмір салтының кешенді бағдарламасы туралы”, 4.3.
тарауында:
- салауаттану пәнін оқытуды базистік оқу жоспарына енгізу;
- салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі мақсатты бағдарламаларды
мектепке дейінгі, мектептер оқу үрдісіне енгізу, жете зерттеу қажет
делінген.
Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің
1998 жылғы желтоқсанның 24-сіндегі республикалық жалпы білім беретін
мектептерге “Салауаттану – денсаулықты сақтау” оқу бағдарламасын енгізу
туралы №572 бұйрығы жарық көрді.
Осы бұйрықтардың нәтижесінде “Салауаттану” пәні мектептердің оқу
жоспарларының вариативті бөлімінен орын алады. Мектепке дейінгі және жалпы
білім беретін мектептердің 85 пайызы салауаттану сабақтарын жүргізеді, ал
орта және жоғары оқу орындарының 55-64 пайызында салауаттану сабақтары
өтіледі.
1998 – 2001 жылы жүргізілген екінші ұлттық зерттеулер бойынша осы
салауаттану сабақтарын өткізу нәтижесінде шылым шегу 11 – 14 жастағы
балалар арасында 6 пайызға, 15 – 17 жастар арасында 10,0 пайызға, 18 – 19
жас арасында – 6 пайызға төмендеген. Сонымен бірге балалар арасында ішектің
жұқпалы ауруларының, суық тию ауруларының азаюы байқалады. Сондай-ақ
оқушылардың зиянды заттарға әуестігінің төмендегені, рухани денсаулығының
жоғарылауы байқалады. Сондықтан, салауаттану білімі өскелең ұрпақтың
салауатты өмір салтын қалыптатырудың дағдылары мен түрткіні тудыруға
көмектеседі, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, әр баланың өз
денсаулығын қорғауға және кикілжіңді болдырмауға үйретеді. Салауаттану
сабақтарында оқушылар өз денсаулығын бағалай білуге, денсаулық деңгейін
анықтауды үйренеді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үрдісі тек кішкене топтарға
таралатын қысқа науқан ғана емес, оны кең ауқымда қоғамдық құбылыс ретінде
қарастыру керек екенін әр мұғалім ойында сақтауы тиіс.
Салауаттану туралы білім нәтижелерін болжап, денсаулықты тез арада дамытады
деген ұғым қалыптаспау керек. Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ
үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың
бірі. Ол оқушылардың өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір
дәрежеде арттырады. Академик Н.М.Амосов айтқандай: “Денсаулығың мықты болуы
үшін өзіңнің күшің болуы қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға болмайды”.
Профессор В.В.Колбановтың айтуы бойынша салауаттану білімі “денсаулық білім
алу үшін, ал білім денсаулықты сақтау үшін” сөзіне негізделу керек дейді.
Жасөспірімдердің денсаулық туралы білім деңгейін көтеруде, оқушылардың
денсаулығын сақтап, нығайтуда, жастардың рухани мәдениетін көтеруде елеулі
табыстарға қол жеткізу үшін салауатты өмір салтын қалыптастыруды түбірлі
өзгертіп, білім беру ұйымдарының оқу жоспарына салауаттану негіздерін
енгізу керек.Салауаттану пәнін оқытудың ғылыми аспектілерімен сандық және
сапалық көрсеткіштері.
Салауаттану - адамның денсаулығы және оны сақтау туралы ғылым.
Салауаттану ғылымы денсаулықты физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік
тұрғыдан қарастырғандықтан, денсаулықты сақтау және нығайту әдістері
жөніндегі гигиеналық ережелерді қорытып шығарады. Салауаттану жеке тұлғалық
және қоғамдық болып жіктеледі.жеке тұлғалық салауаттану – төменгі негізгі
аспектілер бойынша адамның гигиеналық білімдері мен денсаулығыннығайту
жөніндегі дағдылар кешенін қамтиды:
А) жеке гигиена – денені, киімді, тұратын үйін, тамақ өнімдерін, суды
таза ұстаудың санитарлық-гигиеналық ережелерін, жұмыс орнының жарық болуын,
желдетіліп тұру режимін, мектептегі температуралық режимді, партада дұрыс
отыруды қарастырады.
Б) қозғалыс белсенділігі – таңертеңгі гимнастиканы міндетті түрде
өткізуді, физикалық жаттығуларды жүйелі орындауды, спорттық және қимылдық
ойындармен айналыысуды, жүзуді жүгіруді тағы басқаларды ойластырады.
В) шынығу – организмді су, күн, ауа сияқты табиғи факторлармен
шынықтыру шараларын, организмнің суыққа, түрлі ауруларға төзімділігін,
қарсы тура алу қабілетін арттыратын әртүрлі әдістер мен тәсілдерді
орындауын қарастырады.
Г) психо гигиена мен психопрофилактика – бұл психоэмоционалдық
денсаулықты нығайтуға арналған шаралар кешені. Яғни эмоционалдық ширығуды
жоюға көмектесетін психофизикалық жаттығулар кешенін (аутотренингтер) білуі
және орындай алуы. Құрбылар арасында, үйде, отбасында және қоршаған
адамдармен мейірімді қарым-қатынастар орнатып, келіспеушілікті, ашу-ызаны
болдырмау.
Д) дұрыс тамақтану - денсаулық үшін тиімді тамақтану маңызды, яғни
тағам калорялы және әртүрлі болуы керек. Тамақтану рационына барлқ негізгі
тамақ өнімдері қамтылуы тиіс: ет (белок), өсімдік және жануар текті майлар,
көмірсулар, жемістер, көкөністер, таза су. Тамақтану режимін сақтау, яғни
күніне 4-5 рет белгілі сағатта тамақтану қажет. Тамақты мөлшерден артық
ішпеу және тұзды, тәтті тағамдарды көп жемеу керек.
Е) жұқпалы аурулардың алдын алу – санитарлық - гигиеналық талаптар
мен ережелерді сақтау. Жеке гигиена ережелерін қатаң орындау, егу
жұмыстарын уақытында жүргізу. Жұқпалы ауруы бар адамдармен қарым- қатынас
жасаған кезде гигиена ережелерін сақтау, ауру жануарлар мен құстарға
жоламау. Жұқпалы аурулардан сақтандыратын алдын ала егу жұмыстарын
уақытында жүргізу.
Қоғамдық салауаттану – адам денсаулығын қорғау мен нығайту жөніндегі
дәрігерлік және әлеуметтік – экономикалық мәселелер шешімін қамтитын
шаралар кіреді.
Қоғамдық салауаттанудың төмендегідей білімдері бар:
Медициналық салауаттану – отбасындағы, үйдегі мектептегі, еңбек
ұжымындағы, қоғамдық орындардағы гигиена және жеке гигиена ережелерін
зерттейді. Қоршаған ортадағы ауа, су, топырақ тағы басқасанитарлық-
гигиеналық талаптарға сай болуын қадағалайды. Қоршаған ортаға уландырғыш
заттардың мөлшерден тыс жіберілмеуін бақылайды. Сондай-ақ ауыз суды
уландырмауды, ауру тудырғыш микроорганизмдермен ластанбауды, ауыл
шаруашылық өнімдерінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz